«Астана Операны?» бас сахнасыны? к?лемі 935 шаршы метр, ені 21 метр, ал тере?дігі 59 метрді ??райды. Ал Ослода?ы опералы? театрды? ?лкен сахнасыны? ені неб?рі 19 шаршы метр, ал тере?дігі 40 метр дейді.
Астанада?ы жа?а театрды? ?осымша екі б?йірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «?алта» деп аталатын б?л сахналар ?ажет кезде дайын декорацияларымен жылжи ж?неледі. С?йтіп ?ойылымдар цикліні? ?здіксіздігін ?амтамасыз етеді. Осыны? ар?асында «Астана Операда» е? к?рделі спектаклдерді сахналау?а м?мкіндігі мол.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Астана опера» театры»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Музыкамен сәлемдесу.-Саламатсыз ба,ұстазымыз,
Өнер,білімге біз құштармыз.
- Саламатсыңдар ма балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Олар сендердің білімдеріңді,еңбекқорлықтарыңды және шығармашылық жұмыстарыңды бағаламақшы.Ендеше бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп,көңіл күйімізді көтерейікші. Ол үшін жанымыздағы досымыздың қолынан ұстап,жыл бойы тойланатын Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап сәттілік тілейік! («Сәттілік» тренингі )
- Қуанамын мен де,( өзін көрсетеді)
- Қуанасың , сен де. (досын көрсетеді)
- Қуанайық, достарым (бір-бірінің қолын ұстайды)
- Арайлап атқан күнге (қолдарын жоғары көтереді) Рахмет!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әйгілі Вена опера театры, Ә.Бейсеуовтың «Ақ мамам» әнін жатқа айту.
Алдымен дауыс жаттығуын жасайық. C-dur дыбыс қатары бойынша дыбыстарды үш үнділікпен, стаккатомен, лигамен айту.
«Ақ мамам»әнін жатқа сұрау
Бүгінгі сабақта біз 4 топқа бөлінеміз.Ол үшін мына кәрзеңкеден скрипка кілтін және ноталарды аламыз. Скрипка кілтін алған оқушылар 1 топ-Вена опера театры. «До»нотасын алғандар 2 топ-Ла Скала опера театры, «Ми»нотасын алғандар 3 топ-Орыстың Үлкен театры, «Соль»нотасын алғандар-Метрополитен опера театры. Сол бойынша постер қорғайсыңдар.
4 топқа осы театрлардың тарихын зерттеуге шығармашылық жұмыс берілген
1 топ. Вена опера театры.Сұрақ:
1.Вена опера театрында жыл сайын қандай мереке
өтіледі,оған кімдер қатысады?
2 топ «Ла Скала» театры.
Сұрақ:
1.Театр қай жылы құрылды?
2. Партер деген не?
3. «Ла Скала»театының әйгілі әншісі кім?
3 топ. Орытың Үлкен театры.
Сұрақ:
1.Театр қай жылы салынды?
2.Театрда қойылған ең алғашқы опера.
3.П.И.Чайковскийдің операсы.
4топ. Метрополитен опера театры.
Сұрақ: 1. Метрополитен опера театры несімен
ерекшеленеді?
2. Театр қай елде орналасқан?
3. Театр қойылымын қайдан көруге болады?
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Енді саяхатымызды жалғастырамыз. Театрға саяхат жасамас бұрын өткен сабағымызды қорытындылайық. Алдырыңда театр билеттері жатыр. Әр топтан оқушы шығып артындағы сұрақтарға жауап беріп, келсі театрға кіруге рұқсат алады..
Мақсаты: «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрымен таныстыру. Театр залына саяхат жасау. Өнер әлеміне қызығушылығын арттыру.
Театр туралы айтпас бұрын алдымен театр ережесін айтып жіберейік
Біз оқушыларға театр туралы зерттеп хабарлама жазуды тапсырғанбыз. Астана театрының тарихын зерттеп жазып келген журналисіміз бізге осы жөнінде мәлімет берсін (оқушы сөзі).
Мұғалім сөзі: - «Астана опера» театры өздерің суретте көріп отырғандай (слайд ) Орта Азиядағы ең үлкен театр болып саналады. Әрбір театр сәулет өнерінің ең үздік үлгісі болып саналады.
«Астана Опера» - жиырма бірінші ғасырда салынған бірінші опера театры. Ол Орталық Азиядағы ең үлкен театр болып табылады. Ол-театр өнерінің тарихына сай салынған сәулетті ғимарат. «Астана Опера» - ежелгі грек театрларының негізіне сүйенген әрі заманауи техникамен жабдықталған аса әсем ғимарат және түрлі қойылымға лайықталған құрылғыларымен таңғалдырады.
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі 935 шаршы метр, ені 21 метр, ал тереңдігі 59 метрді құрайды. Ал Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небәрі 19 шаршы метр, ал тереңдігі 40 метр дейді.
Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді . Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектаклдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
Сахна астында 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей» яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналаскан. Осының бәрі «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады
Сегіту сәті.
V.Ән үйрету.
«Қазақстаным менің»
1. Әлемге аян елдігі,
Ұлдары батыр сезілген.
Алтын заңымен көркейер,
Егемен елдің ертеңі.
Қайырмасы:
Думанга толы айналам,
Бағыңда бұлбұл сайраған.
Жомарт қой дархан бай далам,
Қазақстаным менің!
Тура жолды өзі таңдаған,
Арманды алға жалғаған.
Арманы биік самғаған,
Қазақстаным менің!
2. Осынау елде бақ табам,
Осынау елде шаттанам.
Мерейін елдің арттырған
Астанам менің асқақ ән!
Қайырмасы:
Жаңа сабақты пысықтау.
Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру
«Астана Опера» театры кашан бой көтерді?
Театрдың қандай ерекшеліктері бар?
Театр кімнің атында?
Ең алғашқы койылған опера.
Операдағы қандай басты элементтерді білесің?
«Астана Опера» театрының бас сахнасы неше шаршы метр?
VII Үйге тапсырма:
1.«Астана Опера» театры туралы мәліметтер жазып келу.
2. «Қазақстаным менің» әнін жаттап келу
VIII.Бағалау.
Қолдарыңда гүл бойынша бағалаймыз. Қызыл гүл - 5, жасыл гүл - 4, сары гүл - 3тік баға.
Рефлекция.
Театрда өнер көрсеткен өнер адамдарына қалай құрмет көрсетеміз? (шапалақтау, гүл шоғын ұсыну )
Ендеше, өзіміз саяхат жасаған «Астана Опера» театрына алдарыңдағы алақандарға, гүл шоқтарына өз тілектеріңді, сабақ туралы алған әсерлеріңді жазыңдар. Алдағы уақытта нені тамашалағыларың келеді?
Бәріміз орнымыздан тұрамыз:
Үлкенге де біз,
Кішіге де сіз,
Әдеппенен бас иіп,
Сау бол, дейміз біз!
Тақырыбы: «Астана Опера» театры
Мақсаты : Қазақстандағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрымен таныстыру.
а) білімділік: «Астана Опера» театрының шығу тарихымен және ерекшелігімен таныстыру. Театр залдарына саяхат жасау
ә) дамытушылық: оқушының ән айту, музыка тыңдау қабілеттерін дамытып, өнерге қызығушылығын арттыру, ойларын жүйелі айтуға, музыкалық шығарманы тыңдап баға беруге қалыптастыру, танымдық іс-әрекетін дамыту.
б) тәрбиелік: оқушыларды өнер әлеміне жетелеп, қызығушылығын ояту.Театр мәдениетін есте сақтауға тәрбиелеу.Эстетикалық мәдени құндылықтарын сіңіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс,постер қорғау.