Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? « Нота – негізгі ?уен »»
Сабақтың тақырыбы: Нота негізгі әуен.
Сабақтың мақсаты: оқушыны әдемі әуендерді тыңдауға, сезінуге баулу Нота желісіндегі дыбыстарды таза орындауға үйрету. Жас өспірім бойында әнге , өнерге леген қызығушылықты тудырып , көркемдік – эстетикалық тәрбие беру.
Сабақта қолданылатын құралдар: баян, үнтаспа , оқулық , ән жазылған қағаздар.
Сабақ барысы :
I Кіріспе Оқушылар тәжім етіп орналасады. Сұрақ- жауап арқылы өткен тақырыпқа шолу жасайды. Ән мәтінін қайталау жақсы жауаптар бағаланады. Негіэгі ноталарды қайталайды. Гамма домен т.б.
II. Жаңа тақырып. Нота желісі деп бес сызықтың бойына жазылған әндерді айтамыз. Әуенді орындау құлаққа жағымды , әсерлі сазбен айтамыз.Ал дыбыс – сол әуеннің ең кішкене бір бөлігі., сондықтан нота желісіндегі дыбыстардың әуені, нәзік болуы – әуеннің мазмұнына көп әсер етеді. Сазды , әуезді әндерге көбіне лирикалық әндер жатады. Мұндай әндердің әуені сазды , қысқа , өлең шумақтары қос жолдық болып отырады. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған . Лирикалық әндердің ерекшелігі - оның адамның жеке басына байланысты сүйіспеншілік сезімге негізделуі. Лирикалық әндерді айту қиын. Әннің мазмұны бірде ашық айқын , бірде астарлы ойға құрылады. Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінді:
Махаббат лирикасы.
Табиғат лирикасы.
Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан , өте бай. Мысалы « Айттым сәлем Қаламқас » , « Япурай » табиғат көркемдігі және туған жерге деген , жарын сағынған нәзік күйінішті көңіл күй бейнеленген.
Бұл әнлердің лирикалық мазмұнына сай әуен созылмалы , қайырмалары сазды , әсерлі болады.
III. Үнтаспадан лирикалық әндерді тыңдау.
IV. Жаттығулар орындау.
1) Лирикалық әндерді үйрету.
2) « Көзімнің қарасы » әнін үйрену , сөзін жаттату.
3) « Айттым сәлем Қаламқас » әнін жатқа орындау.
V. Семантикалық картамен жұмыс.
VI. Қорытындылау.
Нота желісі дегеніміз не?
Ал дыбыс деп нені атаймыз?
Лирикалық әндер қандай әуендерге жатады?
Лирикалық әндердің ерекшелігі неде?
Олар қандай топтарға бөлінеді?
Қандай лирикалық әндерді білесіңдер?
Бағалау. Ән әуенін таза , нақышына кетлтіріп орындаған оқушылар бағаланады.
Құрианғазының « Сарыарқа » күйінің әуенімен оқушылар қоштасып шығады.