Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту, музыкалық сауаттылығын ашу, есту , есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: үнтаспа, слайдпен жұмыс ,
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі: (1мин)
а) Оқушыны психологиялық тұрғыдан дайындау
2 Дауыс жаттығулары (12 мин)
3.Үй тапсырмасын тексеру.( 7мин)
а) әні,сөзі: «Айна көл » б) Оқушы,ән авторы және әннің мазмұны жайында қысқаша айтып беру
в)Әнге музыкалық-теориялық талдау жасау,
г) әнді оқушы минус аспаптың көмегімен орындау
4.. Жаңа тақырып: 20 мин
«Ана туралы баллада »
а) әнінің шығу тарихы , ерекшеліктері жайлы түсіндіру
б) Әнге музыкалық теориялық талдау жасау.
в)әнді үнтаспадан тыңдату
г)Әнді оқытушының өзі айтып көрсету,
ғ) білім алушы әнді аспаптың көмегімен орындау.
5.Қорытындылау:(5 мин)
а)Сұрақ жауап,
б)Үйге тапсырма беру: Сольмизация әдісін жасау, Бір шумағын, қайырмасын жаттау,
в)білім алушыны бағалау.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу
Оқушыны психологиялық дайындау
Ал енді сабақты дауыс жаттығуларынан бастайық. (Әр түрлі тональносте әр түрлі әуенге дауыс қою ережелерін түсіндіре отырып жаттығулар жасаймыз)
(12 минут дауыс жаттығуларын жасау)
Үй тапсырмасы: «Айна көл» шығарманы жатқа орындау, автор шығармашылығы жайында қысқаша түсінік айту.
Еліміз1991ж тәуелсіздік алғаннан бастап көптеген композиторлар ел тәуелсіздігіне арнап көптеген патриоттық әндер жаза бастады, солардың бірі өзіміздің отандасымыз Кеңес Дүйсекеев. Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Екі жүзден астам әндердің авторы , қазақтың ән өнеріндегі ойып тұрып орын алған есімдердің бірі. Ол эстрадалық әндердің жанрлық кеңеюіне де себепкер болған тұлға. Композитор әндерінің халық жүрегінен орын алуына тікелей септігін тигізген әндерінің 90 пайызына сөз жазған ақын, замандасы Шөмішбай Сариев екенін айтады. оның әндерінің барлығы елге кеңінен таралған жүректен орын алады. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр. Мысалы : «Сәлем саған туған ел», «Арман», «Сол бір кеш», «Домбыра туралы баллада », «Ақ қар », «Достар -ай», «Қарағым-ай », «Махаббат», «Өкінбе сен», «Ғашықтар әні», «Асыл ана » «Айна көл ».Еліне деген сағынышын білдіре отырып , өзінің балалық шағын еске алатын осы бір ән ғана -деп айна көл әнін дүниеге алып келген.
Соның бірі «Айна көл » әні. Әннің тональносы «соль мажор » (Екпін- музыкалық шығармалардың орындалу ерекшелігі, желісі.Екпіндер орындалу жылдамдығына қарай үшке бөлінеді.жай,орташа,жылдам). Әннің мазмұнын қалай түсінетінін білім алушыдан сұрап толықтырған соң , әнді білім алушы аспаптың (минус )көмегімен жатқа орындайды. (қателіктері болса түзетіледі)
Ал, енді бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ана туралы баллада ».
Жалпы «Ана туралы баллада » әннің шығу тарихына тоқталып өтейін ? Бұл ән сонау кездері елімізде тыныштық орнамаған , ер азаматтарымыз соғысқа аттанып, әйел аналардың баласынан, жарынан айрылып, елде жоқшылық, аштық болып, халықтың қиын заманды бастан өткергенін, ауыр қайғы қасірет болғанын еске тусіретін ұмытылмас жан-түршігерлік оқиға.Бұл ән сол отан үшін отқа түскен қандастарымыз бен ананың зарын бейнелейді. Жалпы аналарға арналған ән.
Сөзін жазған:Жақсыгелді Сейілов, әнін жазған Аманжол Шәмкенов.
Аманжол Шәмкенов (1927-2004)1927 жылы павлодар облысында дүниеге келген, ақын, жазушы.Көптеген әндер мен кітаптардың авторы.
Жақсыкелді Уәлиұлы Сейілов (22.04. 1949, казіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас а. - 25.03. 1997, Жезқазған қ.) - әнші-орындаушы, әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990). Ол Қарағанды қаласындағы мүгедек балаларға арналған мектепте оқып, білім алған. 1970 жылдары бұрынғы Жезказған облысында "Қарагөз" және "Жезкиік" ансамблін ұйымдастырып, өзі осы шығармашылық ұжымға арнайы әндер жазумен айналысты. Оның әндері адамның ой-сезімін үлкен әсерге бөлейтін мұңға толы лириқалық әуен-сазымен ерекшеленеді. Бұдан басқа "Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" әндері жүрек сезімін қозғайтын перзенттік борыш пен мейірімділікке, сағынышқа толы музыкалық шығармалар болып табылады. Құс жолындай созылған Жарық-Жез Жүрек түбіне бойлап, көңілінді еріксіз елітетін бір әні – «Ана туралы баллада» еді. Ең алғашқы орындаушысы, әнші Люция Төлешова осы әнді сахнаға алып шыққанда еңіремеген жас-кәрі болмады. Бұл әнді Жақсыгелді 1967 жылы жазған болатын. Әнді жазуына досы, сазгер Болат Есмұхановтың «Сағыныш» атты әні себеп болды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балаң жігіттің анаға деген сағынышы арқау болатын бұл ән «Ана туралы балладаны» дүниеге алып келді. Ән бойынан қазақ аналаларының нағыз портретін көруге болады. Ананың ел басына қатер төнген сәттегі жарын қан майданға шығарып салып, өзі ауылдағы шаңырақты шайқалтпай, берекесін кетірмей, баласын қанаттандырып, жеткізе білген асыл бейнесін осы ән ерекше суреттеді. Ән жалпы қазақ аналарының ана ретіндегі ғана емес, ерлік пен рухқа толы қасиетін көрсетуге жазылған. Ақ сүтінің парызы өтелмейтін, бойы үміт пен жігерге толы Анаға Жақсыгелдінің қойған мәңгілік ескерткіші осы – «Ана туралы баллада».
СЛАЙДПЕН ЖҰМЫС
«Ана туралы баллада» әні: Жақсыгелді Сейілов сөзі: Аманжол Шамкенов
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді. Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айырылған аналардың жүрегі. Қайырмасы: О, аналар, осындайсың бәрің де, Осындайсың жасың-дағы, кәрің де. Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге. 2) Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін, Соғыс бұзды қуанышын, реңін. Тұрды ана күйеуінен айырылып, Тұрды құшып тек қана оның күрегін. Қайырмасы. 3)Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма, Борышты оған небір дарқан, дана да! Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге, Әй, адамдар, жол беріңдер анаға. Қайырмасы. 4)Тағы да үміт, шек қала ма арманға, Өмірге ынтық, ана шөлі қанған ба?! Ана – үміт, ана – жігер, ана – азамат, Одан берік, одан нәзік жан бар ма?
Әнге музыкалық,динамикалық талдау жасау:
Екпіні-жай, мұңды.
Әнде кездесетін динамикалық белгілерін анықтау. (Динамикалық белгі дегеніміз- музыкадағы дыбыстың күшейіп, азаюын динамикалық белгілер дейміз). Әнді оқытушы өзі сөзімен орындап көрсету Үнтаспада әншінің орындауында тыңдату. білім алушы әнді аспаппен (минуспен) орындау
Сабақты қорытындылап жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Әннің мазмұнын айту, не түсінгендігін?
Әнде кездесетін динамикалық белгілерін айту?
Әннің авторы жайында айту.
Әннің екпінінін айту.
Үй тапсырмасы: әннің сөзін жаттау, уйде әуенін маржан арапбаеванын орындауында тыңдау.