kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ту?ан жерім мені? алтын бесігім" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 5 «А»

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ту?ан жерім мені? алтын бесігім"
Т?рбие са?атыны? ма?саты:
              А) Білімділік: Жас ?рпа?ты ?з Отанын с?юге,  ту?ан жеріні? тарихын                білуге, ту?ан  жерін ?астерлей білуге т?рбиелеу;
             ?)  Т?рбиелік: О?ушыларды ?з елін ,жерін ?ор?ап оны ойлай білетін ?лтжанды, патриот сезімі ?яла?ан, ?з ойын  к?ркем толы? жеткізе алатын толы??анды жеке т?л?а ретінде ?алыптастыру;
             Б)  Дамытушылы?:  О?ушыларды  ту?ан жер  тарихын ??ындыра  отырып, елін, жерін, таби?ат байлы?тарын ?ор?ай білуге ?йрету.
Саба? к?рнекіліктері: плакаттар,слайд.

Саба? барысы: 1.?йымдастыру

                             2.Кіріспе

                             3.Негізгі кезе?

                             4.?орытындылау

1.?йымдастыру: о?ушыларды  т?гелдеу,  жа?а  саба??а  назарын  аудару.

2.Кіріспе
      Ж?ргізуші: Кіндік ?аны? тамып, туып-?скен мекені?ді, табаны? тиіп т?р?ан топыра?ты б?рінен арты? к?руге ха?ылысы?. Ту?ан жерді? бір т?йір тасы жатты? ат басындай алтынынан ?ымбат емес пе? Дулы?алы ата-бабаларымыз ке? даласын, ас?ар тауын, сар?ырап а??ан к?к ?зенін ?ор?ап, ма?тан еткен, бізге м?ра?а ?алдыр?ан. ?азіргі тарихи ша?та, т?уелсіздік ке?істігінде к?ндей жар?ырап отаншылды? рух пен ту?ан жерге деген махаббат с?уле шашып т?руы керек. ?р ?аза?станды? ?з еліні? картасына к?з салып, байта? ?лкесін, ту?ан жерін ма?тан т?ту?а тиісті.
       Егеулі найза ?ол?а алып, е?ку-е?ку жер шалып, ел ?ор?а?ан батыр бабаларымыз бен аналарымызды? бізге ?алдыр?ан аманатындай ту?ан елімізді ?ор?ау, ны?айту – б?рімізге парыз.

                  ?н: «Домбыра туралы баллада»

Ж?ргізуші:   С?лу дала! Мені? с?йген еркемсі?
                       Жаным сенен жаратыл?ан ?лкемсі?
                      ?андай жа?сы, ?аза? болып ту?аным
                      О, ту?ан жер! Тамашасы?, к?ркемсі?, – дей келе ашы? т?рбие са?атымызды ары ?арай жал?астыру ?шін орта?а сыныбымызды? о?ушыларын   ша?ыр?ым келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ту?ан жерім мені? алтын бесігім" т?рбие са?аты »

Сыныбы: 5 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған жерім менің алтын бесігім"
Тәрбие сағатының мақсаты:
              А) Білімділік: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,  туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу;
             Ә)  Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын  көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
     Б)  Дамытушылық:  Оқушыларды  туған жер  тарихын ұғындыра  отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.
Сабақ көрнекіліктері: плакаттар,слайд.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Кіріспе

3.Негізгі кезең

4.Қорытындылау

1.Ұйымдастыру: оқушыларды түгелдеу, жаңа сабаққа назарын аудару.

2.Кіріспе
Жүргізуші: Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

Ән: «Домбыра туралы баллада»

Жүргізуші: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырғым келеді.

1-оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
5 оқушы

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

6 оқушы

Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын.


Жүргізуші:

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар дей келе сыныбымыз қыздарын «Шабыс» биімен ортаға шақырамыз.



Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Немересі: Ата, туған жер деген не?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам.

Жүргізуші: Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Би: «Миллион қыз»

Жүргізуші: Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқу озаты Динараны шақырғым келеді.

Динара: Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Маңғыстау өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Бейнеу жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес.

     Сонымен қатар, Бейнеу жері мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені. Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. 
4.Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

5.Пәлен жерде пайда бар,    
өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, 
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

8.Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.

9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Жүргізуші: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. Ортаға «көк тудың желбірегені » әнімен сыныбымыз оқушыларын шақырамыз.


4.Қорытынды.

Тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ:

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?

Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?

Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, кеңседе қағаз кемірген, күйіп – пісіп, көбеп боп, еңбегінің жемісін көрсем – ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ту?ан жерім мені? алтын бесігім" т?рбие са?аты

Автор: Токеева Тойжан Жалгасовна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151456


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства