Қазақ халқының ежелден келе жатқан күйі мен әні өте ерте заманнан әкеден балаға мұра болып келеді. Күй өнері шығу тарихына байланысты көңілдің әсерін жүректің жеткізсе, ән өнері де тіл арқылы халықтың тұрмыс тіршілігі, жағдайы, көңіл күй жеткізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халық әндері мен күйлерінің орны»
Қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері ерекше орынға ие болған. Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанған. Сол себепті халқымыз көшіп қонуға ыңғайлы киізден, теріден, ағаштан жасалған дүние мүліктер мен түрлі үй бұйымдарын қолданатын болған. Мұндай өмір салты сөз бен саз өнерінің дамуына көп ықпалын тигізді. Ал сәулет өнерінің сақталуын мазарлар мен балбал тастардан көруге болады. Бұл балбал тастар мен мазарлар өмірден өткен ата-бабаларға ескерткіш әрі өткен тарихтың белгісі іспетті. Қазақ халқында сурет салу, сахналық қойылым жасау немесе би билеу өнері жоқтың қасы. Десе де әрбір қазақ домбыра тартып, бір шумақ өлең шығара алатын өнерге ие болған.
Сөз бен саз өнері бірінен – бірі бөлінбес бір тұтас өнер. Сал-серілер қазақ халқының композиторлары атанып, әннің сөзін де, әуенін де өз жанынан шығарып өздері орындаған, сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері болған. Ал ақын-жыраулар болса, ел-халыққа өсиет-нақыл айтып, қобыз, домбыра, сырнай аспаптарымен сүйемелдеп тыңдаушыға жеткізе білген. Иә, сөзге аса құрметпен қараған қазақ халқы «Өнер алды қызыл тіл» деп бір ауыз сөзге тоқтаған емес пе?!
Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ол ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімі мен тығыз байланысып өмірінен қуат алған, рухани өнердегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығы мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма – құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір тіршілігі мен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Күйлер адамның ішкі сезім-дүниесін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышымен қайғы күйін, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қорщаған табиғат анасын — өзен-суын, орман-тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Көптеген күйлерді алайық «Ақсақ құлан», «Ботасы өлген бозінген», «Саймақтың сары өзені», «Нар идірген», «Ертіс толқыны», «Аңшының зары» т.б тарихи оқиғаларды баяндаса, енді бір қатары әлеуметтік өмір тынысына үн қатып, ел өмірінің қайғысымен қуаныш сезімдерін толғады. Сондықтан да күй шығармашылығы өзінің тақырыбымен мазмұнына қарай өз тыңдаушысының көңіл-күйіне, жүрек тебірелісіне, сезім сырына айналып, ішкі жан дүниесінен терең орын алып отырады. Күй композитордың ішкі жан сырының айнасы десек, күй деген атының өзінде үлкен қуат, шабытты құдырет бар.
Қазақ елі ортасына кеңінен қанат жайған халық күйлері мен әуендерін дыбыс арқылы жеткізу тәсілінде оны орындайтын ұлттық саз аспаптары болды. Ол ұлт мәдениетінде өзінің құрылымы, дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтарға ұқсамайтын төл аспап болып тарихи және мәдени кеңістікте сақталып келді.
Қазақтың саз аспаптары жалпы ұлттық және фольклорлық болып екі топқа жіктеледі. Ел ішінде кеңінен пайдаланып халық күйлері мен саз әуендерін орындап ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру барысында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары негізгі орынды иеленеді. Күй жанрында да бұлар домбыра күйлері, қобыз күйлері, сыбызгы күйлері болып жекеленіп айтылады. Ал, көбіне фольклорлык кеңістікте сақталған уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, шыңдауыл, дауылпаз, дудығы, желқобыз, желбуаз, тоқылдақ, тұяқтас, асатаяқ, керней, адырна, шыртылдауық, сақпан, дүңгіршек фольклорлық аспаптар тобына енеді. Бұлардын қатарына сырнай, кепшік жетіген, бұғышақ, шаңкобыз, ауызсырнай аспаптарында жатқызамыз.
Күйлер және оны орындаушылық міндетін атқарушы төл аспабымыз: домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары халқымыздың өмір кернеуі мен бірге жасап келеді. Әр күйдің шығушы әуен иелері болған. Күйлерді халық күйі және халык композиторлары деп шығарушының аты мен атап жүрміз. Халық күйлері жылдар, ғасырлар өткен сайын шығарушының аты ұмытылып, ел ішіндегі дарын иелерінің орындап жалғастыруы арқылы күйдің аты сақталып, бара-бар халық күйі болып сақталған.
Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттан бастап өмірдің қыр мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының күйлері мен есімдерінің ел арасында сақталып келуі халқымыздың өнерге сүйіспеншілігін, өнерпаз ұлт екендігін және күйдің құдіреттілігін көрсетеді.
Тарих шежіресінен сыр шертер күй өнеріне добрыра, қобыз, сыбызғы аспаптары тым көнеден ұлтпен бірге жасасып келген. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Түркі тілдес халықтарға ортақ аныз болған Қорқыт VIII-IX ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүргендігі мәлім.
Қазіргі кезде Қорқыт күйлері аталып жүрген күйлер саны жиырмаға жуық.
1987 жылы Мусабек Жарқынбеков «Қорқыт-Елім-ай» атты жинақта 11 күйі жарық көрді. Мусабек Жарқынбеков Қорқыттың күйлерін үйреніп нотаға түсіру бағытында Қорқыт туралы аңыздар естіп, оның қобызды тартуы бойынша «Желмая», «Ұшардың ұлуы», «Елім-ай», «Халқым-ай», «Әуппай», «Аққу», «Кілем жайған», «Тарғыл тана», «Байпаш» күйлерінің шығу тарихын тындап, осы және басқа күйлерді магнитофонга жазып алып «Қорқыт-Елім-ай» кітабында жарияланды. Осылайша күй атасы Қорқыт күйлері ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жағасын тауып біздерге жетіп отыр.
Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер мен күші саңлақтар өмір сүріп, белгілі бір музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгінгі тұрмысын жырлайтын, оның арман-қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің үлгі-өнегесінің арқасында сақталып келді.
Көзі хат танымайтын, колы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы әнімен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп-қонып жүріп те, олар ердің басына іліп алған домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп, ән шырқай беретін-ді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру басқада түрлі жиын-тойларда ән айтып, қүй тарту қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көтеру үшін ғана керек десек, өнердің бұл түрінің маңызын әлсіретіп, маңызын кетіріп, мәнін кеміттіп жіберген болар едік.
Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні мен күйі адам баласының айырылмайтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласын дүниеге келгенінен бастап өлгенге дейінгі ажырамас досы екен:
Туған дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
— деп, данышпан Абай айтып кеткендей, қазақ халқын қанына сіңген әні мен күйісіз ойлау мүмкін емес.
Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.
Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан.
Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев. «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған.
Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал-серілердің музыкасымен сусындап, үлкен жиын – мерекелерге, би – шешендердің бас қосуына, айтыс – тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріп халыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. Ол аз уақыттың ішінде аспапты шебер меңгеріп, белгілі қобызшы атанды. « Менің музыкалық талабымның әрі қарай жалғасуына, ауылымыздан өте қашық емес жердегі Созақ жәрменкесіне қатынасқан халық таланттары, ақын, жыршы, бишілердің әсері тиді» - дейді екен Жаппас.
Ол Қаратау күй мектебінің әйгілі өкілі Сүгір Алиұлымен кездесіп, Ықылас күйлерін алғашқы домбыра арқылы үйренеді, кейінірек оларды қобызға лайықтап, өзіне ғана тән мәнерімен, техникалық шеберлігі айқын орындаушыға айналады. Сүгір Алиұлы өзінің қайталанбас күйлерінің әсерлі үнін Жаппастың ішкі дүниесін тербелетіп бойына сіңіре білді. Сөйтіп, оның үлкен музыка әлеміне шығуына ықпал етті. Сондай – ақ Жаппасты қобызшылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін оны әрі қарай тұрақты еңбек ету керектілігіне бағыттаушы, қадағалаушысы академик А. Жұбанов болатын.
1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слётіне Ж. Қаламбаев қатысып, өзінің орындаушылық өнерімен ерекше көзге түседі. Сол кезде жаңадан ұйымдаса бастаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамына қабылданып, оркестрдің іргетасын қалаушылардың бірі болып, аспаптық өнерін әрі қарай жалғастырады. Осыған дәлел Б. Ғизатовтың жазған сөздері: «Слётке Қазақстанның түкпір – түкпірінен дарынды домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышылар әншілер келіп өз өнерлерін көрсетті. Ғ. Матовтан кейін сахнаға ақ костюмде, аласа бойлы, қобызшы Жаппас Қаламбаев шықты. Қолындағы көпшік тәріздес кішкентай қобызымен ол Ықыластың Аққу», «Қаскыр»,»Жез киік», «Ерден» «Қамбар» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Осы орындаған күйлер арқылы, ол қазақтың кең байтақ даласын бейнеледі. Мұны тыңдаған жұрт қазақ даласының керемет қобызшысы екенін мойындады.
Әйгілі оркестрдің мүшесі ретінде 1967 жылға дейін альт қобызшылар тобының концертмейстері және оркестрдің жеке орындаушысы болып, қылқобызда небір Ықыластың күйлерін сайрата ойнады. Осы ұжымда ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен онкүндік қазақ өнерпаздардың декадасына қатысып, жүлдегер атанды.
Қобызда орындаушылық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып, үлкен шеберлікпен ойнайтын аспапшының өнерін А. Жұбанов жоғары бағалап жазады: - Жаппас өзінің кыл ішек тағылған қобызын тартқанда, тірек болу үшін сол құлақтың бірін сол жақ шекесіне тіреп қояды. Оның халық қобызын ұстаудағы түйінінің үлкен акустикалық мәні бар. Ал қобыздың орындауы домбырадан анағұрлым басқа, қиын екенін музыка танушылар жақсы біледі. Онда ойнау скрипкадан да гөрі қиынға соғады. Өйткені қобызда саусақтарды басатын мойны жоқ. Солай бола тұрса да, Жаппас не бір техникалық күйлерді құйқылжытып тартқанда, адам баласының ала алмайтын қамалы жоқтығына таң қаласын.
Жаппастың ойнау ерекшелігі географиялық өмір сүрген ортасына да байланысты. Ол екі өнер мектебін бірдей игерген. Біріншісі – домбыра, екіншісі- қобыз. Екі аспапта да шебер орындаушылық үлгісін танытты.
Үлкен өнер иесі домбырашылар Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Дина, Тоқа, Дайрабай күйлерін қобызға салып орындайтын. Сонымен қатар, Жаппас өзінің ауызекі түрде жаттап алған шығармаларына өзіндік мәнерін, стилін қосқан өнер иесі. Ол орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне, күй мен әндеріне жаңашыл ырғақ, мақамында өлшем қосқан шебер күйші. Сол күйлердің образдық әлемін, ойнау тәсілдерін, өрнектеу әдістерін, ойнау техникасын және теріс бұраудағы домбыра күйлерінің даму композициясын қобызға түсіріп, айнытпай орындаған. Мысалы, «Қорқыт», «Кертолғау», «Жез киік». «Бес Төре», «Сылқылдақ».т. б.
Жаппастың ендігі бір кереметтілігі «Аққу» күйін орындағанда қобыз, құстың қанатының суылы мен көркем музыкалық үнін береді. Осы арада қобызшы флажолеттің басқа европалық ысып ойнайтын аспаптарда кездеспейтін бір түрлерін көрсетеді. Оның үстіне трельдер қосылғанда, шын мәнісіндегі аққудың ұшқан қанатының үні құлаққа келеді. Осының бәрін де аспапшы, көбіне сол қолдың саусақтарының техникасы ойнау ерекшелігі арқылы береді. Қобызда мұнымен қатар екі дауысты бір кезде ала береді. Біз бір дауыста әуен жүріп, екінші дауыстың остина толық жүргізуін айтпаймыз. Ол жәй ысып ойнайтын қобызды былай қойғанда, қағып ойнайтын домбырада да адам таңқалатындай хәлде беріледі. Ал Жаппастың орындауында қос дыбыстың екеуі де қозғалады, екеуінде де әуен жүреді. Ішектің мойынға жақын басылуға ыңғайлы болмай, ілулі тұрған қалпында сондай қос дыбысты жүргізе алатын қобызшы, оның орындаушылық техникасы тамаша әсер қалдырады» – деп, оның дарынына баға беріп жазады А. Жұбанов.
Жаппастың орындауындағы өзіндік дара стилі, жоғары көркемділігі ерекше көзге түсетін. Күйшінің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалап, көптеген музыкатанушылар да өз пікірлерін жазып қалдырған. Соның ішінде белгілі жазушы И. Жақанов та «Қобыз Атасы - Ықылас» деген кітапта Жаппас туралы өз ойын білдіріп жазған: - «Аққу» күйін алғаш жеткізіп, қайталанбас шеберлікпен тартқан адам Қаламбаев Жаппас еді. Әрі құс қанатының желпи қаққан суретін, әрі жанға жайлы есті сарынын тыңдаушының көңілі мен көкірегіне қатар ұялатар құдіретті Жаппастың орындаушы суреткерлері десе лайық. Қобыз ішегіне жанасқан саусағы біресе дірілдеп, біресе тербеліп, енді бірде көз ілеспес жылдамдықпен жорғалап жөнелгенде адам өмірінің шытырман тағдырын айтуға келгенде, әуен – саздың тілінің мейлінше жүйрік екеніне күмәнсіз сенесіз.
Бірте – бірте Қаламбаев алғашқы қадамын басқан тұңғыш Құрманғазы атындағы кәсіби оркестр ұжымының жеке орындаушысы, сахнаның санаулы шеберлерінің біріне айналды.
Оркестрдің жарқын жеке орындаушысы бола жүре, ол осы оркестрдің болашағын ойлап ұстаздық қызметінде де қажырлы еңбек етті. Тәрбиелеп шығарған шәкірттердің ішінде еліміздің мәдениетінде өзіндік биік орын алған көптеген белгілі қайраткерлер бар мысалы: Ф. Балғаева, А. Исмаилов, А. Жаманшалова, Ж. Қасымов, Д. Тезекбаев, . Өзінің кәсіби шеберлігі құпиясын шәкірттеріне үйрете жүріп, жаңа сым қобыз мектебіндегі орындаушының (3-4 ішекті) қобыздың жаңа толқынын қалыптастырды.
Ж. Қаламбаев халық музыкасын жинастыруға да елеулі еңбек етті деген болжам бар. Көптеген күйлерді қайта жаңғыртып, өз қолтаңбасын қалдырған дарынды иесі. Кең ауқымды білімімен аспапшы, ұлтымыздың аспаптарын да терең меңгерген. Жаппас Қаламбаев – феномен, сирек дарын, аспаптың ішкі дүниесін жетік білген ол, жеке орындаушы ретінде сахнаға жиі – жиі шығып тұратын.
ХХ ғасырдың орындаушылық саласында, Жаппастың алатын орны биік. Ол оркестр тәрбиесін көріп өскен, қобызда ойнағанда шығарманың құрылымын дәл сақтауды принцип ретінде ұстаған. Оның өнері жан – жақты синкреттік түрде қалыптасқан. Ол - әрі күйші, әрі сазгер. Сондықтан Жаппастың ойнау тәсілі, дәстүрлі өнер мектебіне жатады. Қобыз репертуарын байытып, асқан шеберлікті қажет ететін күйлер мен көптеген халық әндерді қылқобызға арнап өңдеген және фортепианомен нота бетіне түсірген.
Жаппасты біз тек қана шебер домбырашы, майталман қобызшы деп білеміз. Ал Жаппастың қыздарының – Дина (1937.22.04) мен Құндыздың (1962.21.09) айтуы бойынша: - «Әкеміз өмірде өте мәдениетті, қарапайым жуас адам болатын және керемет ән салатын. Жас кезінен әнші болғым келеді деп армандайтын. Қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп, өте сазды ән шырқайтын. Дауысы жұмсақ, камералық тенорға ұқсас болатын. Үлкен жиындарда, той – томалақтарда әкем бірінші болып шақырылатын, ол кісі болмаса, тойдың сәні болмайтын.
Дина апайдың айтуы бойынша, ол Ахмет Жұбановпен бірінші кездескенде ән айтып, қобыз және домбыра тартып өз өнерін көрсетіпті. Сонда Жұбанов: «....Сен әніңді қоя тұр, әншілер баршылық, бізге сенің қобыз өнерің қажеттірек болып тұр деп» - айтып қалыпты. «Өкінішке орай, мен бала кезімде анам Гүлжәмилядан еститінмін, әкем 1934 жылы дауысынан айырылып, ән айталмай қалған. Себебі қатты ауырып, тамағына суық тигізіп алған көрінеді. Әкем бір жолы үлкен концертте ән айтып, қобызын ойнап шыққан кезде қатты ауырып, қызуы көтеріліп, төсек тартып қалған екен. Көңіл сұрап келген академик Рахманқұл Бердыбаевтың туысы әкемді емшіге апарып емдетті. Осы жағдайдан кейін, әкем ән салмайтын болды» - дейді қызы Құндыз.
Шыныменен, Жаппастың ән салу құштарлығы оның қобызда орындаған әндерінде де байқалады. Ол әнді қобыздың жұмсақ сазды шалқыған әсем әуенімен ұлттық сипатта келістіре орындайтын. «Әннің өмірлі болуы, оның орындаушысына байланысты», - деген орыстың музыка зерттеушісі А. Серовтың тұжырымым әбден сенуге болады. Жаппастың орындауында қайсы әні болмасын, жүрек қылын шертетін әуезділігімен, әсерлі үнімен тыңдаушысын бірден баурап алатын. Оның орындауында қазақтың 24 әндері үн таспаға жазылып алынған. Әндердің орындалуы өте таза, әсем, құлаққа жағымды болып естіледі де, шынайы жүректен шығатыны байқалып, тыңдаушыға қатты әсер береді.
Демек, Жаппас Қаламбаев тек қана домбыра күйлерін қобызға түсіріп қоймай, ол халық әндерін, замандас кәсіпқой халық сазгерлерінің әуендерін қылқобызға арнайы түсіріп, көркемдеп орындаған. Мысалы: Жаяу Мұсаның әні «Жаяу Мұса», Ыбырайдың «Гәккуін», Біржанның, Естайдың Ғазиздің, Ақан серінің, М. Ержановтың әндерін және т. б. Себебі, оның өскен ортасы, еңбек жолындағы араласқан өнер адамдары, халық әнін, халық композиторларының әндерін жеткізуші, насихаттаушы әншілер болатын.
Қазақ халқының өнерінде аспаптық музыканың алатын орны ерекше. Қара домбыра мен қыл қобызға арналған күйлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді.
Қазақ қобызын алғаш жасаған Қорқыт ата делінеді. А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап – қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті түйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады (қобыздың мойны мен тартылған шек бір-бірінен алшақ тұрады). Бұлай ойнау құлаққа жағымды ерекше үн шығарады, ол адам үніне өте ұқсас». Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай бермейді. Қыл қобыздың тылсым үнін бақсылар өз мақсаттарына пайдаланған. Дімкәстердің ауруын жазып, денсаулығына көріпкелдік жасаған қазақ қобызшылары бұл аспап үшін небір ғажайып күйлер шығарған. Ал, Қорқыттан кейін ұзақ жылдар бойына үнсіз қалған қыл-қобызды, тек ХІХ-ғасырда ұлы Ықылас жалғасын тапты.
1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тыңдаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. 1953-1954 жылдары республикаға танымал Досымжан Тезекбаевтың жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима-қобыз жасап шығарып, айтақаларлықтай жаңалық болды. Бірақ дәстүрлі көбемен орындау әдісі сақталды.
Бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету – білікті ұстаз-мамандардың міндеті.
Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.
«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» - алғашқы шығып отырған электронды оқулық. Басқа оқулықтар сияқты мазмұны, алғы сөз, кіріспеден тұрады. Оқулықтың аты айтып тұрғандай халық әндері, халық композиторларының шығармаларынан құрастырылған. Жеке-жеке қазақтың ән және домбыра дәстүрлері жайлы қысқаша мағлұмат берілген.
Қазақ халқы әнге бай. Ән - қазақ өмірінің айнасы. Халық өзінің қуанышын да, қайғысын да, мұңын да әнмен жеткізіп, әнді серік еткен.
Музыкалық шығарманың, өлеңнің бабын зерттей келе оның халық тарихынан, өмірінен, дінінен, салтынан шыққанын ұмытпау керек.
Күй өнері және онымен шендес өмір сүретін күй аңыздары қазақ халқының рухани мәдениетінде елеулі орын алатыны, сондай-ақ ғасырлар қойнауынан басталатын текті дәстүр екені тарихи, археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық, жазбаша айғақ-деректер арқылы көрініс тапқан.
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:
Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.
Казақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім — тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.
Казақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.
Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық түрғыда карастырылған ән мұраларының казақ өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: «Олар — фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы… фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді», — деген тұжырымдарын негізге алуга болады.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі — оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.
Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.
Қазақ әндеріндегі философиалық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен капсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.