Просмотр содержимого документа
«Функциональная грамотность в дополнительном образовании»
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ІС- ӘРЕКЕТІ
Усабаева Ж.А.
Қарқаралы қаласының « Саз мектебі » ҚМҚК
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы
Ұлт жоспары – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамын ұлт болашағын тәрбиелеп, оқытып жатқан Қазақстан педагогтарына: 100 нақты қадамда баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет ,оның ішінде балаларымыздың жарқын болашағы жатқандығын насихат ету мақсатында жұмыс жасап жатқан «Қазақстан ұстаздары» қоғамы әрбір білімді, өнерлі шәкірттің артында тәжірибелі, білімді ұстаздың тұратыны хақ. Білім мен ғылым жолында аянбай еңбек етіп, болашағын шәкіртінің жетістігінен іздейтін беделі биік мамандық иелерінің мерейі үстем болады.
Қ. Р. « Білім туралы» заңында білім берудегі міндеттерінің ішінде ең маңыздысы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту туралы айтылады. Қазіргі жаһандық үдірісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі, жас ұрпаққа оқу мен кәсіби білім ғана беріп қоймау, жан-жақты жетілген эстетикалық талғамы биік рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру. Оқу-тәрбие үдірісінде жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу негізгі бағытымыздың бірі. Әлемдік өркениеттің деңгейіне құлаш ұрған, ғылымы мен білімі, мәдениеті мен әдебиеті қатарласа дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұраттарының бірі осы ұрпақ тәрбиесі. Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда оған үлкен құрмет қажет. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу – ата-ананың, мұғалімнің басты міндеті. Жақсы педагог- оқытушы қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті Қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі-білімділік. Біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз- Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру- біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», деп мұның негізі бөлімде жатқанын «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деген. Қазақ тілін ұлықтай отырып, қазақстандықтардың ағылшын тілін үйренуіне барлық жағдай жасалды. Қазіргі уақыт- бүкіл әлемде ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заман. Мемлекетіміз де заманға сай « Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда. Сондай-ақ Елбасы тапсырмасына сәйкес, біілікті мамандар бірнеше жыл үдерінде латын графикасы бойынша қазақ әліпбиінің жаңа жобасын жасады.
ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесін өткізу мәртебесінде бірқатар оң өзгерістер болды. Дүйім дүние көз тіккен ЕХРО рухымызды көтерді. Біздің мемлекет үшін дүниежүзінің назары ауған «жасылдандыру» жобасының дарбазасы ашылды. Ғылыми –мәдени жетістікке қол жеткен әлем өз жаңалығын Астананың төрінде көпшілікке паш етті. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі жоғары деңгейде әрі табыспен өтті, 4млн адам аралап көрді. ЕХРО- ның ең танымал павильоны - «Нұр әлем». ЕХРО – 2017 көрмесі тұп-тура 90 күн бойы әлемге есігін айқара ашты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен еліміздің барлық өңірлері күш жұмылдырғанының арқасында ЕХРО – 2017 көрмесі мәреге табысты жетіп, ел экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін ерекше атап өтті.
Президентіміздің 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының ХII сессиясында «Қазақстан-2050» Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға қатысты мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін айтқан. Себебі, латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі. Ол ХХI ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT технологиялардың бірі. Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқан: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек, Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады» деген. Рухани жаңғыруда білімнің үлесі үлкен . Рухани жаңғыру жаңа әліпбиден басталады. «Рухани жаңғыру» 100 жаңа есім таңдайды. Білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруде. Балалармен қарым-қатынас бұл әрқашан шығармашылық. Оқушымен қарым-қатынас орнатқан уақытта оқушының темпераментін біліп, соған лайық қарым-қатынас орнатудың да мәні бар. Педагогикалық көзқарас әлеуметтік – психологиялық процесс ретінде мынадай функциялармен сипатталынады: жеке адамды тану; мәлімет хабар алмастыру; іс-әрекетті ұйымдастыру; рольді ауыстыру. Кәсіби – педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби –педагогикалық іс-әрекетке айналады. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Педагогикалық шеберліктің нақты түрлерінің ауқымды түрлілігін педагогикалық теория ерекшелейді. Іс-әрекет психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Атақты педагог –ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»-деген екен. Демек, қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Жақсы педагог – оқытушы – қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Мұғалімнің кәсіби қызметі және оның әлеуметтік педагогикалық мәні. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар:
1. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы;
2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні;
1. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады. Белсенді іс-әрекеттің дамуы үшін тағы бір шарт қажет. Ол қандай да бір қиындықтар күрделі болуы керек, ал ол қиындықтарды жеңу үшін танымдық күш пен тәжірибе іске қосылулары қажет. Педагогикалық шеберліктің нақты түрлерінің ауқымды түрлілігін педагогикалық теория ерекшелейді. Іс-әрекет психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Әр қызмет белгілі мақсаттарға сәйкес келеді, ал операция белгілі орындау тәсілі арқылы жүзеге асады. Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады.
2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік-педагогикалық мәні. Атақты педагог –ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі »-деген екен. Демек, қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Елімізде кәсіптік бағдар беруде мән-мағынасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің қолы бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында.
Қосымша білім ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға тісіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қосымша білім ұйымдары – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы. Болашақтың иесі жас ұрпақ. Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі, біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі-мына біздерге, ұстаздарға байланысты. Сондықтан да Елбасының «Бәрі мектептен басталады,деп атап көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп отырғаны баршамызға белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет –Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға жөн шешім қабылдауға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық салаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесімен қатар қосымша білім беруге де жүктеліп отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты-оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын шаралар:
- белсенділік;
- шығармашылық тұрғыда ойлау;
- шешім қабылдай алу;
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін көрсетті. Бұл механизмдерді іске асыру барысында мұғалімге оқушы бойында мынадай құдіреттіліктерді сіңіру керек:
Басқарушылық проблеманы шешу;
ақпараттық өз бетінше қабілетті ақпараттар көздері арқылы танымдылық қабілетін ұштау;
Коммуникативтік қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
әлеуметтік қоғамда өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті;
тұлғалық өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білімділік кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзе білу;
адамзаттық қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихи мәдениеті, діні мен тілін меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
технологиялық ақпараттың, білім беру технологияларын сауатты пайдалану. Халықаралық РISA зерттеулері анықтағандай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі мектептен тыс, қосымша білім беру жүйесін дамыту. Шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.
Осы ретте өзім жұмыс жасап жүрген Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының Саз мектебінің жұмысына тоқталсам, Саз мектепте 396 оқушы домбыра, қобыз, қыл қобыз, баян, домра-прима, дәстүрлі ән айту, эстрадалық вокал, хореография сыныптарында білім алуда. 8 филиалдық сыныптар : Егіндібұлақ, Бүркітті, Қарағайлы, Көктас, Тоқтар Әубәкіров, Нүркен, Қасым Аманжолов, Аппаз ауылдық мекендерде қамтылған. Саз мектебіміздің оқушылары Халықаралық, Республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Мен осы Саз мектебінде баян сыныбының мұғалімі болып еңбек етудемін. Баян сыныбын жүргізетін ұстаздың негізгі мақсаты-музыкант тәрбиелеу. Баянға үйретумен қатар оқушыға эстетикалық тәрбие беріледі, олардың көркем шығармалардағы әдемілікті сезінуін, өз музыкалық қабілетін дамытуына, баянды орындаушылық шеберлігін жетілдіруіне ықпал жасалады.
Лауреат атағына ие болған оқушыларым:
Келдібек Архат- 1 орын 2012 жыл IV Республикалық фестиваль-байқау, Қарқаралы қаласы «Тас бұлақ» сауықтыру кешені, қазылар алқасының төрайымы: Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаева.
Жанабіл Арлан- III дәрежелі диплом, 2013жыл Астана қаласының 15 жылдығына арналған облыстық жастардың Дельфийлік ойындары, Қарағанды қаласы, және V Республикалық фестиваль-байқау- II орын, Қарқаралы қаласы, «Тас бұлақ» сауықтыру кешені, қазылар алқасының төрайымы: Гүлбаршын Тергеубекова.
Рахым Олжас- I орын 2014 жыл, Халықаралық фестиваль-байқау «Күншуақ» Алматы қаласы және I орын 2015 жыл, Халықаралық фестиваль-байқау, «Күзгі әуен» Қарағанды қаласы.
Сләмиденұлы Бекжан - I орын, 2015 жыл, Халықаралық фестиваль-байқау «Күзгі әуен», Қарағанды қаласы және I орын Халықаралық фестиваль-байқау «Тұлға» 2016 жыл Қарағанды қаласы.
Перцев Денис - I орын, Халыкаралық фестиваль-байқау «Күзгі әуен», 2015 жыл Қарағанды қаласы.
Жақсылық Ділшад - I орын, Халықаралық фестиваль-байқау «Күзгі әуен» 2015 жыл Қарағанды қаласы.
Баяншылар трио-ансамблі: Сләмиденұлы Бекжан, Перцев Денис, Жақсылық Ділшад- I орын, Халықаралық фестиваль-конкурс «Күзгі әуен», Қарағанды қаласы.
Малгелді Арман - III орын, II Республикалық фестиваль-байқау «Өнер қанатында» 2017 жыл, Қарағанды қаласы, қазылар алқасының төрағасы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай
Әбдіман Мирас - II орын, II Республикалық фестиваль - байқау «Өнер қанатында» 2017жыл, Қарағанды қаласы, қазылар алқасының төрағасы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай
Баяншылар дуэт-ансамблі: Малгелді Арман, Әбдіман Мирас - Iорын, II Республикалық фестиваль-байқау «Өнер қанатында» 2017 жыл, Қарағанды қаласы, қазылар алқасының төрағасы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай.
Әдебиеттер
Республикалық жанұялық басылым «Игілік» № 04 сәүір 2017 ж.
Республикалық ғылыми- әдістемелік, педагогикалық журнал «Мектептегі мерекелер» №2 2017 жылы
Оқу құралы Б.Мұстафин, Т.Мұстафина, Т.Алыбаев, З.Смакова «Сырнай үйрену мектебі» 2004 жылы