Домбыраның тарихы мен аспапта орындау ерекшеліктері
Домбыраның тарихы мен аспапта орындау ерекшеліктері
Домбыра аспабының терең тарихы өте ертеден бастау алады. Қасиетті аспаптың алғашқы қолына ұстап күй шығарған ата бабаларымыз Құрманғазыдан бастап, әр ғасырдың ұлы күйші композиторларына тоқталдым. Аспата музыкалық шығармаларды орынлдау ерекшелігіне ерекше мән берілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Домбыраның тарихы мен аспапта орындау ерекшеліктері»
Егемендi елдiң шаттық үнiне қазақ өнерiнiң үнiне қосылып, үйлесiмi жарасып, жалғасын тауып жатқаны да баршамызға белгiлi. Дүние жүзiнде әртүрлi кезеңдер болып жатыр, «дағдарыстар келедi, кетедi, ал мәдениет-мәңгiлiк» деп Мәдениет және ақпарат министрi кезінде Мұхтар Абрарұлы Құлмұхамед нықтай атап өткен болатын. Сондықтан да мәдениет саласы өсiп, талаптанған тау асардың кебiн киiп, өркендеуiне ешнәрсе де кедергi болмасы айдан анық. Мәдениет атам заманнан келе жатыр, «Балаға басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр», деген нақыл өмiрiмiздiң куәсi iспеттес. Бiздiң де ата-бабалар осы мәдениеттiң айналасын шолып өткенi, сонау тарихи уақиғалардан оқып бiлiп жүрмiз. Мәдениеттiң бiр саласының ұшпағына қазақ салтында бiрге қайнасып, қиялына қанат бiтiрiп, арманның көкжиегiн алысқа жетелейтiн өлмес киелi өнерiмiз, қанымызбен бiрге сiңуде. Қазақ халқы да мәдениет пен тарихты егiз ұғымдай сезiнуде үлкен бiр тағылымды, тәрбиелiк нышанды үрдiс жалғасын орынды тауып келедi. «Құсты самғататын - қанаты, адамды самғататын - таланты» дегендей, әсiресе қазақ халқы өнер десе iшкен асын жерге қоятыны абзал, Абай атамыз айтқандай тарқатар болсақ, бiздер өлеңмен дүние есiгiн ашамыз, әрi соңғы сапарға да, әдет-ғұрыптың бiр белесi жоқтауменен шығарып саламыз. Осы өнер демекшi, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны, соның iшiндегi ұлтымыздың көне аспаптарының бiрi – домбыра Домбыра - қазақтың халық аспабы. Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгілеген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кездескен, қазіргі кезде бұл аспап түрі тек Семей облысында сақталған.. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз-әңгiмелерге жүгінуге [1,30б.] «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген ана егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбiне келiп демалады. Сол кезде құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаштың түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiңгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз-әңгiме туралы еңбегiнде этнограф Өзбекәлі Жәнiбеков. Домбыра дыбысының ерекшеліктерін анықтау үшін, музыкалық аспап ретінде эталондық үлгі даярлау, алдымен оның және басқа да қазақ ұлттық аспаптарының акустикасын зерттеу керек. Зерттеушінің айтуынша, қойдың немесе ешкінің ішектерінен жасалған ішектерде серпінділік қасиет басым. Сол себепті ұлттық қасиетті қоңыр үнді бірқалыпты (құлақ күйін) ұстап тұруға осындай ішектерді пайдаланған тиімді және табиғи қоңыр үнді осы ішектер ғана бере алады. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының акустика және музыкалық технология лабораториясының меңгерушісі Жұмагелді Нәжімеденов, ұлттық үннің еуропалық үннен ерекшелігін алғаш рет компьютер арқылы шкала диапозонында дәлелдеген. Өнер зерттеушісі «Домбыраның қоңыр үні» деп аталатын ғылыми еңбегінде домбыраны геометрия, физика, математика, химия, тарих, археология, музыкатану ғылымдары тұрғысынан жан-жақты саралап береді. Домбыра туралы тағы аңыз әңгімеге кезек берсек ол былай баяндалады.Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап -шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, дем алмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл "шайтан тиек" деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.[2, 25б.] Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт-дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: "ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар", - деген сөз тіркесі мен аяқтайды. Авторы беймәлім "Бозторғай" атты ежелгі күй- аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бейкүнә дауыстарын, ана- бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады [ 3, 10б]. Мұнан да күрделі мазмұнды күй -аңыз "Көбік - шашқан" деп аталады. Оны XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты атақты күйші Құрманғазы өмірге әкелген. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді. Мұндай музыкалық шығармалар авторларына тек композитор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Олардың әрқайсысы осы әуенге сәйкес аңыз- әңгіме де шығарады. Мысалы, авторы беймәлім "Қара жорға" күй - аңызында Абылайханның қазақ -қырғыз ұрысында қалмақтардан тартып алған жүйрік ат туралы тамаша аңыз бар. Сондай-ақ, "Ақсақ құлан, Жошы хан" күй -аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаһарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан домбыра үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген домбыра шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген домбыранаң шанағында дөңгелек тесік қалды, - дейді аңыз. Саймақтың "Сары-өзен" күйі де жан - дүниені ерекше баурайды. Қалмақ тұтқынынан қалмақ қызымен қашып шыққан Саймақ туған аулының орнын сипап қалады, өз қайғы -мұңын домбырамен білдіреді. Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз- әңгімесімен әдіптеледі. Мысалы, "Кісен ашқан" күйі оның патша түрмесінен қашқандығы туралы баяндаса, "Лаушкин" тұтқында болған кезінде орыс қызы Лавочкинаның өзіне көмектескендігін, оны сүйгендігін әңгімелейді. Күй - аңыздарда қазақ фольклорына тән сипаттамалық белгілемелер араласып келеді. Олар: аң -құс туралы ертегі ("Бозторғай"), тарихи ән ("Көбік шашқан"), жоқтау ("Сары өзен"), және естірту ("Жошы хан") және т. б. болып келді. Қазақ фольклорының бұл түрінің маңыздылығы сол, есте сақталатын сазды әуенмен қоса бүгінгі күнге дейін айтулы аңыздардың, өткен күндер бейнесі мен оның авторларының атын жеткізгендігінде дейміз. Ән мен сөз өнерін бір жерге тоғыстыру, оны үндестік заңына бағындыру - қазақ өнерінің тарихи жолындағы аса сирек құбылыс ретінде бағаланады [4, 22б]. Оқушыларды домбыраның құдіретті күшімен таныстыруда атақты күйшілердің өнері мен өмірін таныстырудың да маңызы ерекше. Бұл орайда оқушыларыма сабақта және сабақтан тыс мезгілдер де күй атасы Құрманғазының, оның шәкірті Дина әжеміздің, қазақтың ұлттық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырушы Ахмет Жұбановтың шығармашылықтарынан мағұлматтар беру орынды деп есептеймін. Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) - композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе - Құрманғазы күйін тыңдаңыз. Оның "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Серпер", "Адай" сынды күйлері -қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады.Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ байларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы, жазықсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның "Сары-Арқа", "Алатау", "Бұлбұлдың құрқұры" атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, "Кішкентай", "Төремұрат","Адай" күйлері батырлар бейнесін "Қайран шешем", "Қызыл қайың", "Кісен ашқан" күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батысқазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді. "Аңыздар" тарихында Құрманғазының "Сары-Арқа" күйінің шығу тарихы берілген. Нұрпейісова Дина (1861-1955) - дәстүрлі өнер өкілі, композитор және орындаушы, ұлы Құрманғазының шәкірті, ҚазССР-нің халық артисі. Динаның шығармашылығы қазіргі мен өткенді жалғастырады. Оның өнер жолы екі кезең аралығындағы байланыстырушы буын болып табылады. Бұл өтпелі кезең күрделілігімең қарама-қайшылығымен, халық өміріндегі қоғамдық -саяси ірі оқиғалармен (1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы, революция, Ұлы Отан соғысы, соғыстан соңғы қалпына келтіру) ерекшеленеді. Дина өзінің ұстаздарынан үйрене отырып, домбыра шеберлігін соғыстан соңғы бейбіт кезеңдегі ұрпаққа үйретеді. Дина өз шығармаларында күй тақырыбын оның түрінің ерекшеліктерін дәл сақтайды, сөйте тұра музыкалық бейнелерді күйге ендіре отырып, оны шымыр ырғақты мәнерде орындайды. Динаның өмірі ұзақ және қиын болды. Бірақ, қуаныш та, қайғы да оның азаматқа тән мәрт көңілін сындыра алған жоқ. Қандай қиыншылық жағдай болмасын, ол "ескі досы" домбырадан айрылмады. Өмір бойы ол шеберлігін шыңдаумен болды және көздеген мақсатына жетті де. Динаның шығармалары классикалық қазақ домбыра өнерінің өміршең негізіне айналды: "Бұлбұл","Көген түп","Байжұма", "16 жыл", "Әсем қоңыр","Той бастар","Ана жазасы","Сауыншы","8 наурыз" және тағы басқа "Аңыздар" тарихында "16 жыл" күйінің шығу тарихы жақсы баяндалған.
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады.Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Қазанғапұлы Тəттімбет (1815-1860)Қазақтың күйші - композиторы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тəттімбет Қазанғапұлы. Тəттімбет күйлері бұл күнде тек Қазақстан аймағына емес бүкіл тыңдаушыларына, тіпті Европа, Азия, Америка елдеріне де мəлім. Қазақ халқының аса бай, əрі өзіндік ерекшелігі мол музыкалық фольклорында ХIХ ғасырда өмір сүрген халық композиторы Тəттімбет шығармалары ерекше орын алады, оның есімі халық композиторлары Құрманғазы, Дəулеткереймен бірге аталады. 1815 жылы Қарқаралы ауданының Абай атындағы селолық окрунің Қызылжар қыстауында орташаруа жанұйясында дүниеге келген. Күйшінің əкесі Қазанғап орта дəулетті, ел жұртына қадірлі инабатты адам болған. Сондықтан Тəттімбет тұрмыстан кемшілік көрмей өседі. Бұл жағдай оның күйшілік өнерге жастайынан бой ұрып, талантының ерте қалыптасуына жағдай жасайды. Тəттімбетке домбрашылық өнер өзінің арғы тегінен бастап дарыған. Тəттімбет шыққан Қаракесектің Шаншар руында Битен, Шитен сияқты сөзге шешен, өнерпаз күйші - серілер өткен. Бұлар өнердің қай түрінен болмасын құр алақан қалмаған. Күй тартуды ол бала жасында əлі домбрашыдан үйренеді, анасы Ақбөпе /Қалайы/ баласының күй шертіп үйренуіне ықылас білдірді. Ел ішін жиі аралап, қалың көпшіліктің тұрмыс жағдайына, дəстүр-салтына көзі қана жүріп, ер жеткен Тəттімбет Балқантау, Қарқаралы төңірегіндегі күйші-домбрашылар өнерімен етене танысады. Сөйтіп, өсе келе ол бүкіл Сарыарқадағы Орта жүзге мəлім күйші атанды. Туған өңіріндегі қалың елді тəнті еткен Тəттімбет «Сары өзен», «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Теріс қақпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бес төре», «Азамат», «Алшағыр», «Көкейкесті», «Боз айғыр», «Бос торғай», «Қорамжан», «Ерке атан», «Ноғай қазақ», «Кер киік», «Сары қамыс», «Қашқан қалмақ», «Қара жорға», «Азына», «Балбырауын», «Жетім қыз», «Сал қоңыр», «Қош жанаған», «Шəйір қалды» барлығы қырықтан астам күйлердің авторы. Тəттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі суреттеле отырып, адамдардың сұлулыққа құштарлығы, алыс қалған арманы, сайраған үміті, өкініш сарыны баяндалады. Композитор шығрмаларының ең биік шыңы - «Көкейкесті» күйі. Бұл күйді Тəттімбет өміріның соңғы жылдарында науқастанып жатып тартады. Мұнда халық шежіресінің ұлылғы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Тəттімбет күйлерінде тілмен айтып жеткізе алмайтын асқан əсемділік пен музыкалық ой-дүниесінің жарасымдылығының сыры оның орындаушылық, яғни, домбраның қос шегін шерту тəсілдерінің неше алуан түрлерімен өрнектелуінде, оның асқан талантының, тамаша дарынының өзіндік ерекше қырын танытатын шығармасы - «Сылқылдақ» күйі. Бұл күйді композитор өзімен өнер сайысына күй төгілген домбрашы қызға арнап тартады. Тəттімбеттің «Қосбасар» күйінің бір түрін бірінші рет нотаға түсірген белгілі этнограф, музыка зерттеушісі, қазақтың 500 əн-күйлерін жинақтап, тұңғыш жарыққа шығарушы А.В.Затаевич. Тəттімбет тек асқан күйші ғана емес, сонымен бірге сөзге де ұста, шешен, шыншыл, əділетті көксеген, ақын жанды адам болған. Ол реті келгенде жерде жуан таяқ бай-манаптарды өткір тілмен өріп, олардың дөрекі мінез, ожар қылықтарын бетіне айтудан тайсалмаған. Тарихи құжаттарға қарағанда, 1855 жылғы 24 наурызда Россия патшасы II Александрдың таққа отыруымен байланысты болған тойға Тəттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге Петербургке барады. Осы сапарында қос шекті домбырада өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Тəттімбет өнер сүйген қауымның назарын ерекше аударып, сыйлық ретінде күміс медальға ие болады. Жұбанов Ахмет (1906-1968) - композитор, дирижер музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи -теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). А. Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М. О. Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды.Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның ірге тасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л. Хамидимен бірлесіп, "Абай" және "Төлеген Тоқтаров" операсын, "Құрманғазы туралы естелік маршын", "Жез киік" симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, "Саранжап", "Көроғлы" фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, "ХІХғ. мен ХХғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы", "Ғасырлар пернесі", "Замана бұлбұлдары", "Мұқан Төлебаев", "Құрманғазы" этнографиялық зерттеулерін жазды. Ерназарұлы Дайрабай(1860-1937) Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудажеріндегі Атасу өзенінің бойында дүниеге келіп, 1937 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданына қарасты Шəуілдір кентінің маңындағы Шілікті деп аталатын қыстауда дүние салған. Шыққан тегі бойынша, Дайрабай – Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан тарДайрабай азаттық сүйгіш, жүйрік ат, қыран құсқа құмар, сері көңіл жан болған. Бұған қоса табиғат оған əншілік, ақындық, күйшілік сияқты ғажайып қасиет дарытқан. Содан да болар, ол Тоқа, Ықылас, Қыздарбек, Əбди сияқты күйшілермен, Жарылғапберді, Ғазиз, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай, Төлебай сал сияқты əйгілі өнерпаздармен дəм-тұзы жарасып, қадірлес-сыйлас болған. Оның есесіне Дайрабай заманымен тіл табыса алмай, Қазан төңкерісінен бұрын да, кейін де қуғын-сүргінді көп көрген. Дайрабай күйлері бітім-құрылысының мінсіздігімен, əуен-сазының мейлінше бай нақыштарымен, сондай-ақ, айтар ойының сергек те сезімталдығымен дараланады. Оның күйлері аз аяда аста-төк ойды сапырып, тыңдаушы рухын аспандатып, өмірге ғашық етіп үлгереді. Сөз жоқ, бұл біртуар дарынның ғана қолынан келер құдірет. Ерназарұлы Дайрабайдың күйлері: «Əтеген-ай», «Дайрабай» (4 нұсқасы бар), «Қоштасу», «Қыр», «Сыр», «Сырдың суы», «Шəуілдір» т.б. Ең алғаш «Дайрабай» күйін республика жұртшылығына таныстырған адам қарағандылық Байсейітов Ыбырай. Бұл кісінің тартуында Қарағанды облыстық радиосы жазып алған «Дайрабай» күйі республикалық радиодан отызыншы жылдары берілді. Кейін «Дайрабай» күйінің əсем нұсқалары Ə.Хасенов, М.Хамзин, М.Тілеуханов сияқты белгілі домбырашылардың тартуында хатқа түсті. Белгілі композитор Е.Рахмадиев «Дайрабай» күйінің негінде 1951 жылы «Дайрабай» атты симфониялық күй жазды. Əбікен Хасенов –1892 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында туып, 1958 жылы 25 қазанда Алматыда дүниеден озды. Қазақтың күйші, домбырашысы, шертпе күйдің шебері, ҚазССР нің еңбек сіңірген əртісі (1945). Домбырашылық өнерге баулыған əкесі Хасен жəне Мақаш Садуақасұлы мен Ақмолда болды. Күйші домбырашылар Баубек пен Қыздарбектен Тəттімбет күйлерін үйренді. Əбікен Хасенұлы 1934 жылы Сəкен Сейфуллиннің айтуымен Алматыға шақырылып, қазақ драма театрына орналасты. Ол өмірінің соңына дейін осы театрда актерлік қызмет атқарды. М.Əуезов пен Л.С.Соболевтің «Абайындағы» - Құнанбай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян сұлудағы» - Қодар, С.Мұқановтың «Шоқан Уəлихановындағы» - Мұса, Ə.Тəжібаевтың «Майрасындағы» - Тайман, М.Ақынжановтың «Исатай мен Махамбетіндегі» - Балқы сияқты толымды бейнелерді бедерлеуде Əбікен өзіндік ерекшелігімен көрермен ілтифатына бөленген. Театр сахнасында Əбікен домбырашылығынан бір сəт қол үзбеген. Тəттімбет, Тоқа, Қыздарбек жəне арқа өңірінің басқа да күйші композиторлардың күйлерін үздік орындап ел арасына насихаттады. Жеке концерт берді. Əбікен Тəттімбеттің күйшілік мектебін жалғастырушы,асқан шебер домбырашы. Əбікеннің тартуында біршама халық күйлері жəне ондаған Тəттімбет күйлері күй табаққа жазылған. Олардың ішінде «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Қосбасарлар» т.б. бар. Əбікен тартқан Тəттімбет күйлері өзінің тарихи нұсқасына жақынырақ, шертпе күй дəстүрінің о бастағы саз-сарынын көз алдымызға əкеледі. Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы наурыздың 25-інде Атырау облысы, Махамбет ауданының Таңдай ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Алматы консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірді. Қали Жантілеуов, Құбаш Мұхитов, Уәли Бекенов сияқты күй майталмандарынан дәріс алып, үлкен өнер жолына түседі. 1967 жылдан бастап Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер қызметтерін атқарады. Қ.Ахмедияровтың репетуарында қазақтың халық сазгерлерінің күйлері, орыс және Батыс Еуропа сазгерлерінің белгілі шығармалары орын алды. 1974 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданады, домбыра кафедрасын басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысып, ол өңдеген қазақ сазгерлерінің шығармалары музыкалық оқу орындарында және концерттерде орындалды. Қ.Ахмедияров тек шебер орындаушы ғана емес, ол зерделі зерттеуші, 60-тан астам күй шығарған талантты композитор ретінде де танылған тұлға. Оның «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя» және т.б. күйлері елге кеңінен танымал. «Атырау», «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты.Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Домбырамен сүйемелдеудегі дәстүрлі ән айту арқылы жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру да ұлттық тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі. Өткен ғасырдың аса құндылығы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...», «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойныңа кірер денең...», - деген жолдарында, ұлы Абай әннің өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген.Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр.Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі.Әншілік – жалпы өмірдің бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін, образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір қайшылықтарының, әсерлі дыбыстарының, әуендерінің жиынтығы. Әннің қоғамдық әлеуметтік сипаты, тәрбиелік мәні елдің санасынан бір сәт тысқары қалмаған. Кең далада желдей есіп, ауыздан-ауызға тарап, толассыз кезіп жүретін ән мен күйді халық жан дүниесінің ең асыл мұраттарындай дәріптеп, таратып отырған. Халықтың рухани байлығы, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманымыздың тарихи шежіресі. Әнді негізінде шығарушы да, шырқатып салушы да – халық. Әннің қасиетін қазақ халқы қадірлей біліп: «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Ақылың болса жыр тыңда...» - деген сөздер арқылы жақсы айтқан. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-баба сұлу ән, асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетеледі. Ең кереметі сол, ән қанатында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен тіл берік сақталып заманның алдын орап, кейінге тарады. Мұның өзі отбасынан Отан тұтастығына дейін тамырын үзбеген дәстүрге айналды. Сондықтан, дәстүрлі айтыстар, «Тойбастар», «Беташар», той-думандардағы қыз-жігіттердің ән-күй сайысы, лирикалық, тұрмыс-салт жырлары, аспаппен сүйемелдеп айтылатын аңыз-ертегілер - халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы - жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру үшін таптырмайтын құнды материал деуге болады. Кеңес өкіметі жылдарында бұл қазынаны барша қауым жинастырылып, осы заманғы дыбыс техникасының барлық түріне салды. Осының арқасында сонау тұңғиық заманында жарық көрген ән, өлең мен жыр қазақ халқының күнде көріп, қалауынша естіп, рухани ләззат алып отыратын асыл қорына айналды.Сонау Сыр бойынан Алтайға дейін, Алатаудан Жайыққа дейінгі ұшан-теңіз даланы жайлаған қалың халық ғасырлар бойы жасаған музыка мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, байыта берді, олардың мәдениеті алдағы елдердегідей нотаға жазылып, дыбыс құралына түспей-ақ халықтың ауыз әдебиеті сияқты біреуден онға, оннан мыңға тарап, өлмес-өшпес халық қазынасына қосылып жатты. Қазіргі таңда жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы әлемнің тынысын байқау, баланың сана-сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеп, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю сезіміне баулу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда, іс жүзіне асыруда домбырамен дәстүрлі ән айтудың үлкен маңызы бар. Ән айтудың ерекшелігі - балалардың санасына ғана емес, сезіміне де, ой-өрісіне де әсерін тигізетіні анық. Ән үйренер кезде өлеңнің мазмұнын түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Қазақ халқының ән айту мектебі бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелсіз жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе домбырамен жеке ән салу дәстүрі мол тарап, ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға жалғасып тауып, дамып келеді. Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады.