Просмотр содержимого документа
«Ма?ала "Сырнай сазы"»
Сырнай сазы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Л.Нүркебекова
Сырнай-қазақтың музыкалық аспабы. Гармонь, гармоника (грек.тілінен аударғанда «үндестік», «үйлесімділік» деген мағына береді) клавишті-пневматикалық аспапқа ұқсас.
Қазіргі сырнай-нәзік сазға толы, тілшікті гармон түріне жататын барынша жетілдірілген аспап. Тұңғыш шыққан қол гармонының отаны Германия деп есептеледі.Неміс шебері Фридрих Бушман 1822 жылы ойлап тауып, 1829 жылы австриялық шебер Кирилл Демиан қол гармонын жетілдірді. Гармонды жетілдіруде Н. Белобородовта көп еңбек сіңірді. Гармоншы-орындаушы Я. Орланский-Титаренконың сұрауы бойынша Петерборлық шебер
П. Стерлигов ежелгі атақты орыс жыршысы Боянның құрметіне баян деп аталған аспап жасап шығарды. Сонымен бірге үн шығаруы мен аккомпанементтік тонның көптігіне байланысты оны-аккордеон, баян, гармонь, сырнай деп атайды. Қазақта аспаптың «сырнай» деп аталуы оның дыбыстық ерекшеліктері мен жасау тәсіліне байланысты қолданылады. Шағын гармонның көрігін қатты картон қағазбен қаптап, оны «қағаз сырнай» деп атап кеткен.
1940-жылдары көп тембрлі, дайын-терулі баяндар пайда болды. Бұл аспаптарда регистрлерді ауыстыру арқылы орган дыбысына ұқсас, дыбыс күші, дыбыс әдемілігі арта түсті. Соңғы кездері арнайы тапсырыстармен жасалатын күрделі «Юпитер», «Россия» т.б баяндардың оң жақ клавиатурасы бес қатардан тұрады. Диапазоны Ми үлкен октавамен Си 4-октавалардың араларындағы ноталарды қамтиды. Сол жақ клавиатурадағы терулі дыбыс қатарының диапазоны Ми контроктава мен Ми 3-октавалардың аралығы. Бұл аспаптарда 12-17 дыбыс регистрлері бар. Ал кейбір регистрлер (3-тен 7-дейін) орындаушылардың шығарманы үзбей орындауларына ыңғайлап, иекпен ауыстырып отыруларына арнап, баянның оң жақ корпусының жоғарғы жағына орналастырған.
ХIХ ғасырдың басында мәдени және сауда қатынасы арқылы гармоника Қазақстанға тарала бастады. Гармониканың құрылысының қарапайымдылығы, орындау жеңілділігі, арзан бағасы көшпелі халықтарға алып жүруге ыңғайлылығы қазақ музыканттарының қызығушылығын туғызып, Қазақстанда дамуының басы болды.
Қазақ халқының есінде ұлы ақындар мен гармонда орындаушылардың есімі сақталып қалды. Атап айтсақ: Жаяу Мұса Байжанов, Әсет Найманбаев, Кәмшібай Таубаев, Шашубай Қошқарбаев, Кенен Әзірбаев, Майра Шамсутдинова, Тайжан Қалмағамбетов, Нартай Бекежанов, Әміре Қашаубаев, Болат Сыбанов, П. Берсүгіров, Жайнақ.
Алғаш рет сырнай сырнай аспабын оркестрге белгілі сазгер, музыка танушысы Ахмет Жұбанов енгізген болатын. Баян аспабы дами келе түрі, дыбысы, тембрі, дыбыс диапазоны күрделеніп жетілді. Бұл аспап қазіргі таңда орындаушылардың сүйікті аспабына айналды. Нәзік үні бар аспапта лирикалық туындылар орындалады. Сырнай аспабын сол жақ клавиатурасыз елестету қиын. Сол жақ клавиатурада тек сүйемелдеуге арналған дайын аккордтармен қатар теріп ойнауға лайықты дыбыс қатары (оң жақ клавиатураға ұқсас) баян аспабында орындаушылардың күрделі музыкалық шығармаларды, әсіресе фортепианоға арнап жазылған полифониялық шығармаларды түп нұсқасында, әртүрлі октаваларда орындауға мүмкіндік береді. Баян өзінің орындаушылық мүмкіндігімен органға ұқсас аспап. Полифониялық жанрда органға арналып жазылған шығармалар баянда орындағанда өте жақсы естілуде, әрі баянда орындаушының дүние танымын арттыру үстінде. Қазіргі кезеңде органға арналып жазылған музыкалық шығармалар баянда оқитын оқушылардың оқу жоспарларынан және концерттік бағдарламаларынан орын алып, елімізде өтетін әр түрлі деңгейлердегі байқаулардың жіне дүниежүзілік конкурстардың репертуарына енді. Сол жақ клавиатура өзінің әдемі аккордтары арқылы тыңдаушыға жақсы әсер қалдырады.
Сырнайдың сол жақ клавиатурасы бес қатардан тұрады.
Олар: 1. қосымша қатар (қ)
2. негізгі қатар( н)
3. мажор (б)
4. минор (м)
5. септаккорд ( 7)
Сол жақ клавиатураның бір ерекшелігі-түгелдей таза квинта интервалы, яғни квинта айналымы бойынша құрылған. До дыбысынан бес басқыш жоғары санасақ соль нотасы шыгады. Осылай таза квинта бойынша ноталар пайда болады. Әрі қарай бемольді тональдіктерді табу үшін негізгі қатардағы до дыбысынан төмен қарай бес басқыш санаймыз, сонда фа мажор тональдігі шығады. Осындай тәртіппен қалған тональдіктер табылады және мажор мен минорда мынадай кестелер пайда болады:
Мажорда: Минорда:
1. C-dur- 0 1. a-moll-0
2.G-dur-1# 2. e-moll-1#
3.D-dur-2# 3.h-moll-2#
4.A-dur-3# 4.fis-moll-3#
5.E-dur-4# 5.cis-moll-4#
6.H-dur-5# 6.gis-moll-5#
7.Fis-dur-6# 7.dis- moll -6#
8.Сis-dur-7# 8. ais-moll 7#
Сырнайды ертеректе көмеймен айтылытын халық әндерін сүйемелдеуге де, ансамбль құрамында да қолданылған. Мәселен, сыр бойы қазақтары бұл аспаппен айтысқа қатысып, жыр толғаса, Арқа өңірі мұнымен ән сүйемелдеп, ойын-тойларда басты аспап ретінде пайдаланған. Сонымен қатар сырнай аспабы тұрмыста фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде, жеке орындаушылық, сүйемелдеуші қызметін атқарады.
Сонымен қатар баян аспабы - арнайы музыкалық мектептерде, колледждерде, университеттер мен падагогикалық институттардың музыка факультеттерінде, академияда және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияда оқытып үйретеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сырнайда орындау мен оқытушылық кәсіби деңгейге көтерілді.
Орындаушылық саласында- Д.Тұяқбаев, О.Абдуллаев,
С.Сейтханов, В.Демченко, Д.Ахметова, З.Смақова, С.Қожахметов, Д.Сұлтанов, А.Ефременко, А.Гайсин т.б баян аспабын Қазақстанда дамытып, өз үлестерін қосып жүр.
Әлемге танылған Қазақстандық сырнайшылардың қатарына- Д.Сұлтанов, А.Ефременко, А.Гайсин т.б орындаушыларды жатқызуға болады.