kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное работа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Знаменитый казахский композитор Шамши Калдаяков. Король казахского вальса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное работа»







Әдеби-музыкалық кештің тақырыбы: «Қазақ вальсінің королі»











Музыка пәнінің мұғалімі:Омарова Г.К

Рудный қаласы:2016ж





Әдеби-музыкалық кештің тақырыбы: «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов Құрметті қауым,әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана,мөлдір махаббат,шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып,ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі,қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Қазақ вальсінің королі» атты ән кешіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған,

Өзін әнмен қарсы алдырған,

Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Ш. Қалдаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор. Туған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып, жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Шәмші жүрегі, Шәмші тілегі, Шәмші әуені үнемі халқымен бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән әлемі ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балап, бүгінгі «Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов» Қазақ халқының біртуар перзенті,вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының,яғни социолистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған. Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын,атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ. Өмірі мен шығармашылығы. Мақсат, Токажаева Айгүл

Шәмшінің «Менің Қазақстаным»атты әні жайлы. Бейне таспа(видео) Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным" әнінің шығу тарихы Кейбір әндер бір ұлттың тағдырынан сыр шертеді. Сол сияқты, композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің қазақстаным» әнінің арқалаған тарихи жүгі ауыр. Олай дейтінім, кеңестік үкімет 1956 жылдары ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасының құрамынан бөлуге әрекеттенеді. Мақсаттары, қазақ жерінде және бір автономиялы дербес республика құрмақ екен. Осы тұста Шәмші Қалдаяқов қазақтың жерін бөлшектетпейміз. Оған рұқсат жоқ деп, рухани қарсылығын білдірген осы әнді дүниеге әкеледі. Композитор бүкіл қазақ халқының атынан, қызыл кремльдің сойқан саясатына деген наразылығын осылай ән арқылы жеткізеді. Қазақ ССР Компартиясының идеология бөлімінен әннің сөзін өзгертуге арнайы бұйрық беріліп, кезінде сөздері өзгертілген екен. Ән тепкінің астында қалды десе болады. Соған қарамастан «Менің Қазақстаным» әні әнші Жамал Омарованың орындауында, автор мен ұлтжанды редакторлармен өзара тонның ішкі бауындай келісе отырып «Қазақ радиосының» әуе толқынында күніне бес- алты мәрте шырқалып тұрады. Осылайша, қазақ елінің түкпір - түкпіріне тарайды. Сазгердің отбасы туралы сөз ететін болсақ, зайыбы-Жәмила апай, үлкен ұлы Мұқтар Абай атындағы мемлекеттік опера балет театрының дирижеры, кіші ұлы пианист болып, әке жолын қуып қызмет етеді. Сазгердің қай әнін алсақ та, шығу тарихы ерекше бір-бір дастан. Осы әндерінің ішіндегі ерекше халық арасына кең тараған әндерінің бірі

Шәмшінің ең танымал әндерінің бірі «Арыс жағасында» Арыстың жағасында туған бұл әнді кім білмейді?! Бірақ, бұл әнді де кезінде өкімет қиянаттың қыспағына алып, радиоға, теледидарға жібермей қойыпты. Сол кезде Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов студияға тығылып кіріп жасырын түрде өлеңді радиоға жазып, биліктің рұқсатынсыз радиодан беріп жіберіпті. Міне, сол кезде бұл әннің қазақ халқына қалай ұнағанын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! Ән сол сәтте-ақ халықтың жүрегінен жол тапты., Бейне таспа Сөзі : Мұхтар Шахановтікі Ән- «Арыс жағасында» Орындайтын: Зиядинова Мадина

Ән- «Кешікпей келем деп ең» Орындайтын Куанышов Асет

Шәмші Қалдаяқовтың Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбановаға арнап шығарған әні

1991 ж 20 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.Бірде-бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін,ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды Ән- «Өмір өзен» Cлайд видео Би: «Домбыра»

2010 жылы: «Бақыт құшағында» әндер жинағы үшін Қазақстан республикасының әдебиет өнерінің Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты атақтарына ие болды.

Шәмші Қалдаяқов 1990 ж тамыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты… Солардың бірі «Творчествалық жолыңызда сізді ренжіткендер болдыма?» деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен:Мен өмірде қанша ән салсам,сонша жылаған болуым керек… Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсемде,жамандық көрсемде өзімнен»деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы-халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерімде бар. Ән- «Бақыт құшағында» Орындайтын: «Дуэт» Бахыт,Гүлназ

Шәмші ағамызға арнап өлең шығару.3 «В» сынып оқушысы Диас

Ән « Сыр сұлу»» Орындайтын: Райымбаева Жанерке

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300-ге жуық ән жазған.Шәмші әндері тұнып тұрған лирика махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде студенттік және отбасылық кештерде, демалыс кезінде әуелетіп шырқайтын.

Ән: « Алғашқы махаббат» Орындайтын: Утемуратов Жасулан

Менің Қазақстаным деп шырқаған жастардың арманы орындалып Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқы үшін 100 жылға созылған бостандықтан босауына Шәмші әнінің осылай септігі тиді. Бұл ән еліміздің әнұраны болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы республика алаңына «Елім-ай» әнімен бірге осы әнді айтып шықты.

Қазақстан-мерейім,

Сені төрден көрейін

Жеңісіңе желпініп

Жемісіңді терейін

Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы,нәр беруші сол Ана.

Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?Ана-теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай-қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.

Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті.Жазылмастай дертке шалдыққан анасы алматыдағы баласын шақыртады.

Балам, деді көзіне жас алып,-жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.

Апа қарыздармын саған… Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл 1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.

Бұл аналар туралы Әнұран болатын.

Ән- «Ана туралы жыр» Орындайтын Квартет Мадина. Жасулан,Жанерке, Тимур

Олай болса,бізді бүгін «Қазақ вальсінің королі» атты әдеби сазды кешіміз тамамданды.

Шәмші әнін өз әлімізше шырқадық. Біз «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші ағаның алдында бас иеміз.

Кешке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Внеклассное работа

Автор: Омарова Гульжихан Кайрбековна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375855

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Внеклассная работа по математике. "
    ["seo_title"] => string(36) "vnieklassnaia-rabota-po-matiematikie"
    ["file_id"] => string(6) "172340"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423809635"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Внеклассная работа по географии "
    ["seo_title"] => string(36) "vnieklassnaia-rabota-po-ghieoghrafii"
    ["file_id"] => string(6) "206731"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430244596"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) ""Внеклассная работа по русскому языку и чтению в коррекционной школе VIII вида"."
    ["seo_title"] => string(76) "vnieklassnaiarabotaporusskomuiazykuichtieniiuvkorriektsionnoishkolieviiivida"
    ["file_id"] => string(6) "281110"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453470601"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Внеклассная работа - способ повышения интереса к изучению ИЯ "
    ["seo_title"] => string(69) "vnieklassnaia-rabota-sposob-povyshieniia-intieriesa-k-izuchieniiu-iia"
    ["file_id"] => string(6) "115132"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1411844692"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ К ВНЕКЛАССНОЙ РАБОТЕ ПО УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЕ «ЕСТЕСТВОЗНАНИЕ (ФИЗИКА)» "
    ["seo_title"] => string(106) "mietodichieskiie-riekomiendatsii-k-vnieklassnoi-rabotie-po-uchiebnoi-distsiplinie-iestiestvoznaniie-fizika"
    ["file_id"] => string(6) "173808"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424025407"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства