kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?н- к?й шежіресі» ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Ба?дарламалы? мазм?ны: Балалар?а ?лтты? би ?имылдарын ?йрету, ?ыздарды? ?олыны? пластикасын дамыту. Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату, білу. Жа?а ?лтты? аспаптармен таныстыру. К?йлерді ты?дау?а, тану?а, сипаттама беруге, графикалы? сызы?пен, бояумен бейнелеуге ?йрету. Жатты?у — ?ндерді ыр?а?ына ?арай шапала?тау. Музыкалы? дыбыстарды? т?мендеумен, жо?арлауын есту. ?ндерді ?ндете, интонациалы? таза орындау?а ?йрету. Балаларды ?лтты? музыка?а, шежіреге с?йіспеншілікке т?рбиелеу. Оркестрде ойнау?а деген  ?ызы?ушылы??а т?рбиелеу.
        Пайдаланатын ??ралдар: ?лтты? аспаптар, к?йшілерді? суреті, аудиотаспада?ы к?йлер, «К?ктем жа?быры» ?ні, дидактикалы? ойындарды? ??ралы, фланелеграф.
     Ж?мыс мазм?ны: 
1.    ?уенді — ыр?а?ты? ?имылдар.
Би екеуден: «К?ктем жа?быры» ?ніне.
2.    Ты?дау: 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?н- к?й шежіресі» ерте?гілік »

Коксегенова Жадыра Акылбекқызы

Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан қаласы, №3 «Айналайын» балабақша музыка жетекшісі



«Ән- күй шежіресі» ертеңгілік

Ересектер тобында  ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыкалық іс- әрекет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: музыка сабағы
   
Тақырыбы: Ән- күй жежіресі.

       Бағдарламалық мазмұны: Балаларға ұлттық би қимылдарын үйрету, қыздардың қолының пластикасын дамыту. Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату, білу. Жаңа ұлттық аспаптармен таныстыру. Күйлерді тыңдауға, тануға, сипаттама беруге, графикалық сызықпен, бояумен бейнелеуге үйрету. Жаттығу — әндерді ырғағына қарай шапалақтау. Музыкалық дыбыстардың төмендеумен, жоғарлауын есту. Әндерді әндете, интонациалық таза орындауға үйрету. Балаларды ұлттық музыкаға, шежіреге сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оркестрде ойнауға деген  қызығушылыққа тәрбиелеу.
        Пайдаланатын құралдар: ұлттық аспаптар, күйшілердің суреті, аудиотаспадағы күйлер, «Көктем жаңбыры» әні, дидактикалық ойындардың құралы, фланелеграф.
     Жұмыс мазмұны: 
1.    Әуенді — ырғақтық қимылдар.
Би екеуден: «Көктем жаңбыры» әніне.
2.    Тыңдау: 
        Аспаптарды дыбысынан ажырату (металлофон, тайтұяқ, сыбызғы, асатаяқ, ксилофон) Оркестрде ойнау: «Сәулем-ай», Байділдаев, «До-ре-ми»,  Құрманғазы «Ақсақ  киік». Жаңа аспаппен таныстыру. Қобыз туралы айту. Қобызшының орындауында күй тыңдау. Құрманғазының күйлерін «Кісен ашқан», «Сарыарқа» — тыңдау, тану, салыстыру, сипаттама беру, графикалық көрсету, қай бояу (қызыл, қара) күйге сәйкес келетінін көрсету. 
3.    Әуенді — дидактикалық ойындар: 
        1)  Ән—жаттығу  «Ақбалық» — 3 түрлі клавиштерден     
              бастап  айтқызу және ырғағымен шапалақтау.
        2)  «Үш қоңырау»  әнін айту. Қай қоңырау ойналғанын есту, фланелеграфта көрсету;
        3) «Біз баспалдаққа шығамыз» — жаттығуды 3 түрлі клавиштен     
            бастап айту және әуен төмендегенін әлде жоғарлығанын естіп айту, қолмен көрсету;
4.   Ән салу:  1) «Домбыра сазы»  И.Нүсіпбаев
                      2)  «Киіз үй»   Тұрсынбаев
                      3)  «Ана тілім ардақты».
5. Домбыра туралы аңыз: қыздар — «Қазақ биі», ұлдар — садақпен, «Құсбегілер» биі.
6.   Ойын: Домбыра алу.
Қостілділік компоненті: көктем- весна, жаңбыр- дождь, қысқа- короткий, ұзын- длинный, аңыз- шежіре.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: 
          Балалар екеуден кіріп  «Көктем жаңбыры»  әніне екеуден билейді.  (орындықтарын отырады).
Саз жетекшісі:  Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше. Ерекшелігі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан біздер келген қонақтарымызға ән—күй сабағымызда не үйрендік соның бәрін көрсетейік. Ой, балалар бізге әнші балапан  қонаққа келіп тұр. Қолында сазды сиқырлы қоржыны бар екен. Әнші балапан, сенің қоржыныңда не бар? 
Балапан: Балалар, Сәлеметсіздер ме, менің қоржынымда сиқырлы ноталар бар,  әрбір нотаның тапсырмасы бар, сол тапсырмаларды орындасаңыздар, сізді сыйлық күтіп тұр. 
Саз жетекшісі: Ой, рахмет, балапан. Сенің ноталарың бізге өте қажет, балапан сен бізбен бірге қал, қонақ бол. Ал, балалар балапанның ноталарының тапсырмаларын орындайық. 
        Бірінші нота  «до» — артында аспаптардың суреті тұр. Кәне, аспаптарды тыңдайық. Көп аспаптармен таныстық. Аспаптарды дыбысынан танып, айтайық. (саз жетекшісі ширманың артына аспапты көрсетпей ойнайды, балалар аспаптарды 
үнінен табады). 
— Өте жақсы, балалар. Балалар, көп аспаптарды бірігіп ойнағанды қалай атайды?  Дұрыс, оркестр. 
— Ал оркестрдің жетекшісін қалай атайды?  Дұрыс, дерижер. Ендеше біздер оркестр құрып ойнайық: халық әні — «Сәулем — ай»; Байділдаев  ән: «До-ре-ми»; Құрманғазы «Ақсақ киік».
        Ал, балалар, балапанның екінші нотасы «ре» — артында қобыздың суреті тұр.
        Ал, бүгін біз жаңа аспаппен танысайық. Қазақтың өте көне аспабы — қобыз немесе қылқобыз. Қобыз ағаштан ойылып жасалған, ысқышпен ойналатын, ішекті музыкалық аспап. Қобыз аспабымен Қорқыт есімі тығыз байланысты. Қорқыт атаны — қобыз атасы деп те атайды. Қобызды ойлап шығарған Қорқыт ата. Қобызды тізеге қойып, ысқышпен ысып ойнайды. Шежіре бойынша Қорқыт дүниеге келгенде қатты дауыл тұрды,  найзағай жарқылдады. Бала дүниеге келгеннен сөйлей бастайды. «Ерекше қасиетті болып өмірге келген, бәрімізді қорқытқан» деп есімін «Қорқыт» қояды. Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді. Ол қобызын тартқан кезде жылап жатқан бала жылауын тоқтатып, құстар сайрағанын қойып, соққан жел соғуын тоқтатып қобызды тыңдайды екен. Қорқыт бірде түсінде бірнеше адамның көр қазып жатқанын көреді. Қорқыт олардан «кімнің көрін қазып жатырсыңдар?»  деп сұраса, олар Қорқыт әулиенің  моласын қазып жатырмыз депті. Мұны естіген Қорқыт 40 жыл өлімнен қашып, жер бетін кешіп, көшіп-қонып жүрген. Бірақ оны жылан шағып өлтіреді. 
          Қызылорда облысында Қорқытқа ескерткіш орнатылған. Пішіні қай жақтан қараса да, қобызға ұқсайды. Төрт қобыз қатар тұрған секілді. Жел соққанда, қобыздың үні естіледі. Балалар, бізге бүгін қонаққа қобызшы келіп тұр. Ол бізге бір күй орындап береді. 
Күй.
          Осымен, балалар, біз бүгін қобызбен және Қорқыт атамен таныстық. Балапанның үшінші нотасы «ми» — артында «күй» деген жазуы бар.  Балалар қазақ ұлттық аспаптарының арасында домбыраның орны ерекше. — Домбыраға арнайы шығарылған музыканы қалай атайды? 
— Күйді кім шығарады? Қандай күйшілерді білесіз?  (Құрманғазы, Дәулеткерей, Д.Нүрпейісова, қорқыт)  Ал қазір Құрманғазының екі күйін тыңдаймыз. Сіз оларды тыңдаңыздар, сипаттама беріңіздер, не елестеттіңіздер соны айтыңыздар. Қандай графикалық сызық және бояу сәйкес келеді соны көрсетіңіз.  (балаларға екі түсті карточкалар үлестіру).
1.    «Кісен ашқан»  (атау, қандай көңіл күйі, сызық, бояу).
2.    «Сары арқа» (атау, қандай көңіл күй, не елестейді, сызық, бояу).
Өте  жақсы, балалар. Сонымен, балалар, күйді кім шығарады? Дұрыс, күйші.
         Ал, балалар, қоржыннан шыққан төртінші нота «фа» — артында «балық, қоңырау, баспалдақ» — суреттері бар. Ол деген біздің дидактикалақ ойындар ғой. Ал, еді дидактикалақ ойындар ойнап жіберейік. 
1)    Ән—жаттығу  «Ақ балық» үш  түрлі клавиштен бастап айту, ырғағына шапалақтау. Бір — бірлеп шапалақтау. Фланелеграфта көрсету—ұзын дыбыс, қысқа дыбыс.
2)    «Үш қоңырау» әнін айту. Фланелеграфта көрсету: қай қоңырау ойналды жоғары, орташа, төмен дауысты.
3)     «Баспалдақ» әуенінің жоғарылауын, төмендеуін, суреттен көрсету — қуыршақ баспалдақтың жоғарысында немесе төменінде.
        Бесінші нота  «соль» — артындағы тапсырма  «Әндер» деп жазылған. 
Балалар әннің әуенін композитор шығарады, сөздерін ақын шығарады. Мысалы:  «Киіз үй» әнін екі кісі шығарды, сөзін жазған Баянбаев, музыкасын жазған композитор Тұрсынбаев. Кәне,  «Киіз үй» әнін айтып жіберейік.
1.    Ән: «Киіз үй».
2.    Екінші ән: «Домбыра сазы» — сөзін жазған Талғаров, музыкасын жазған  И.Нүсіпбаев.
3.    Ән: «Ана  тілім ардақты».
        Өте жақсы, балалар. Сонымен әнді кім шығарады? (ақын, композитор). Мен білемін сіздер ән салғанды өте жақсы көресіздер. 
        Алтыншы нота  «ля» — артында домбыраның суреті салынған және  «аңыз»  деп жазылған. 
         Балалар музыкамен адамның, табиғаттың түрлі көңіл күйін бейнелеуге болады. Сазбен жеткізе алмағанды күймен, музыкамен жеткізуге болады. Сондай оқиға туралы бір шежіре сақталған. Шежіре дегеніміз — халық арасында кең тараған және сақталған аңыздар, әңгімелер. Сонымен домбыра туралы бір аңыз тыңдайық: «Ерте2 ертеде бір хан болыпты. Ол өте бай болыпты. Оның ауылдарында халық бақытты өмір сүріпті, сұлу қыздар мерекелерде көңілді билер билепті.
«Қазақ биі»  (қыздар)
Ханның жалғыз ұлы болыпты. Баласы аң аулағанды өте жақсы көріпті. Бір күні ол әкесіне келіп.
Баласы: Әке мен аң аулауға шығамын, батаңды Бер.
Хан: Балам көктемде аңдар төлдейді, аң аулауға шықпа, обал болады.
Саз жетекшісі: Бірақ баласы әкесін тыңдамай, достарымен сапарға шығады.
Көрініс:Би(садақтармен,құсбегілер аттарда)Құрманғазы  «Адай»
Хан: Менің ұлым қайда? Кім маған менің ұлым туралы жаман хабар әкелсе, соның аузына қорғасын құямын. 
Күй  «Көңіл толқыны» (Еңсепов) — бір бала ойнап береді. 
Хан: өшір үнін! Менің  ұлым қайтыс болған екен ғой, әкеліңдер қорғасынды (домбыраға құяды)».
1 бала: Төгілсе күйдің тамшысы,
Құмарың досым қанды ма?
Даланың кәрі жыршысы,
Қасиетті қара домбыра.
      2 бала. Бабамның сырын тыңдашы,
   Күй болып жеткен мол мұра.
   Қазақтың жаны сырласы
   Қасиетті қара домбыра.
Саз жетекшісі: Көрдіңдер ме, балалар, домбырамен қуанышты да, қайғыны да тыңдаушыға жеткізуге болады. 
        Жетінші нота  «си» — артында «Ойын»  деп жазылған.  Ал, қазір домбырамен ойын ойнап жіберейік, шеңберге отырыңыздар. 
Ән: Домбыраның құлағын,
Мәнерімен  бұрадым.
Ал достарым тыңдасын
Әнге қосып жырласын.
(Бір бала ортада домбырада  «ойнап» отырады, балалар еркем—ай әнінің музыкасына домбыра туралы ән айтып, қыздар отырып билеп, ер балалар «домбыра» ойнағандай қимылдар жасап отырады. Содан кейін ортадағы бала тұрып шеңбердің ішінде музыкамен  жүгіреді. Музыка тоқтағанда, екі баланың ортасына домбыраны көтеріп тұрады, екі бала шеңберді қарама—қарсы айналып шығып, домбыраны тезірек алу керек. Кім бірінші алады, сол ортаға отырады. Ойын қайтадан  басталады).
Саз жетекшісі: Сонымен, балалар, біз бүгін  «ән, күй, шежіре»  деген түсініктермен таныстық. Әнші балапан, сенің тапсырмаларыңа  көп — көп  рахмет біз бәрін дұрыс орындадық па? 
Балапан: Көп рахмет сіздерге балалар! Мен сізге сыйлық ретінде үлкен чупа—чупс алып келдім (саз жетекшісіне береді). Бәріңіз де белсенді қатыстыңдар. Көп рахмет. Сау болыңыздар!
        Музыкамен шығып кетеді.



























«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ» . КҮЗГЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕНГІЛІК
Күз мерекесіне арналған мектепалды даярлық
тобында өткізілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балабақша апайлары,қонақтар!
Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Күнсұлу-ата-аналар комитетінің төрайымы, 2.Майгүл-мүшесі, 3.Ұлмекен-мүшесі, 4.Дина-балабақша әдіскері.
Жүргізуші: Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын)
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.)Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Тосын сәт» (Бағбан ата тапсырмалары)
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздың әншісі Нұрхан әсем әнін арнайды.
Ән: « Беташар»

«Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.Назерке: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Сәдуақас Назерке мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.

2.Айда: Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Айда атым Мейрамбектің қызымын мен,
Дүйсекен тегі, Мизам немересі.

3.Ақтыныс: Руым Қожа , мен қазақ,
Мақсоттың немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың берген өнегесі.

Алғаш аштым балабақша есігін,
Қуатқызы Ақтыныс менің есімім,
Туып өстім Елтайда,
Алтын ұя –бесігім .

Құлкеш маған нағашы,
Қызыл тонның жағасы.
Мен үшін өте қымбат қой,
Нағашының бағасы.

5.Зылиха: Айдосқызы Зылиха атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем Айдос, анам бар Алтынгүл атты,
Үлгі тұтар ағам бар Астанәлі.

6.Дильназ: Әке-шешем мақтаған,
Дильназ қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.

Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

Ән: «Туған жер» Алмас,Диас,Әділхан, Сырым,Санжар, Асылбек.

2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып,ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.

3. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
(күзгі байлықтардан жарнама жасау)

1.Назерке (Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып ,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

2.Зылиха:(сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.
3.Айда: (картоп)
Мен картоппын,картоппын,
Жер жүзінде мен көппін.
Тамаққа көп қолдансаң,
Пайдамды сонда білерсің.
4.Дильназ:(пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
5.Ақтыныс:(қияр)
Мен қиярмын,қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырыныммен жуарсың.
( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)

Ән: «Айгөлек» Нұрхан,Диас,Назарбек.
Әділ-қазылардың берген бағасы.

4. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)

Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.
Ән: «Біз балдырған баламыз.

Әділ-қазылардың берген бағасы.

5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
6. «Тосын сәт» (Бағбан атаның тапсырмасын орындау)
Ән: Айгөлек
Әділ-қазылардың берген бағасы.
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» Мағжан,Нұрхат.
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылды.
1. «Күз ханшайымы» - Назерке .Е.
2. «Әнші ару» - Ақтыныс.М.
3. «Биші ару» - Айда. М.
4. «Сүйкімді ару» - Дильназ.Е.
5. «Шебер ару» - Зылиха.А. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«?н- к?й шежіресі» ерте?гілік

Автор: Коксегенова Жадыра Акылбек?ызы

Дата: 04.07.2015

Номер свидетельства: 222237

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ертегі еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(28) "iertieghi-ielinie-saiakhat-2"
    ["file_id"] => string(6) "241167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445188439"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Халы? ертегілеріндегі ?ас?ыр бейнесі"
    ["seo_title"] => string(47) "khalyk-iertieghilierindieghi-k-ask-yr-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "330263"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464175835"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "" Аяз би " ертегісі"
    ["seo_title"] => string(19) "aiaz_bi_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "349957"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476717410"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tildierin_damytuda_auyz_diebiietinin_man_y"
    ["file_id"] => string(6) "399642"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489348888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "«О?итын отбасы-?асыр ?лгісі» о?ырмандар бай?ауы"
    ["seo_title"] => string(41) "okitynotbasygasyrulghisiokyrmandarbaikauy"
    ["file_id"] => string(6) "270719"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451237036"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства