Оқушылардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі алатын орынының маңыздылығын берілген түрлі тапсырмалар арқылы өздігінен меңгерту. Өзара сыйластық қарым- қатынастарын нығайту арқылы, достық пен мейірімділікке оқушыларды тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік қасиеттерін жасөспірімдер бойына қондыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік – асыл қасиет»
«Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаты: Оқушылардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі алатын орынының маңыздылығын берілген түрлі тапсырмалар арқылы өздігінен меңгерту. Өзара сыйластық қарым- қатынастарын нығайту арқылы, достық пен мейірімділікке оқушыларды тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік қасиеттерін жасөспірімдер бойына қондыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, өзіндік дәлел – уәждерін сенімді жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өзін – өзі, бірін – бірі бағалай білуге, жұптық – топтық жұмыста қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ұл балалар және қыз балалар арасындағы достық, сыйластық бір – біріне деген мейірімділік қасиеттерін дамыта отырып, ерекшеліктерін түсіндіру;
Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Анаға, үлкен , кішіге деген мейірімділік асыл қасеттерін көрсету.
Тәрбие бағыты: рухани-адамгершілікті қалыптастыру
Сабақ әдісі:Топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, пікір алмасу, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту, АКТ.
Әуен қосылған кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның атыда дәл сендердікіндей. Қолдарынды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғаның сезіңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздегі «Мен осындаймын», «Мен онымен біргемін» — деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздерінің күлкілерінді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашан бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі оны тек өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріне іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылықтарынды естісін. Сездіңдерме , ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін сездіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтандар !
Енді көздерінді аша қойындар. Қолдарынды жоғары, содан соң екі жаққа созындар.
-Терең дем алыңдар!-міне тамаша .
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Тақырыпқа шығу
А) Достар, интербелсенді тақтада тұрған суреттен не көріп тұрсыңдар?
Оқушылардың жауабы: Атыс, қару ұстаған балалар, қатыгездік.
Ә) Ал осы суретте адамдар арасында не көрінбейді? Қалай ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабы: Жақсылық, сыйластық, мейірімділік, рухани адамгершілік т.б.
ІІ. (Оқушыларға үш түрлі 18 сурет таратылады (оқушылар санына байланысты) «Күннің көзі», «Қария мен бала», «Раушан гүлінің шоқтары» суреттер таратылады. Осы суреттер бойынша І топ: «Жақсылық», ІІ топ: «Мейірімділік», ІІІ топ: «Қайырымдылық» топтары құрылады)
Құрылған топ арасынан өз келісімдері бойынша топ басшылары сайланады. Топ басшының бастауымен топ ережесі құрылады. (Топ ережесі шығарылады)
Тапсырмамен жұмыс:
1 – тапсырма:
«Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбын флипчартқа түсіру. (Үш топ флипчартқа түсіреді)
2- тапсырма:
«Сахналау»: Үш топқа интербелсенді тақтада үш түрлі «[email protected]» электрондық поштаға жедел үш хат келеді (SMS дыбысымен), (хаттың ішінде мейірімділік оқиғалары). Топ басшылары өздеріне келген жолдама хатты алып, тобымен бірге бірлесе отырып, алған хат жағдаятты белгілі бір уақыт ішінде көрініс қойылымын көрсетеді.
І топ: «Жақсылық»
… Байғұс сәби тағы да ауруханада.
Ініме мен күн сайын келіп тұрам. Пряник, кәмпит әкеп беремін. Мұнда оны келісімен моншаға салған, шашын алған. Тап-таза іш киім, халат берген. Күйген қолын добалдай етіп таңып, ақ жаймалы, сеткалы темір кереуетке жатқызып қойған. Мен алғаш келгенде өз інімді өзім танымай қала жаздадым. Түрінен кісі шошығандай бұрынғы Тұрдыбек емес, екі көзі қарақаттай, сүп-сүйкімді біреу. Мені көріп, әдемі жымиып күледі. Інім екенін сонда ғана таныдым.
Адамды адам ететін де, хайуан ететін де тұрмыс екен, мен соны білдім.
Бір күні сабақ, соңынан Тұрдыбекке тағы да келген едім. Төсегінің қасында отырмын. Тұрдыбек сау қолымен жастығының астын сипалап, бірдеңе іздей бастады. Сөйтсем, үш тал домалақ кәмпит екен.
– Мә, аға, же, саған сақтап қойдым, – деп, ұсынып жатыр.
Бұл кәмпиттерді таңертең шаймен берген. Тұрдыбек жемей, өз аузынан жырып, маған сақтап қойыпты. Інімнің бауырмалдық қылығына іші-бауырым еріп кеткендей болды.
Күнделікті күйбең тірліктерім аяқталып үйге қайтып келе жаттым. Кіреберістен қолмен жазылған парақшадағы хабарландыруға көзім түсті: «Құрметті көршілер! Бүгін шамамен 9.20 шыға беріс есікте 120 рубль жоғалттым. Егер тауып алғандар болса 76 пәтердегі Антонина Петровнаға қайтарып берулеріңізді өтінемін. Зейнетақым 1640 рубль.». Қалтамнан 120 рубль бөлек санап алып көтерілдім де, есіктегі қоңырауды бастым. Қария есікті ашты. Ақша ұсынып тұрған мені көріп құшақтап көзіне жас алып былай деді: «Дүкенге ұн алып келе қояйын деп шыққам. Қайтар кезде кіреберісте кілтімді алып жатқан кезде түсіріп алсам керек». Бірақ! Ол ақшаны алудан бас тартты! Сөйтсем, бас аяғы бір-екі сағаттың ішінде әжейдің ақшасын «тауып алып» қайтарып тұрған алтыншы(!!!) адам екенмін! Мейірімді жандардың көп болғаны қандай жақсы!
ІІІ топ: «Қайырымдылық»
Жақында институттан қайтып келе жатып аялдаманың маңында ұлы отан соғысы ардагерін көрдім. Ол алдына орден мен медальдарын жайып сатып отыр екен… қан майданда қан кешіп жүріп алған марапаттарын. Ол оларды сатып өзіне тамақ алмақшы. Жанына келіп күмәжнектегі бар ақшамды шығарып оған беріп жатып айттым: «мына менің барлық ақшамды алыңыз, бірақ өзіңіздің абыройыңыз бен айбыныңызды болмашы ғана теңгеге оған лайықсыз адамдарға сатпаңыз». Ол жылап жіберді, ақшаны алып барлық ордендерін жинап алақанына салып сүйді, сосын қарияның құмыққан үні зорға естілді: «Рахмет саған». Осындай сәттерде мен бүкіл әлемді өзгерте алатындай күшке ие болатындай көрінеді. Олмағансенімбереді.
3- Тапсырма: Диалогтік оқыту.
І топ: «Жақсылық» тобына – «Мейірімділік – асыл қасиеттің бірі » тақырыбында куммулятивтік әңгіме (топтық)
ІІ топ: «Мейірімділік» тобына – «Мейірімділік отбасынан ба, әлде білім ордасынан?» әңгіме – дебат (пікірталас)
ІІІ топ: «Қайырымдылық» тобына – «Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққы байланысты» Әл – Фараби. Айтылған нақыл сөзбен мейірімділік тақырыбын зерттеп, байланыстыру. Зерттеушілік әңгіме.
4- тапсырма:
І топ: «Жақсылық» тобына - «Мейірімділік – менің түсінігімде...» тақырыбына буклет жасау.
ІІ топ: «Мейірімділік» тобына - «Мейірімділік – менің түсінігімде...» тақырыбына эссе жазу.
ІІІ топ: «Қайырымдылық» тобына - «Мейірімділік – менің түсінігімде...» СИНКВЕИН әдісі, өлең шығару.
5 – тапсырма: «Алты қалпақ» әдісі:
І топ: «Жақсылық» тобына - «Ақ қалпақ» «Менде қандай ақпарат бар?»
ІІ топ: «Мейірімділік» тобына – «Сары қалпақ» «Мейірімділік – асыл қасиет тақырыбының жағымды тұстары, әсері»
ІІІ топ: «Қайырымдылық» тобына – «Көк қалпақ» «Жалпы шолу»
Оқыту үшін бағалау (Формативті бағалау)
І топ: «Жақсылық» тобы – смайлик арқылы
ІІ топ: «Мейірімділік» тобы – бағдаршам арқылы
ІІІ топ: «Қайырымдылық» тобы – қол сигналдары арқылы