Просмотр содержимого документа
«22-наурызға арналған ертеңгілік»
Мақсаты:Наурыз мерекесі, наурыз көже туралы түсінік беру.Көркем сөз, мақал-мәтел жаттау.Өз халқының, елінің салт-дәстүрлерін жақсы біліп, оны іс жүзіне асыра білуге тәрбиелеу.
Ән-күй жетекшісі: Сарсембаева А.М.
Павлодар 2014ж
Қатысушы кейіпкерлер
Жүргізуші
Әже
Қой
Батыр
Қыс ханшайымы
Қыдыр ата
Көктем
Музыка сүйемелдеуімен залға балалар кіреді, орындарына отырады.
1бала:Армысың, Наурыз,
Мереке, ырыс, береке.
Қош келдің сені
Күтуде бүгін кең өлке.
2бала:Армысың, Наурыз
Қуаныш болып кір төрлет
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый құрмет!
3бала: Сені күттім, Наурызым,
Көктем боп қашан келер деп.
Берекелі мерекең,
Қуанышқа бөлер деп.
4бала: Көрініп жиі күлімдеп,
Төбеден күн күледі.
Ұшып кеткен құстар да,
Көктемде қайтып келеді.
5бала:Би билейміз ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып.
Тәтті әнді таңырқап,
Тыңдайды ел тамсанып.
ӘН «НАУРЫЗ-біздің жаңа жыл»
ЖҮРГІЗУШІ:Балалар біз бүгін жиналған себебіміз, көптен күткен көктем мезгілін қарсы алып отырмыз.Біздің қазақ жерімізге көктем мерекесі Наурыз келіп жетті.Бүгінгі мерекеде шаттанып, көңіл көтерейік.Бүгін бізге көп қонақтар келеді.Ал, міне бірінші қонағымыз да келіп қапты.
(музыка сүйемелдеуімен ақ әже келеді, қолында көжесі бар, сөздерін айтады)
ЖҮРГІЗУШІ: Ақ әже сәлеметсізбе! Біздің мерекеге келгеніңізге көптен-көп рахмат.Әже қолыңызда не бар сіздің?
ӘЖЕ: Бұл қарағым, Наурыз көже!
ЖҮРГІЗУШІ: Әже Наурыз көже туралы айтып кетсеңіз.
ӘЖЕ:(Наурыз көже туралы айтып кетеді)
ЖҮРГІЗУШІ: Рахмет әже, төрлетіңіз дастарханымызға жайғасыңыз.Енді біздің балаларымыздың дайындаған салт-дәстүріне көңіл бөлейік.
(Қой көңілсіз тұрады)Қой саған не болды?Көңіл күйің неге жоқ?
Қой:Балалар біз мында күліп, ойнап мәз мейрам болып жатқанда, ана зұлым, қыс ханшайымы біздің келер Көктемді, сиқырлап тас қылып тастапты. Егерде біз Көктемге, көмектеспесек Наурыз мерекесін біз қалай қарсы аламыз?
ЖҮРГІЗУШІ:Иә, дұрыс айтасың, бірақ бізге ол тасты жару үшін кім көмектесер екен.А, мен білемін Батырдан көмек сұрауымыз керек.
(Залға Батыр келеді)
БАТЫР: Сәлеметсіздер, ме достар!Мені шақырдыңыздар ма?Не болып қалды?
ЖҮРГІЗУШІ:Иә, бізге сіздің көмегіңіз керек.Қыс ханшайымы біздің келер көктемді сиқырлап тас қылып тастапты. Біз көктемді құтқармасақ,Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?
БАТЫР:Мен Көктемді қалай құтқару екендігін білемін, егерде біз күшті, көңілді, тату болсақ.Міне менің қолымда сиқырлы тас.Егерде біз ән айтсақ, би билесек.Ә істеген жақсылыққа менің тасым үлкейіп, орталарыңа Көктем оралады. Бірақ өз күшімізге сенуіміз керек.
ЖҮРГІЗУШІ:Ендеше Батыр біздің ұлдармен бір тамаша би билеп жібер.
БИ «ҚЫЛЫШ»
ОЙЫН «САҚИНАҒА АСЫҚТЫ АТ»
(ойынды Батыр өткізеді)
(ойыннан соң жел үні естіледі, залға Қыс ханшайымы келеді)
ҚЫС ХАНШ:Тағы сен бе? Менің жолымда тұрған!Мыналардың мәз болуын қараңдар.Жоқ, жоқ.Менің зұлымдығыма ешкімнің айласы жеткен емес.Келмейді Көктем,жел соғып, боран борап келместей қылдым Көктемді,қатырып тастадым көктемді.Сен Батыр, маған осы жолы кедергі жасай алмайсың.
БАТЫР:Мұның дұрыс емес, көре жатармыз. Халықта ˮдосы көпті, жау алмайды» деп тектен-текке айтылмаған.Міне көрмейсің бе, көктемді достары күтіп отыр.Қайтар бізге көктемді.
(Қыс ханшайымы басын изейді,келіспейтін кейіпін көрсетеді))
ЖҮРГІЗУШІ:Ал сіз мүмкін біздің балалардың әндерін тындайсыз!
ҚЫС ХАНШ: Ал ән не туралы?
ЖҮРГІЗУШІ: Көктем, көбелек туралы.Біздің қыздарымыздың орындауында ән «көбелек».
ӘН «КӨБЕЛЕК» , «КӨБЕЛЕК»биі сүйемелдеуінде.
ҚЫС.ХАНШ:Шаршадым, жалықтым әндеріңді тындап.Мен ойын ойнағанды ұнатамын.
ЖҮРГІЗУШІ: Ал қандай ойын ойнағың келеді?
ҚЫС.ХАНШ: Қалай қандай, әрине менің сүйікті ойыным, әтештер.
ЖҮРГІЗУШІ: Достықты жеңе алмайсыз. Оданда балалардың мақал-мәтелдерін тыңдаңыз.
Ашу- дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақыл дос, ашу-дұшпан.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын.
Бірлігі бар елдің,тірлігі бар.
Ерлік – жүректе, күш білекте.
(Батыр, мақал айтылып жатқанда, тасты ауыстырады)
БАТЫР: Бітті сенің зұлым күшің, балалардың жақсылықтарына менің тасым үлкейді.
ҚЫС.ХАНШ:Жо-оқ мүмкін емес, мен еріп барамын,бұл не көктемнің келе жатқаны ма? Жо-оқ мүмкін еме-е-с.
(Қыс ханшайымы залды айналып кетеді, соңынан Батыр еріп кетеді.Залға Көктем мен Қыдыр ата келеді)
КӨКТЕМ: Армысыңдар, балалар!
Тағы келдім сендерге
Наурыз тойын тойлайтын,
Келіп жеттім елдерге
Тіршіліктің бастауы
Көктем мезгілі мен болам.
Рахмат сендерге балалар, жақсы тілектеріңмен мені құтқарып алдыңдар.
ҚЫДЫР АТА: Ассалаумағалейкум, халқым менің.
Ардақта наурыз салтыңды елім.
Мереке басы болсын береке
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің.
Амансыңдар ма балаларым, қандай бәрің әдемісіңдер, бойларың да өсіп қалыпты.Наурыз құтты болсын!Отбасыларыңнан береке бірлік кетпесін.
ЖҮРГІЗУШІ: Әумин ата!Айтқаныңыз келсін.Қыдыр ата, біздің балалар сізді көп күтті.Қырықтың бірі, қыдыр деген қош келіпсіз Қыдыр ата.Сіздің жүрген жеріңіз бақ-береке, деп естуші едік.Мына біздің бақшамызға да басқан қадамыңыз құт-береке әкелсін.Біздің балалар сізге деген әндері бар екен қабыл алыңыз.
ӘН «КӨКТЕМ КЕЛДІ БҮГІН»
(әннен кейін Ақ әже орнынан тұрып, шашуын шашады.Ортаға 1 ұл бала шығып Қыдыр атадан бата тілейді)
ҰЛ БАЛА: Ата, батаменен ел көгерер,
Жаңбыр мен жер көгерер,
Қыдыр ата өзіңізден бата күтеміз.Иләй әмин!
ҚЫДЫР АТА: Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол!
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!Әумин!
ЖҮРГІЗУШІ: Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Осымен құрметті қонақтар, мерекеміз аяқталды.Отбасыларыңызға береке, молшылық тілейміз.Сау болыңыздар.