kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі: 1) Жай бөлшектерді көбейту амалын орындауды үйрену
2) Жай бөлшекті, аралас санды, натурал санды көбейтуді үйрену.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.»

Тексерілді____________

ОІМ: Г.С.Туралиева

02.02.2016 жыл


Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: 1) Жай бөлшектерді көбейту амалын орындауды үйрену
2) Жай бөлшекті, аралас санды, натурал санды көбейтуді үйрену.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру:

Өткенге қайталау. Эстафета түрінде өткізіледі.

1) Оқушылар тақтаға шығып кезекпен жай бөлшек жазып келесісі оқып,алымын,бөлімін атап, дұрыс, бұрысын айтады.
2)Осылай келесі оқушы аралас сан жазып оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.
3) Тақтаға оқушы шығып бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады, мүмкін болса азайтады.
4) Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әртүрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады, мүмкін болса азайтады.
Соңында екі аралас сан жазылып олар тағы да қосылып, азайтылады.
Осы қайталау нәтижесінде оқушылар жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді.
Енді жекелеп тексеру үшін әр оқушыға алдын ала дайындалып әкелген тест тапсырмаларын таратып 5 минут ішінде орындап беру ұсынылады.Тақтада жасырын ілулі тұрған дұрыс жауаптар ашылып, әр оқушыға неше балл алғанын өздеріне тексеруге болады.

Тест тапсырмалары мынадай:

Мәнін табыңдар:
3/11 + 5/11 = А. 2/11 ; Б. 6/11 ; В. 8/11

1/3 + 3/4 = А. 4/12 ; Б. 10/12 ; В.1 1/12

51/6 — 2 = А. 31/6; Б. 21/6; В. 35/6.

10- 32/7 = А. 72/7; Б. 65/7; В. 62/7;

75/12 + 3 = А. 10; Б. 105/12; В. 108/12

Тақтаға үш теңдеу жазылған тапсырма ілінеді.
Ол тапсырмаларды орындауға оқушылар тақтада жұмыс істеп жатқанда орында отырғандар да осы тапсырмаларды орындайды, әрі тексеріп отырады.
Тақтаға мынадай тапсырмалар ілінеді:
Теңдеулерді шешіңдер:

457/12 + х = 7659/60

х + 231/16 = 511/6

х + 117/30 = 35/24


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалдырады.
а) Натурал санға бөлшекті көбейту әдісін мына мысалмен көрсетуге болады:
4/7 ∙ 5= (4+4+4+4+4)/7 = (4 ∙5)/7 ;

4/7 ∙ 5= (4 ∙5)/7= 20/7 .

Жалпы түрде:
а/в ∙ с = (а ∙с)/в;

б) Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту мысалы:

1/2

1/2

АВСД – тік төртбұрыш
АВ-ені
АД – ұзындығы
Сызбада енімен ұзындығы тең екі бөлікке бөлініп тұр. Боялған кіші төртбұрышты ені а = 1/2 , ұзындығы в = 1/2.
Осы боялған тік төртбұрыштың ауданын табайық.
Ол үшін оның ұзындығы мен енін көбейту керек.
Оқушыларға сұрақтар коя отырып ,өздеріне қорытып шығарту керек.
Сонымен, S = а∙ в= 1/2 ∙ 1/2=1/4 .
Бұл теңдік қалай шыққанын оқушылардың өздерінен сұрап, оқушылар өздері де түсіндіріп береді.
Осыған ұқсас екінші мысал келтіреміз.
Сызбаағы боялған тіктөртбұрыштың ауданын табу керек:

(2 )/3

4/5
а = (2 )/3 ; в = (4 )/5;
S = а∙ в= 2/3 ∙ 4/5=8/15 . 2/3 ∙ 4/5= (2 ∙4)/(3∙5)=8/15;
(а )/в ∙ с/d = (а ∙с)/(в∙d) ;
Оқулықтан ережесін оқушылар өздері оқып шығып, мүмкін болса жатқа айтып көреді:
3/8 ∙ 2/5 = (3 ∙2)/(8 ∙5) = 6/40 = 3/20;

31/2 ∙ 2 1/14 = 7/2∙ 29/14=29/4=7 1/4;

31/2 ∙ 2/3 = 5/(2 ) ∙ 2/3 = 5/3= 12/3;

Сабақты бекіту кезеңі:

1. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
2. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
3. Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер?

Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады

Үйге тапсырма:

§6.4















Тексерілді____________

ОІМ: Г.С.Туралиева

02.02.2016 жыл



Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» туралы теореманы тұжырымдау, оны терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:


саяхат сабақ

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

1) Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

2) Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

Жаңа тақырып:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

Сыныпқа сұрақ:

— Үшбұрыштың екі доғал бұрышы болуы мүмкін бе?

— Үшбұрыштың екі сүйір бұрышы болуы мүскін бе?

Ауызша есеп:

1) А=320 , В=450 , С=?

2) А=600 , С =280 , В =?

3) В=780 , С =550 , А =?

5.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

1) Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

2) Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштың шамасы 1120. үшбұрыштың барлық бұрыштарын анықтаңыз. Жауабы:

2. Үшбұрыштың бұрыштары 3:7:8 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең үлкен бұрышын анықтаңыз. Жауабы: 800

3. Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең кіші бұрышын анықтаңыз. Жауабы: 500

4.Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі сыртқы бұрышы 700. үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 350, 350, 1000

5. АВС үшбұрышында АС және ВС қабырғалары тең. В төбесіндегі сыртқы бұрыш 1300-қа тең. АВС үшбұрышының бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 500, 500, 800

6. АВС үшбұрышында . С төбесіндегі сыртқы бұрышты табыңыз.

Жауабы: 1400

7. Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады. Жауабы: 2

8. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1100

9. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштарының бірі 370. үшбұрыштардың ішкі бұрыштарын есептеңіз.

Жауабы: 680, 370, 750

10. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 950. онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысын табыңдар. Жауабы: 950

11. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы:

12. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы: 1100

13. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 300-қа тең, ал сыртқы бұрыштарының бірі 400-қа тең. Үшбұрыштың қалған бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 1400, 100

14. АВС үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрыштардың қосындысы (әрбір төбеден бір-бірден алынған) қосындысы 2400-қа тең. Үшбұрыштың С бұрышын табыңдар.

Жауабы: 600

15. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының бірі екіншісінен 380-қа артық. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 370, 680, 750

16. Тең қабырғалы үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы:600, 1200

17. МNК үшбұрышында NК=18 см, ал N бұрышының сыртқы бұрышы 1500 тең. MN-ге жүргізілген биіктікті табыңыз. Жауабы: 9 см

Бекіту : 

1.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең? 
2. Сыртқы бұрыш дегеніміз не? 

Бағалау

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады

Үйге тапсырма беру






.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.

Автор: Абиев Бердибек Жумагалиевич

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392972

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару"
    ["seo_title"] => string(52) "zhai_bolshiektierdi_kobieitughie_iesieptier_shyg_aru"
    ["file_id"] => string(6) "390787"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486885513"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Жай б?лшектерді к?бейту "
    ["seo_title"] => string(28) "zhai-bolshiektierdi-kobieitu"
    ["file_id"] => string(6) "176496"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424430198"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Жай б?лшектерге амалдар ?олдануды пысы?тау"
    ["seo_title"] => string(44) "zhaibolshiektierghieamaldarkoldanudypysyktau"
    ["file_id"] => string(6) "273555"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452246440"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Урок "Рационал б?лшектерді к?бейту." "
    ["seo_title"] => string(38) "urok-ratsional-bolshiektierdi-kobieitu"
    ["file_id"] => string(6) "172533"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423832320"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Квадрат ?шм?ше. Квадрат ?шм?шені к?бейткіштерге жіктеу." ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(71) "kvadratushmushiekvadratushmushienikobieitkishtierghiezhiktieuashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "288833"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454682236"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства