Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп - лицейі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кунтуарова А |
Сынып: 5 «В» | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жәй бөлшекке айналдыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.3.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу 5.1.2.25 Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру |
Сабақ мақсаттары | Өтілген белгілі мәліметтің мәнін терең ұғыну және оларды қолдану бойынша іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Мәселелік тапсырма бойынша топта жұмыс жасау арқылы оқушылар жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруды үйренеді, ондық бөлшектерді оқу және жазу дағдыларын бекітеді, қай бөлшектерді ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіреді |
Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі | Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту; Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру |
Сабақ типі | Жаңа сабақ |
Бағалау критерийлері | Оқушылар - ондық бөлшектерді оқиды және жазады; - жай бөлшектерді ондық бөлшекке екі тәсілмен аударады; - ондық бөлшектердің разрядтарын атайды; - қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектерге аударуға болатынын, қайсысын аударуға болмайтынын түсінеді; - микрокалькуляторда жай бөлшекті ондық бөлшекке аударуды орындайды. |
Тілдік мақсаттар | Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшектң ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды. Пәнге тән лексика мен терминология: -ондық бөлшек- decimal fraction; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - разрядтық бірліктер - жоғары (үлкен) разряд; - төменгі (кіші) разряд; - разрядтық бірліктер; - ондық таңбалар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады. Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …) |
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады, жаһандық азаматтық ондық бөлшек ұғымының даму тарихына саяхат жасау арқылы, ондық бөлшекті жазудың заманауи нұсқасымен танысу арқылы іске асырылады. |
АКТ қолдану дағдылары | Микрокалькуляторлар, интерактивті тақта, |
Бастапқы білім | Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың разрядтары |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу Топқа бөлу. | 1,2,3,4 |
Сабақтың ортасы 25 минут | Сабақтың мақсатымен таныстыру Критерия: ондық бөлшектерді оқу және жазу жәй бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу Видеофайл қарау: «Қандай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады».http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=11484 Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады. Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары Оқылуы: бес бүтін мыңнан бір жүз жиырма сегіз. «Ондық бөлшектерді жазу» Сандарды кестені пайдаланбай қалай жазуға болады? Ол үшін бізге оның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлуіміз керек болады. Оларды бөлу үшін үтір немесе нүктені қолдану келісілген. Біздің елімізде үтірді пайдаланады, ал АҚШ тағы басқа елдерде нүктені пайдаланады. Соныменондық бөлшектер былай жазылып оқылады: 2,3 немесе 2.3 Оқылуы:екі бүтін оннан үш Жазылуы:екі, үтір,үш немесе екі, нүкте, үш 2 әдіс:бөлімінде мүмкін болатын көбейтінділердің ең кішісі 10, 100, 1000 ... разрядтық бірліктері болатындай санға бөлімін көбейту. немесе. «Өрмекші» әдісі (топтық жұмыс) Оқушылар плакатқа жәй бөлектерді ондық бөлшекке айналдырудың алгоритмдерін жазып шығады Деңгейлік тапсырма А № 597 Дискриптор: 1.жәй бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу және оқу В № 600 Дискриптор: 1.бұрыс бөлшегін аралас сан түрінде жазады 2.аралас санды ондық бөлшек түрінде жазады және оқиды С №603 Дискриптор: 1.бөлімін 10 еселік болатын бөлшекке келтіреді 2.жәй бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады және оқиды | интерактивті тақта плакатпен жұмыс кітаппен жұмыс |
Сабақтың соңы 10 минут | Қорытынды «Дамино» әдісі (топтық жұмыс) Дискриптор: жәй бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу Үй тапсырмасы №599 Бағалау «ақылды үкі» Рефлексия «попкорн» - не білдім, не үйрендім - нені түсінбедім - неге көңіл аударуым керек | Қима қағаз |
Қосымша ақпарат |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? тапсырмаларды іріктеу, топтағы қолдау | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау арқылы жүргізіледі. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
Рефлексия |
-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? - Оқушылар бүгін не үйренді? -Сынып атмосферасы қандай болды? - Дифференциация жұмыс жасады ма? - Барлығына уақыт жеткілікті болды ма? - Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге? | Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды. Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді. Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды. Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? . |