kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

5.5.3.3

жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу"»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1.C Жай бөлшектер

Мектеп: «Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 03.10.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Оразимбекова С.С

Сынып: 5 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу


Сабақтың түрі

Жаңа ұғымды меңгерту сабағы (қашықтық сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.3.3

жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды:

  • координаталық сәуледе нүктені орналастыру арқылы, талдай отырып деректер беруге, көлемді, толық жауаптар беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

  • координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын меңгеруіне, координаталық сәулені бейнелей білуге, жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледе орнын анықтай білуге үйрету

Бағалау

критерийлері


Білу

координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын біледі

Қолдану

жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, координаталық сәуле, бірлік кесінді, нүктенің координатасы,...

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

қазақша

орысша

ағылшынша

Жай бөлшек

Обыкновенная дробь

Usual fraction

дұрыс бөлшек

Правильные обыкновенные дроби

Proper fractions

бұрыс бөлшек

Неправильные обыкновенные дроби

Improper fractions

аралас сан

Смешанные числа

Mixed numbers

координаталық сәуле

Координатный луч

Co-ordinate ray

бірлік кесінді

Единичный отрезок

Unit

нүктенің координатасы

координаты точки

Coordinates of a point


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

Алған білімдерін физика, химия, информатика пәндерінде қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Active Inspair тақтасымен жұмыс жасау

Бастапқы білім


Сәуленің түсінеді және сыза біледі. Жай бөлшектерді, соның ішінде дұрыс және бұрыс бөлшектерді біледі. Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыра біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут







Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ой түрткі:

  1. Үлес дегеніміз не?
    2. Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
    3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
    4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
    5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
    6. Аралас сан дегеніміз не?


Ватсаб желісі арқылы жауап береді










10 минут









































































жаңа сабақ: Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауын ұсынамын.

Видео ұсынамын

Тапсырманы орындау алгоритмі:

  1. Ох сәулесін сол жақтан оң жаққа қарай сызыңдар;

  2. Ох сәулесінің бас нүктесі – О нүктесіне 0 санын сәйкестендіріп, О нүктесін санақ басы етіп алыңдар.

  3. Ох сәулесінің бойынан ұзындығы 5 см кесіндіні алып, кесіндінің ұшына 1 санын сәйкестендіріп, А нүктесімен белгілеңдер. (ОА бірлік кесінді)

  4. Сәуленің санақ басынан (О – нүктесінен) бастап жалғастыра екі бірлік кесіндіні салып, 2 санын сәйкестендіріп, В нүктесін жазыңдар.

  5. Сәуленің бойында 3 санын кескіндеу үшін, сәуленің санақ басынан (О – нүктесінен) бастап жалғастыра үш бірлік кесіндіні салып, оның ұшын С , м белгілеңдер. (Осылайша жалғастырғанда координаталық сәуле сызылады.Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес келетін сан, осы нүктенің координасы деп аталады.)

  6. Сонан соң осы кесіндінің бойынан бөлшектерін кескіндеп , оны әріптермен белгілеңдер.


Тапсырма барысында мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. Ох сәулесінің бойындағы бір нүктеге неше сан сәйкес келеді?

  2. Координаталық сәуле қалай сызылады?

  3. Бірлік кесінді деп нені түсінесің?

  4. Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?

  5. Нүктенің координатасы дегеніміз не?

  6. Дұрыс және аралас бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?

Қорытынды:

Ереже : Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.

Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін :

1. бөлшектің бөлімінде қандай сан болса, бірлік кесінді сонша тең бөлікке бөлінеді.

2. бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек.

• Дұрыс бөлшек 1 – ден кіші болғандықтан, ол координаталық сәуледе 0- ден 1- ге дейінгі аралықтағы нүктелермен кескінделеді.

• Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1- ден үлкен болғандықтан, координаталық сәуледе 1-де немесе 1- дің оң жағында кескінделеді.

• Координаталық сәуле бойында берілген нүкте бір ғана санға сәйкес келеді

Жай бөлшек пен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын белгілеу үшін, бірлік кесіндінің ұзындығын дұрыс таңдау маңызды.

Жай бөлшектерді координаталық сәуледе белгілеудің ең қолайлы нұсқасы — бірлік кесіндіні бөлшектің бөліміндегі сандарға сәйкес тор көздермен алу керек.

Мысалы, егер, сандарын координаталық сәуледе белгілеу берілсе, онда бірлік кесіндінің ұзындығын 5 тор көзден тұратындай етіп алған жөн.

Егер бөлшек әр түрлі бөлімде берілсе, онда координаталық сәуленің бірлік кесіндісін мүмкіндігінше барлық бөлшектердің ортақ бөлімдеріне сәйкес келетін тор көздермен алған жөн.

Мысалы, егер бөлшектердің бөлімдері 8, 4 және 2 болса, онда бірлік кесінді ұзындығын сегіз тор көз етіп алған ыңғайлы.

санын координаталық сәуледе белгілеу қажет болса, бірлік кесіндіні 8 бөлікке бөліп, соның 7 бөлігін аламыз.




Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017ж.










РРТ, слайдтар, қосымша Білімлендтен алынған видео






5 минут

Оқулықпен жұмыс №437 есеп

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді пайдаланып

бірлік кесіндінің ұзындығын дұрыс таңдайды

Бөлшектің бөліміне қарап бірлік кесіндіні тең бөліктерге бөледі

Бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндінің сонша бөлігін алады.

Аралас сандарды дұрыс кескіндейді


Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017ж.


10 минут

Жеке жұмыс:

1. Екі үйдің арасында ит мысықты көріп қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді ретінде алып: 1) иттің тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 2) мысықтың тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 3) мысық иттен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта? Бөлшекпен жазыңдар.



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді пайдаланып

Бірлік кесінді неше бөлікке бөлінгенін табады

Нүктелерге сәйкес координаталарды табады және жай бөлшек түрінде жазады

Арақашықтықты табады


Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2015ж.


Сабақтың соңы


3 минут

Үйге тапсырма: 438, 439 есептер

Оқушылар бағаланады.

Рефлексия

- Мен осы сабақта не білдім ......

- Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын.....

- Сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім (смайликпен таңдау)







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тапсырманы ұсыну

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Білімін актуалдандыру үшін теориялық түсінікті қайталауға берілген қысқа жауапты сұрақтар.


2: Әр оқушының жеке жауапкершілігі, белсенділігі сабақтағы алға қойылған мақсатқа кол жеткізуге зор ықпалын тигізді.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тайм менеджмент


2: Берілген тапсырмаларды оқушылардың өздері толық орындалуы үшін негізгі түсініктерді, ұғымдарды толық білуі керек.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу"

Автор: Оразимбекова Сымбат Сериковна

Дата: 10.11.2020

Номер свидетельства: 563002

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру"
    ["seo_title"] => string(49) "zhai_bolshekterdi_zh_ne_aralas_sandardy_salystyru"
    ["file_id"] => string(6) "484289"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541660520"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру"
    ["seo_title"] => string(51) "zhai_bolshekterdi_zh_ne_aralas_sandardy_salystyru_1"
    ["file_id"] => string(6) "484290"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541660564"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Арифметикалық прогрессия және оның n-ші мүшесінің формуласы"
    ["seo_title"] => string(63) "arifmetikalyk_progressiia_zh_ne_onyn_n_shi_mushesinin_formulasy"
    ["file_id"] => string(6) "484291"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541660685"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жай б?лшектерді ?осу. "
    ["seo_title"] => string(27) "zhai-bolshiektierdi-k-osu-2"
    ["file_id"] => string(6) "196795"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428124157"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "на тему: "Жай б?лшектерді орта? б?лімге келтіру" "
    ["seo_title"] => string(53) "na-tiemu-zhai-bolshiektierdi-ortak-bolimghie-kieltiru"
    ["file_id"] => string(6) "164738"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422693901"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства