Сабақтың ортасы | Жай бөлшектерді бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Мысалы: Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі, кез-келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оны бұрыс бөлшекке айналдырып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек. Мысалы, Натурал санды бөлшекке бөлу. Бөлшекті натурал санға бөлу. Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал санды бөлімі бір болатын бөлшек түрінде жазамыз. Сонан соң бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады. «Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос) Сергіту сәті, топқа бірігу түрі. Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы мақал-мәтел айтып оқушыларды тәрбиелеуге болады. 1-топ: дұрыс бөлшек 2-топ: бұрыс бөлшек 3-топ: аралас сан 4-топ: бүтін «Желпуіш» әдісімен А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен есептер жазылады, кейін шешу жолдары жазылып, талқыланады. Топтар өзара желпуіштерін алмасып, бағалау жүреді. №607(1,3,5,7), 608(1,3,5,7), 609(1,3,5,7) есептер. | Оқулық №1Жұмыс дәптері, Стикерлер, А-4 түрлі түсті парақтар Презентация |
Сабақтың соңы | Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі. | |