Күні: 19.09.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Сапакова У.Б |
Сынып: 6 | Пәні: Математика | |
Сабақ тақырыбы | Тура және кері пропорционалдық тәуелділік |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсіну; - тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікті ажырата алу. |
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау: С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады? С-2: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер. С-3: Қандай шамалар кері пропорциноал шамалар деп аталады? С-4: Кері пропоционалға мысал келтіріңдер. | Презентация |
6 – 13 мин | Графикалық диктант -Егер екі шаманың біреуі 3 есе артқанда, екіншісі 3 есе кемитін болса, онда екі шама тура пропорционал болады - Жылдамдық тұрақты болғанда, уақыт пен арақашықтық арасындағы тәуелділік тура пропорционал болады. - Шаршының периметрі мен қабырғасының ұзындығы арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Машинаның жүк көтергіші мен олардың санының арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Егер екі шама кемігенде біреуі 2 есе, ал екіншісі 4 есе өссе, онда екі шама кері пропорционал болады. - Адамның жасы мен оның аяқ киімінің размері кері пропорционал болады. - Уақыт тұрақты болғанда жылдамдық пен арақашықтық арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Трактордың жұмыс жасаған күні мен оның шапқан жерінің аудуны тура пропорционал болады. - Бірдей дәптер сатып алады. Дәптердің саны мен оның сатып алған құны тура пропорционал болады. Дұрыс жауаптары: — + — + — — — + + | http://gigabaza.ru/doc/24958.html Қосымша 1 |
14 – 23 мин | Өз беттік жұмыс. Тест жұмысы жүргізіледі. Жауаптарын дайын жауаппен өздері тексереді. | |
24 – 25 мин | Сергіту сәті. «Көңілді күн» | |
26 – 37 мин | Жеке жұмыс 1- тапсырма Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын велосипедші белгілі бір жолдың бөлігін 6 сағатта жүріп өтті. a) Егер жүрілген жолдың ұзындығы 1,5 есеге артық болса, уақыт қанша есе өзгереді? b) Егер қозғалысқа кеткен уақыт 1 сағатқа кемитін болса, жүрілген жол қанша есе қысқарады? Дескриптор: Білім алушы берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды; пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады; пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді. 2-тапсырма Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған. a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек? b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді? Дескриптор: Білім алушы берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды; пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды; комбайн санын есептейді; кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді. | Қосымша 3 |
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады). Бүгінгі сабақта... білдім … үйрендім … қиындықт туындады … әлі де жұмыстануым керек … маған қызық болды? | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен графикалық диктантты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті |