Күні: 24.01.2015 жыл Сыныбы: 8 «Г» Пәні: Физика |
Сабақтың тақырыбы: | Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштің электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. |
Сабақтың мақсаты: | Тізбек бөлігі үшін Ом заңын зерделеп, физикалық мағынасын, формуласын, электр кедергісі, тәуелді болатын шамалар, өлшем бірлігі жайлы мағлұмат беру. Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, есептер шығару жолдарын үйрету. Оқушылардың таным объектілерін салыстыра білуін, негізгілерді бөліп алып, қорытындылар жасай білу машығын жетілдіруіне жағдай жасау; Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиеленеді. |
Негізгі идеялар: | Электр тогы деп электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Өткiзгiштегi оң зарядталған бөлшектердiң қозғалыс бағыты электр тогының бағыты ретiнде алынады. Пропорционалдық k коэффициенті өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді екендігін, бірқатар тәжірибелер нәтижесінде осы тәуелділікті ашып, k коэффициентінің орнына оған кері R = 1/ k шамасын алып, оны өткізгіш кедергісі деп атады. Г. Омның құрметіне кедергі оммен (Ом ) өлшенеді. 1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойына 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. I= k U= U/R Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі. - Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал. Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады. Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады. кедергінің шартбелгісі. |
Күтілетін нәтиже: | Тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен, кедергі және оның өлшем бірліктері мен шарт белгілірі туралы мағлұмат алады. туралы мағлұмат алады. Кедергіні қандай құрылғының көмегімен өлшеу керектігі жөнінде үйренеді. Топта бағалай алатын болады Сыни ойлауы дамиды |
Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құрал жабдықтар |
2 мин | І. Сабақ барысы: 1.Оқушылармен сәлемдесу 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 3. Түгелдеу 4. Топқа бөлу (ток күші, кернеу, кедергі) | 1.Оқушылар берілген түстерге қарай топтарға бірлеседі.R1=6 | Қызыл, жасыл, сары түсті қағаздар |
10 мин | ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Ток күші дегеніміз не? 2.Ток күшін өлшейтін құрал. 3. Кернеу дегеніміз не? 4.Вольметр қандай құрылғы? 5.Амперметр тізбекке қалай жалғанады? 6. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? | 2. Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына жауап береді. Жеке оқушыларға карточка таратылады: Жеке карточка бойынша өздік жұмыс I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд. A) 3000 Кл. B) 600 Кл. C) 6000 Кл. D) 0,6 Кл. E) 60 Кл. Металл өткізгіш бойымен 320 мкА ток ағып жатыр.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрондар саны A) .B) C) D) E) Ток күші 30 мкА. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 нс ішінде өтетін электрондар саны (е =1,6∙10-19Кл) A) B) C) D) E) 5 с ішінде өткізгіш қимасы арқылы өтетін заряд 50 Кл болса, онда ток күші А) I = 200А В) I= 100А С) I= 2А D) I= 10А Е) I= 20А | |
12 мин | ІІІ.Тапсырма Ролдерге бөлініп, «Жигсо» әдісі арқылы оқулықтағы «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштің электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі.» тақырыптарын 3 ге бөліп береді. | Оқушылар 5 ролді: лидер, баяндамашы. Хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бағалау парағын жүргізеді. Әр оқушы өзіне жүктелген ролдің міндеттерін атқарады. Дәптерге керек анықтамалар мен формулаларды жазып отырады. Топ пікірлерін тыңдау. | Оқулық |
18 мин | ІV. Тапсырма Жеке жұмыс. Есептер шығару. Қосымша материалдардан 18-жаттығу.1,4 1)Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 болады. Өткізгіштің кедергісі неге тең? 4)Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай керену берілуі тиіс. 19 жаттығу, № 5,6,8 5.Теңіздегі мүнай мүнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы оператор басқару орнында амперметр 4 А-ді, вольтметр 30 В-ті керсетсе, электр сымының мүнай мүнарасынан жагаға дейінгі үзындығын табыңдар. 6.1800 м тереңдіктегі бүрғылау үңғымасына токты жеткізетін сымның кәлденең қимасының ауданы 6,2 мм2, жалпы кедергісі 4,7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықтаңдар. 8.Үзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымының кедергісі 0,44 0м-ға тең. Үзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 никелин сымының кедергісін есептеңдер. | Оқушылар мұғалімнің берген есептерін орындап, жұпта бір-бірін критерий қою арқылы бағалайды. | Дәптер, қалам Критерий: 1.Тапсырмалардың толықтығы 2. Есептің берілгенінің дұрыс құрылуы 3. Нәтиженің дұрыстығы. |
2 мин | Тапсырма. Жұппен жұмыс Критерий қою арқылы бағалау | Оқушылар жұбының есептерін тексеріп, критерий қою арқылы бағалайды. | Бағалау критерий: 1.Есептердің толық шығарылуы. 2.Формулалар мен өлшем бірліктердің дұрыстығы. 3. Есептің нәтижесінің шығуы. |
1 мин | V. Үй тапсырмасы | Оқулықтан «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштің электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі» тақырыбын оқу. Қосымша материалдардан іздену | Оқулық, интернет, дидактикалық материалдар |