Просмотр содержимого документа
«Цилиндр жазбасы мен бетіні? ауданы »
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр жазбасы мен бетінің ауданы
Оқыту мақсаты: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданын табу формуласын қорытып шығару және оған есептер шығарту;
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ақыл ойын, ынтасын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ;
Пән аралық байланыс: әдебиет,
Керекті, құрал - жабдықтар; интерактивті тақта, қатты қағаздан жасалған цилиндр макеті;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың кітап, қалам дәптерлерін түгендеу және сабаққа дайындығын тексеру;
Үй тапсырмасын тексеру:№12, №13, №16;
Интерактивті тақтада өзін – өзі бақылау сұрақтары тест түрінде қойылады. (оқулықта 31 бет)
Әрбір дұрыс жауапты таңдағанда экранда мақал – мәтелдер шығады.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Бүгінгі сабақта біз цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданын табу формуласын қорытып шығарамыз және оған есептер шығаруға дағдыланамыз.
Жаңа сабақ
Қатты қағаздан жасалған цилиндр макетін табан шеңберлерінің бойымен және қайсібір жасаушысының бойымен қиып алып жазып жіберіп цилиндрдің жазбасын аламыз. Цилиндр бетінің жазбасы тіктөртбұрыштан және өзара тең екі дөңгелектен тұратынына көз жеткіземіз.
Егер цилиндрдің радиусы , ал биіктігі болса, онда оның бүйір беті қабырғаларының ұзындығы мен болатын тіктөртбұрышқа жазылады. Осы жазбаның ауданы цилиндрдің бүйір бетінің ауданы ретінде алынады.
8- теорема Цилиндрдің бүйір бетініңауданы табан шеңберлерінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге тең, яғни
Цилиндрдің толық бетінің ауданын табу үшін оның бүйір бетінің ауданына табандарының аудандарын қосу керек:
немесе
Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру кезеңі:
Математикалық диктант :
Нұсқа.
Цилиндрдің жазбасы қандай фигуралардан құралған?
Жауабы: (тіктөртбұрыш және дөңгелек)
Цилиндрдің жасаушысына параллель қимасы қандай фигура болады?
Жауабы: (тіктөртбұрыш)
Жасаушысына параллель емес цилиндрдің жазықтықпен қимасында қандай фигура болады?
Жауабы: (элипс)
Цилиндрдің табанының радиусы 2м, ал биіктігі 3м тең. Осьтік қимасының диагоналін табыңдар.
Жауабы: (5)
Цилиндрдің толық бетінің ауданында қанша дөңгелектің ауданы бар?
Жауабы: (2)
Цилиндрдің осі мен цилиндрге жанама жазықтықтың өзара орналасуы қандай?
Жауабы:(параллель)
2 – нұсқа
Цилиндрдің жазықтықпен қимасында тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе?
Жауабы: (жоқ)
Цилиндрдің табандарына параллель жазықтықпен қимасы қандай фигураны жасайды?
Жауабы: (дөңгелек)
Цилиндрдің бүйір бетінің барлық нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орнын табыңдар.
Жауабы: (цилиндр осі)
Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 16 см2 тең квадрат. Цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.
Жауабы: (4)
Берілген цилиндрді екі тең цилиндрге қиятын неше жазықтық болады?
Жауабы: (1)
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы қандай фигураның ауданын табу формуласынан шығады?