Сабақтың тақырыбы | Тарихи тұлғалар өмірі |
Сыныбы | 6 |
Күні | 21.12.18 |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1. жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу |
Сабақтың мақсаты | Тарихи тұлғалар туралы білімдерін кеңейтеді; Стильдік ерекшелігін сақтап, өмірбаян құрастырып жазады. |
Күтілетін нәтижелер | Жұптық, топтық, жеке жұмыстанады, тарихи тұлғаларды таныстырады, өмірбаян құрастырып жазады. |
Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет. Жаратылыстану. |
Қажетті құрал – жабдықтар | Интеративті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, киіз үй, сурет топшамалары |
Оқу әдістері | Сөздік, көрнекілік, Жағымды атмосфера туғызу, Киіз үй, Белгісіз есім, Даналық сөз, Ойбөліс, Идеялар себеті |
Дереккөздері | 6-сынып «қазақ тілі» Атамұра баспасы, 2018ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
Тапсырмалар | |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті: |
Тапсырма | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу 3 мин. | Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. «Жағымды атмосфера туғызу». Шеңберге тұрып, оқушылар көршілерін еркелетіп, жаңа атау береді. Топқа бөлу. «Киіз үй» әдісі. Оқушылар киіз үйден сурет топшамаларын таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді: 1-топ:С. Сейфуллин; 2-топ:Ш. Уәлиханов; 3-топ:М. Жұмабаев. | Мұғаліммен амандасады. Сабаққа зейіндерін аударады. Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Топқа бөлу. «Киіз үй» әдісі. Оқушылар киіз үйден сурет топшамаларын таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді: 1-топ:С. Сейфуллин; 2-топ:Ш. Уәлиханов; 3-топ:М. Жұмабаев. |
Өткен сабақты тексеру 5 мин. | Үй тапсырмасын «Белгісіз есім» әдісі арқылы тексеру. Оқушылардың есімі қима қағазға жазылады. Киіз үйден таңдалған оқушы үй тапсырмасына жауап береді. | Үй тапсырмасына жауап береді |
І.Қызығушылықты ояту 2 мин. | «Даналық сөз» әдісі. Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”.
Берілген даналық сөзден не түйдіңдер? Неліктен біз тарихи тұлғаларды білуіміз керек? Не үшін оларды тарихи тұлға, ұлт зиялылары дейміз? | «Даналық сөз» әдісі. -Біз тарихты білеміз десек, сол дәуірде өмір сүрген тұлғалар туралы да білуіміз қажет -Өткен тарихтағы қилы кезеңдер туралы білу үшін -Себебі, сол дәуірді басынан кешкен, өз көзімен көрген |
ІІ. Мағынаны тану 21 мин. 4 мин. | 1-тапсырма. «Таныстырылым» сағаты. Әр топқа берілген тұлғаны таныстырады, келесі топқа 5 сұра қояды. 1-топ: Гит түрінде(кластер); 2-топ: Сұқбат түрінде (редакция); 3-топ: Спектакль (көрінііс). Дескриптор -тұлғаларды таныстырады; -ойын жүйелі жеткізеді; -нақты мәліметтер айтады; -5 сұрақ қояды. 2-тапсырма. «Шығармашылық» сағат. «Жадынама» тақырыбында табу сөз, мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, 70-80 сөз көлемінде ата-әжең немесе аға-әпкелерің туралы өмірбаян жазу. Дескриптор -тақырыпты ашады; -сөз көлемін сақтайды; -мақал-мәтел, фразеологизм, табу сөздерді қатыстырады. | 1-тапсырма. «Таныстырылым» сағаты. 1-топ: С. Сейфуллин туралы. «Жұлдыздар отбасы» 08.02. 2017ж 2-топ: Ш. Уәлиханов. https://qazbrand.info/all/ 3-топ: М. Жұмабаев. «Жұлдыздар отбасы» 27.03.2017 ж «Шығармашылық» сағат. Менің атам – Таупен Сисенғалиұлы. Ол 1930 жылы қазіргі Ақжайық ауданы, Бірінші май аулында дүниеге келген. 4 жылдық мектепті бітіргеннен соң, ауылда мал шаруашылығына көмектескен. Соғыс басталған жылы, небәрі 11 жаста болған. |
Қорытынды 3 мин. | «Ойбөліс» әдісі. Бір-бірімен пікір алмасады. -Тарихи тұлға атанғың келеме ме? -Зиялылар құрамында болу үшін не істеу керек? -Сен не істер едің? -Қай тарихи тұлғаны өзіңнің идеалың деп айта аласың? | «Ойбөліс» әдісі. -Әрине, атанғым келеді. Ол үшін еліңнің абыройлы азаматы болу керек. Оқуымды жақсы оқып, адал еңбек етсем – бұл менің жасаған тұлғалық әрекетім деп білемін. |
ІІІ. Бағалау 2 мин. | Әр тапсырма сайын топтар бірін-бірі бағалайды.Қорытынды бағаны мұғалім қояды. | Оқушылар өзара бірін - бірі бағалайды. |
ІV. Үйге тапсырма 2 мин. | Өмірбаянды аяқтау, олар туралы естеліктер, фотосуреттер әкелу. (сөз көлемі 100-120), Буклет жасау. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
V. Ойтаразы 2 мин. | «Идеялар себеті» әдісі Сабақтан не түйдің? | Сабаққа қалай қатыстың? | Келесі сабақтың қалай өткенін қалайсың? | | | |
| Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады. |