kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

«М.Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар» атты ғылыми жобасының құрылымы,тақырыпты салалап саралауы негізгі мақсаттың алға дұрыс қойылғандығын танытады.Оқушы жазушының шығармасын сарапқа сала келе,Мұрат ақынның өткен замандар өмір-тарихын өрнектеген дастаншыл ақын екендігін,өзі өмір сүрген ортадағы халықтың мұңын,зарын айтатын әлеуметшіл ақын екендігін «Үш қиян» толғауын талдай отыра,тарихи тұлғаларға талдау жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар»

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Мурат Мөңкеұлы жырлары әлеуметтік мән-мағынасы жағынан да,көркемдігі жағынан да үздік.Өткен замандар өмір-тарихын өрнектеген дастаншыл ақын болса,екінші жағынан өзі өмір сүрген ортадағы халықтың мұңын ,зарын айтатын әлеуметшіл ақын.Ел мен жер тарихы жайлы,рулардың шежіресі жайлы,замана шындығы жайлы толғаған толғауында тарихи тұлғалар кеңінен берілген.Әрбір тұлғалардың тарихи маңыздылығын әр түрлі. Бұл тақырыпта тарихи тұлғалар нақтылап толық қаралып зерттелмеген. Яғни тақырып жан-жақты терең талдауды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Мурат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы тарихи тұлғаларға талдау,тілі ,әдеби көркемдегіш құралдарға талдау жасау

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойып, шешімдер табылады.

-М.Мөңкеұлы шығармаларына шолу жасау

-«Үш қиян» толғауындағы тарихи тұлғаларға талдау жасау

-Шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау

Зерттеудің нысаны:

Замана шындығын зарлай жырлаған Мурат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы тарихи тұлғаларға талдау.

Тақырыптың зерттеу деңгейі:

Мурат ақынның шығармашылығы зерттелу үстінде,бұл салаға көз жүгіртсек,жан-жақты ізденіп,көп еңбек сіңірген ғалымдар Х.Досмұхамедұлы, Б.Омаров,Қ.Жүсіп.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Шығармадағы тарихи тұлғалардың көрініс табуы, шығарманың тілдік ерекшелігі

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Ұсынылған жұмыстың нәтижелерін мектепте және көркем әдебиеттің оқырман қауымына пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері: Ғылыми жұмыс барысында салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытындыдан тұрады.



























1.Халқының үні мен мұңын жырлаған –Мұрат ақын

Дұға де Мәкен, Сиқыт, Шеруенге,

Тайсойған, адыра қалғыр, ит Қарабау

Ат мініп, киім киген жерім еді.

Есіме Беріш жігіті түсіп кетсе,

Көзіме қай – қайдағым көрінеді.

Сәлем де Бәшен менен Жаманбайға,

Аманат жалғыз жаным бір құдайға.

Өсірген еркелетіп Беріш жігіті,

Көзіме көрінсейші осындайда ?! – деп Мұрат Мөңкеұлы «Еліне жазғаны» атты хат үлгісіндегі өлеңінде жырлағандай, бұл өлеңнен оның өзінің еліне деген сағынышын, махаббатын және жылулық сезімін көруімізге болады. Бұл тұста Мұрат Мөңкеұлы туралы сөз қозғағаннан кейін, оның өміріне және өмірінің бар тарихына тоқталып кетпеу мүмкін емес.

Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының ереуіл, ақиық және айтыскер ақындарының бірі. Оның кіндік қаны тамған жер - қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға өңірі, Қарабау ауылы. Ол жастайынан білімге құмартқан. Оның ақындық қасиетінің дамуына анасы үлкен зор үлес қосқан болатын. Ол қарапайым мал баққан қазақ руынан шыққан дарынды ақындардың бірі.

Жалпы, Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының көрнекті ақын, жазушыларының бірі. Ол дарынды, көрнекті ақын, жазушы бола тұрса да, әлі күнге дейін нақты зерттелмеген. Оның өмірінің және шығармашылығының зерттелмеу нәтижесінде, Мұрат Мөңкеұлын бірі білсе, бірі біле бермейді. Сол себепті мен киелі және тарихи ақынымыз Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен бар шығармашылығын зерттеп, оны қазақ халқының есіне салып, үлгі тұтып, ешқашан ұмытылмай, мәңгі жүрегімізде қалатындай етіп, жүрек отын жандандырғым келеді.

Мұрат, бір жағынан, өткен замандар өмір – тарихын өрнектеген дастаншыл ақын болса, екінші жағынан, өзі өмір сүрген ортадағы халықтың мұңын, зарын айтатын ақын болған. Орыс отаршылдығының озбырлығын әшкерелеген ұлы сарын ақындардың бірі.


Сондай – ақ Мұрат Мөңкеұлы осыған байланысты қазақ халқының арасында «Зар Заман» ақыны атанып кеткен болатын. Себебі, ол сол заманында халқының қиналғанын өз көзімен көрген еді. Халқының қиналып бара жатқандығын көрген ол, сол кезде патшалыққа қарсы шығады. Қазақ елі елдігінен айырылып,бұйрыққа көніп, нағыз болдырып тұрған кезде Мұрат өмір сүрген еді. Мұраттың заманы – бостандық үшін «егеске ердің бәрі жер тіреген» заман.

Патша үкіметінің қазаққа құрған саясатының гүрлеп тұрған заманы. Үкіметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын ойлағандардың қуылғаны, өлімге қиылғаны айтылады. Елдің мұңын зарын қанша зарласа да Мұрат елге анық түзу жол сілтей алмады. Жауға түскен адам не қылмақшы ?

Ең алдымен қашу керек. «Құтылар қашқан – жаудан, көшкен - жұттан» дегендей – ақ, Мұраттың ұлы сарыны – құтсыз қонысты тастау керек, кету керек. Халқының намысы үшін талай еңбек етеді. Халқы көз алдында жойылып бара жатқан соң, ол да қатты қиналады. Алайда ол халқын шабыттандыру және жігерлендіру мақсатында көптеген шығармаларын және еңбектерін жарыққа шығарады.

Мұрат Мөңкеұлының сөздерінің елге тиген әсері өте зор. Мұраттың сөзі өте қадірлі саналған, ел ішіне көп жайылған. Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, Маңғыстауда адам жоқ десе болғандай. Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінен шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкіртттері.

Міне, сонымен саралай келе, Мұраттың өлеңдерінің және дастандарының маңыздылығы өте зор. Мұрат ақынның тілі – қазақ әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан тіл. Мұраттың барлық шығармашылық туындыларында қазақтың ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, асқақ, жоқтау секілді өлеңдерінің бәрі бар. Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің және бар шығармашылығының керектігі шексіз нәрсе болып табылады.

Сондай – ақ, Мұрат Мөңкеұлының Көптеген шығармашылығының маңызы қазіргі таңда өте зор.

2.М.Мөңкеұлының «Үш қиян »толғауы

Мұрат Мөңкеұлының осы айтылған шығармаларындағы дәрежесі жоғары және шоқтығы биік – «Үш қиян» дастаны болып табылады. Ол осы дастанында елдің қамын ойлау барысында, көптеген кең өрісті ойлар айтқан болатын. Бұл дастанында халықтың бар жағдайын, тұрмыс тіршілігін, сол халықтың алға қойған мақсаттары мен армандарын, қиыншылықты жеңеміз деген батылдылығын, өздеріне және өзгеге сенімділіктерін, жүректеріндегі үмітті одан әрі жандандыру кеңінен сипатталады.

Ақынның пайымдауынша, ел болашағы мұнартқан сағым болып көрінеді, сол себепті ол халқының бірлікте болып, қаймағы бұзылмай, татулықта және бейбітшілікте болып, қайта оралуын көздейді.

Бұл «Үш қиян» дастанының ең басты ерекшелігі – бұнда тарихи тұлғалардың әрқайсысының бой көрсеткені. Бұл дастанда тарихи тұлғалардың орны өте ерекше сипатталады. Сондай – ақ әрбір тарихи тұлға бір – бірімен тығыз байланысты. Кез келген дастандарда тарихи тұлғалар кездесе бермейді, яғни осы тарихи тұлғалардың Мұрат Мөңкеұлымен байланысы бар болғаны. Біз дастанды оқи отыра, ондағы тарихи тұлғаларға көптеп мән беруіміз қажет. Себебі, қазіргі таңда адамдар тарихи тұлғалардың бірін білсе, бірін біле бермейді. Сол себептен мен осы дастандағы әрбір тарихи тұлғаға тоқталып, олардың маңыздылығын және бар ерекшелігін бәріне паш еткім келеді. Менің мұндағы мақсатым бұл дастандағы тарихи тұлғалардың ерекшелігінің маңыздылығын көрсеткім келеді.

2.1. М.Мөңкеұлының «Үш қиян »толғауындағы тарихи тұлғалар

Қиян-аймақ, су жағасы деген мағынада болса керек. Әбілғазы баһадүрдің айтуынша, қиян деп үлкен суды, таудан аққан селді айтады. Қазақ арасында «қиян-кескі» деген сөз бар. [1.1]

Қайырсыз неге десеңіз,

Асан Қайғы, Қазтуған,

Орақ, Мамай, Телеғыс

Қалған екен солардан.

Біз де бір сондай болармыз,

Артық па едік олардан ?!

Бұл өлең жолдарынан тарихи тұлғаларды көруімізге болады. Ендігі сол тарихи тұлғаларға тоқталып өтейін.

Асан Қайғы (14 ғ- 15 ғ) – мемлект қайраткері, ақын, жырау, би және философ ретінде танылған, сондай – ақ халық аузындағы қарағанда ерте заманда бірнеше жыл жердің үстін кезіп, еліне жау алмайтын қоныс іздеген тарихи тұлғалардың бірі. Ақырында Еділ, Жайықтан ауыл, Тесіктаудан өліп кеткен. Осы күнгі ауған деген жұрт Асан Қайғының елі-міс. Асан Қайғы туралы қазақтың, қырғыздың арасында әңгімелер көп.

Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі, Асан қайғы мазары делінеді. Асан қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы кезеңі хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Асан Қайғы қазақ халқы ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. Шу мен Арал аралығында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан Қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. «Үш Қиян» толғауында Асан қайғы елдің ақылшысы ретінде айтылады. Жырда әрқашанда халықтың мұңын жоқтайды. Асан қайғының Атырау өлкесінде Қорғанша қалашығында қызыл тастан үй салдырып, он жылдай мекен еткені жырланады. Кейін жұртты бастап, Тесіктаудан өтіп жөнеледі дейді.

Қазтуған (17 ғ) – қоғам қайраткері, жырау, ақын және қазақ халқының батыры. Ол осы қасиеттерімен бізге қазақ әдебиет пәнінен жалпылама белгілі. Қазтуған тарихта беймәлім тұлға. Ол «Қарға Бойлы Қазтуған» деп аталады. Ол да елін ертіп Еділ, Жайықтан ауып кеткен тарихи тұлға. Қазтуған Сүйінішұлы шамамен 15 ғасырда өмір сүрген - жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. [1.2]

Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына себеп негіз болады. Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақовтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылған. Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. Мұрат ақынның «Қазтуған»жырында Қазтуғанның Жайық пен Еділ арасын, Тайсойған мен Қарабау өңірлерін, Қабыршақты мен Қарасуды, Дендерден бергі баурайды мекен еткенін айтады. Қазтуған елді өзге жұрттың алатынын, олардың Еділ мен Жайыққа қала тұрғызатынын, Еділді алғаны-елді қалғанын, Жайықты алғаны-жанды алғанын, Ойылды алса-ойды алғанын, қайғылана жырлайды. Елді ынтымаққа, бірлікке шақырады.


Орақ, Мамай - ноғайлы заманындағы мырзалар. Мұса бидің балалары. Мұса би 1535жылы өлген. Зәки Уәлидидің тарихына қарағанда, Мұсаның Шағым мырза, Сидақ, ШаҺмамай, Жүсіп, Исмаил деген балалары болған. Жүсіп батыр болған, Жүсіпті 1557 жылы туғаны Исмаил өлтірген. Менің ойымша, осы Жүсіп деген Орақ-ау деймін. Кітап аты Жүсіп болып, лақап аты Орақ болса керек. Солай болуға тарихтың сөзі мен қазақтың арасындағы ауыз сөздер тұспа-тұс келіп тұр. Бұлай болғанда, Қазанда ханым болған белгілі Сүйімбике Орақтың қызы болады. Орақ, Мамайдың қонысы Еділ, Жайық, Жем болған. Бұл тарихта айтылады.[1.3]

Телағыс – Жаңбыршының ұлы. Тарихта екі Жаңбыршы бар. Бірі-тарихтағы белгілі кіші Мұхамбеттің шөбересі, екіншісі Едіге бидің шөбересі. Жаңбыршыұлы Телағыс - ноғайлы батыры. Мұрат «Қырымның қырық батыры» жырын жырлаған жырау. Сол жырдың басты кейіпкерлерінің бірі – осы Талағыс батыр. Ол жырда, Телағыстың жасы он беске толғандығы, қалмақтарға қарсы шыққысы келетінімен басталады.

Қалмақтың ханы-Бегенге қарсы Орақ пен Мамайдан басқа Мұсаның отыз ұлымен аттанады. Телағыс Бегендей қалмақтың ханын жекпе-жекте жеңіп,қалмақ шаһарын мұсылман дініне кіргізеді. Бірнеше жыл өткен соң, Жаңбыршы батыр өлуге таянады, қасына Мамайды шақырып алады. Сонда Жаңбыршы Мамайға Телағысты тапсырады. Жаңбыршы қайтқаннан кейін, Телағыс Мамайдың қарындасын алам дегенде, Мұсаның отыз баласы қарсы болады. Телағыстың Аққозы деген жылқышысы келіп, Мұсаның балалары өлтірмек боп жүргенін, сақ болу керектігін айтады. Бұл жағдайды естіген Телағыс ертесіне Мамайға келеді.

Мамай Телағысға Боғданы талақ етіп, Еділдегі ноғайды Қырымға көшір дейді. Амалы таусылып, Асан Қайғыға келіп, көмек сұрайды. Үш күн ішінде Қырымның қырық батырын жинап, қастарына Сыпыра жырауды қосып аттандырады. Сыпыра жырау Қырымның қырық батыры мен Мұсаның отыз ұлын қырқыстырмай, тіл табыстырып, Телағыстың тойын жасайды. Едігеден Нұрадин, Қасым, Сайдалы, Марсұр. Марсұрдан Мұса, Жаңбыршы туады.

Еділдің бойы - қанды қиян,

Жайықтың бойы – майлы қиян,

Маңғыстаудың бойы – шаңды қиян,

Адыра қалғыр, Үш қиян !

Үш қиянның ара бойынан

Жеті жұрт кетіп жол салған.

Жеті жұрттың кеткен жер,

Қайырсыз болған неткен жер ?

Адыра қалғыр көк Жайық.

Көпір салып өткен жер.

Асан Қайғы, Қазтуған,

Орақ, Мамай, Телағыс,

Шораның шұбап кеткен жер.

Бұл өлең жолдарынан тарихи тұлғаларды көруімізге болады.

Шора батыр Нәрік ұлы – Шора батыр, тарихи адам. Ол Кіші жүздің Жетіру тайпасының Тама руынан шыққан. Шора батыр және оның әкесі Нәрік батыр тарихта елеулі із қалдырған батыр адамдар. Шора батырдың негізгі нақты туылған жылы әлі күнге дейін белгісіз және құпия ретінде сақталып келеді. Оның еліне жасаған жақсылықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кезінде ол елі үшін талай шайқасқа түсіп, елінің намысын қорғаған. Сондай – ақ елін сыртқы жаудан азат еткен. [2]

Оның ерлігі қазіргі таңда көп айтылмайды. Ал өз заманындағы ерлігін сол заманның адамдар нағыз мақтаныш сезімімен мүдірмей, айтып бере алады. Қазіргі заман болсын, бұрынғы заман болсын осы Шора батырдың еліне жасаған жақсылығын және батырлығын ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

Тұлпар мініп, ту алған,

Дұшпанын көріп қуанған,

Алмасын қанға суарған,

Аруақты ерлердің

Абыройын төккен жер.

Керегесін кескен жер,

Кесіп бұршақ еткен жер.

Ердің соңы – Исатай;
Бармағын тістеп өткен жер.

Бұл жерден тарихи тұлғаларды көруімізге болады, яғни Исатай Тайманұлы.

Исатай Тайманұлы –Жәңгірге, патша хүкүметіне қарсылық қылып, елдік көтерген батыр. Қазақ халқының қайсар қолбасшысы, саяси көсемі, елі, жері үшін жанын қиған халық батыры. Жоңғар шапқыншылығы кезінде халқын сыртқы жаудан қорғаған, атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Ол елінің қамын жастайынан ойлап, қол ұшын созып жүрген. Исатайдың елдің жұмысына араласуына қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиді. Сондай – ақ Исатай Тайманұлы халқына қандап қауіп төніп тұрса да, мойымай, қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақыр соңына дейін шайқасты. Ол ұлт – азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың қатарына кірген болатын. Біз осыдан Исатай Тайманұлының жасаған бар еңбегін және жақсылығын бағалап, оны ешқашан ұмытпай, барлығының есіне салып жүргеніміз абзал. [3]


Мұның құтсыздығыңның белгісі:

Алтаатаның ар жағы,

Талөкпенің бер жағы,

Сақмардың бойын жайлаған,

Сарғая бие байлаған,

Ақсуды тайы ойнаған,

Еңсемді кәуір басар деп,

Едіге бидің көшкен жер.

Бұл жерде біз Едіге биді тарихи тұлға ретінде тануымызға болады.

Едіге –Тоқтамыс ханның заманындағы Алтын Ордадағы белгілі мырза, Тоқтамысқа қарсы болып,Әмір Темірге болысып, Алтын орданың бұзылуына зор себепкер болған адам.1419 жылы өлсе керек.

2.2. Толғаудың тарихи маңыздылығын арттырудағы теңеулер

Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең – жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың ьүгіні мен кеше:і күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен.

Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақынның «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған.

Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап; өмірге көлденең соққан жел ата – бабадан келе жатқан асыл мұраның күл талқаны шыққанын жазған.

Мұрат ақынның заман шындығын зарлай жырлаған әдеби мұрасы зар заман аталды.

Жасқұстың арғы тұмсығы –

Жәңгірдің қала салдырған,

Негіз етіп қалдырған,

Нәріктің ұлы ер Шора.

Айқайласып, шуласып,

Баланы кәуір сұрар деп,

Мұңайып ханның көшкен жер.

Бұнда Жәңгір ханды тарихи тұлға деп түсінуімізе болады. Ол да қазақ халқының дамуына үлкен үлес қосқан батыр. Оның бар батырлығын көптеген тарихтан оқып білуімізге болады. Ал оның осы қазақ әдебиетіндгі маңызды рөлі онда атақты ақындардың өздерінің жыр дастандарына қосып айтылуында. Біз Жәңгір ханды да оның жасаған жақсы және жама қасиеттерін өзімізге үлгі тұтуымыз қажет. [4]

Бестерек, Еділ бетінен

Бұлдырған мен Бадашы,

Көп қалмақтың ішінен,

Бесешкі таудың шетінен

Билікті кәуір алар деп,

Қараның ұлы Сидақтың

Қайғыланып көшкен жер.

Бұл жерден Қараның ұлы Сидақты тарихи тұлға ретінде көруімізге болады. Ол туралы көп тарихта айтылмайды. Тек оның осы Мұрат Мөңкеұлымен байланыстығын осы бір өлең жолдарынан көруімізге болады.

Алты жыл балшық бастырып,

Тоғыз жыл керіш соқтырып,

Сусынып шайға қандырып,

Хандығына жұртын нандырып,

Адыра қалғыр, Аштархан

Әз Жәнібек ханның салдырып,

Ақылын кәпірге алдырып,

Айласы құрып кеткен жер.

2.3.Толғаудың терең мәнді бейнелі тілі

Бұндағы өлең жолдары Әз Жәнібекке арналып айтылады. Әз Жәнібек – қазақ халқының белгілі ханы болып табылады. Ол тарихта белгілі Барақ ханның ұлы. Ол Керей ханмен бірлесіп, қазақ хандығының құрылуына зор үлес қосқан.

Қазақ халқының бейбітшілікте және бостандықта өмір сүруін қалап, талай жауларды және белестерді өзіне бағындырған. Жалпы, Жәнібек хан ол қазақ халқының кең және жайлы жерде өмір сүруін қалап, қазақ халқын ептілікке, қиыншылыққа төзуге және бір – біріне деген сенімділіктерін жоғалтпауға үйреткен атақты батыр және хан.

Қарақұтан, Қалдыбай,

Жалғызағаш, Жақсыбай,

Көлектің ұлы Қарт Қожақ,

Естерекұлы Тарғынның

Тарыққанда ақыл сұрай барған жер.

Ал бұл өлең шумақтарының Көлектің ұлы Қарт Қожаққа арналғандығын байқаймыз. Көлектің ұлы Қартқожақ – белгілі және атақты батырлардың бірі. Біз оны тарихи тұлға ретінде тануымыз қажет. Қартқожақтың әкесі Қоянақ, Қоянақтың әкесі Күлек.

Қалдығайты, Бұлдырты,

Жер реңкін қарасаң,

Көдесінің түбісайын бір жылқы,

Қарақыпшақ Қобыланды
Тұлпар мініп келген жер.

Аузы түкті кәуірді,

Басы шоқты қалмақты,

Ерлерім айдап келген жер,

Қысырақтай бөлген жер.

Бұл өлең шумақтарынан Қобыланды батырды сөз етіп тұрғандығын көруімізге болады. Қобыланды батыр қазақ халқының тарихи батырларының бірі. Оның қазақ халқының дамуына қосқан үлесі өте зор. Кезінде көптеген жиындарда басқа батырлар өздерін қорқақ ретінде санап жүрген кезде оларға тізе бүгуді ойлайды. Ал Қобыланды батыр болса оларға қатты ашуланып, берілмейтіндігін тура айтады. Осылайша ол өзінің батырлығымен халықты намысшылдыққа, батырлыққа өзінің арнайы қолданбалы сөздерімен рухтандырып, жігерлендіреді. Осылайша ол халық арасында батырлығымен, ерлігімен көзге түсіп, Қарақыпшақ Қобыланды атанып кеткен болатын. Оның еліне жасаған талай жақсылығын ұмытпағанымыз жөн.

Байеке мешіп салдырған,

Шыңғырлаудың сағасы.

Елек пенен Жайықтың

Екеуінің арасы,

Бесобаның даласы –

Айсаның ұлы Әнеттің

Дұшпанды қырып алған жер,

Қылышын қанға малған жер !



Бұл жерде өлең шумағы Әнет бабаға арналған. Әнет баба қазақ әдебиетінде кеңінен тараған атақты билердің бірі. Оның заманында Әйтеке биде бар. Ол Әйтеке биге білмегенінің бәрін үйреткен көрнекті би. Халықты ынтымақтастыққа және бірлікке шақырған. Ол халыққа тіпті намысшыл болу керектігін және туған елін, жерін жауларға сатып кетпей, қорғау керектігін түсіндіріп үйреткен болатын. Соның арқасында қазақ халқы бір – бірін қорғауға үйренген болатын.



Қорытынды

Замана қайтіп түзелсін,

Қоңсыдан туған би болды.

Бұл сықылды күй болды,

Көрген жұртқа таң болды.

Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ,

Топ көрерге зар болды.

Қара кісі хан болды,

Қоспақтан туған қортықша

Қатарға шығып, нар болды.

Асылсыздың баласы

Ақшасына сүйеніп,

Айтқан сөзі пұл болды.

Шырқ көбелек айналып,

Замананың адамы,

Заманың мұндай сұм болды ! – дей келе, мен өзімнің осы тарихи тұлғаларға деген талдамаларымды аяқтағым келеді. Осы әрбір тарихи тұлғаларға тоқталып, қарастыру арқылы өзім де біршама мәлімет алғандай болдым. Менің ойымша әр адам осы тарихи тұлғаларды тереңірек білуі тиіс. Әрбір адам осы тарихи тұлғаларды біле отыра, өзінің яғни, қазақ халқының бұрынғы кезде елін және жерін қорғаған тарихи тұлғаларымыздың ерліктерімен және батырлықтарын қай жерде болмасын мақтанышпен айтып жүреді.

Сонымен осы Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» атты дастанында тарихи тұлғаларды зерттей отыра, өзім көптеген мағлұматтар білдім. Ең алдымен Мұрат Мөңкеұлы туралы әртүрлі деректер жинап, оларды сараладым. Мұрат Мөңкеұлының өзі мен үшін ең қасиетті және қадірлі тұлғалардың бірі болып табылады. Ал оның кейбір өлеңдерін, жалпы шығармашылықтарын оқи отыра кез келген адам баласы бойына жақсы қасиеттерді сіңіре алады. Сол жақсы қасиеттерді бойымызға жинай отыра, өмірге деген көзқарасымызды өзгертуімізге болады. Менің мұндағы айтқым келгені, қандай жазушы немесе ақын болмасын, олардың бар жазған туындылары өмірден көрген сынақтары болып табылады. Сол үшін олардың жазып, бізге мұра ретінде қалдырған шығармашылқтары өмірімізге үлкен септігін тигізеді. Сол үшін біз оларды мақтан тұтуымыз қажет.

Менің мұндағы негізгі жұмысым, Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» атты дастанындағы тарихи тұлғаларды зерттеу болды. «Үш қиян» дастаны Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды. Ол осы тарихи тұлғаларды дастанына қоса отыра олардың бар ерекшелігі мен қасиеттерін баяндады. Мен осы дастанды оқи отыра тарихи тұлғалардың бар қасиеттерімен таныстым. Осы айтылған тарихи тұлғаларды біріміз білсек біріміз біле бермейміз. Тарихи тұлғаларды көптеп білу үшін осындай дастандарды жиі қарастыру қажет. Сонымен қорытындылай келе, тарихи тұлғалар біздер үлгі тұтатын тарихи жандар болып табылады.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Мұрат Мөңкеұлының шығармалары. Алматы «Ана тілі» 2013 192 – 195 б

  2. Нар заман мен Нар заман поэзиясы. Алматы «Раритет » 2007 Ж 301-312

  3. Б.Омарұлы «Ақынның үні – халықтың мұңы» Қазақ тілі мен әдебиеті, 1992 №.7,8

  4. Х. Досмұхамедұлы. Таңдамалы. Алматы. Ана тілі 1998

  5. Мұрат Мөңкеұлы туралы деректер. Ғ.Сланов. Қолжазба қоры



















13



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
М.Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар

Автор: Сағытжанова Айнагүл Бауыржанқызы жетекшісі: Оралбаева Эльмира Қуанышқызы

Дата: 21.11.2017

Номер свидетельства: 439996


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства