Просмотр содержимого документа
«Ше?бер Математика 4 сынып »
Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.Радиус және диаметр.
Сабақтың мақсаты: 1. Радиус және диаметр туралы түсінік беру,берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Типі: жаңа сабақ.. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық.
Көрнекілігі: шеңберлердөңгелектер,сызбалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеуСабаққа назарларын аудару. -Мен сабақта,мектептемін. Менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын.
II . Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.
III. Жаңа сабақ. 1. 3- сыныпта өткен шеңбер ұғымын еске түсіру. Шеңбер – дөңгелектің шекарасы. Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық. О нүктесі-дөңгелектің центрі.
2.Дөңгелектер мен шеңберлерді қолдана отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
АВ-диаметр-шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.
Радиус-шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді.