Кейбір тəрбиеленушілер: -қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді. Дағдыларын дамыту: -көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды жəне заттар тобын қайта санау арқылы шығаруды түсіндіреді. Пəндік лексика жəне терминология: -есеп, мысал, қосу, алу. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –5+2, 5–2 жазбалары нені білдіретінін айт, оларды əртүрлі оқы. –Мысалдарды жазуға қандай таңбалар көмектескенін түсіндіре аласыңдар ма? Жазу: -сандарды толықтырып жапсыр, сандарды қорша, жаз жəне т.б. Қосу жəне алу, «+» жəне «–», «=» таңбалары, сан жəне цифр Шаттық шеңбер. Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберін құруға шақырады Оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді Оқушылар бір біріне лебіздерін білдіреді. Тақтадағы мысалдарды шығартқыза отырып, тақырыпты ашу. -Суреттен не көріп тұрмыз? -Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз? -Бұл азық түліктер пайдалы ма? (Еркін микрафон) әдісі арқылы жауаптарын тыңдау. Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз,пайдалы азық түлік.Цифрларды бастырып жазамын.Мысалдар шығарамын. Жұмбақты шеш.Мысалдарды шығарып,жауабымен қос. Оқушылар жұмбақты шеше отырып жауабын дұрыс мысалмен қосады. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл......не?4+5 Бұл недеген көп киім, Жетпіс қабат көк киім. Жаңбыр одан өтпейді, Түймелеуге жетпейді. Бұл.....не?3+5 Аласа тал, Самсап тұр (алмасы). Ол ал қызыл болғанша (Алмасын) алмашы. Бұл.....не?2+5 Үстел үстінде 4 алма тұрды Оған тағы 2 алма қосты үстел үстінде Барлығы қанша алма болды?4+2 Кірпі орманнан 3 алмұрт тапты Үйінде 2 алмұрт бар еді барлыығы қанша алмұрт болды? Азық-түліктен борщ пісіруге көмектес. «Борщ пісіреміз» ойынына тартады. Ол үшін көптеген көгөністер таңдалып алынады Көкөністерде мысалдар жазылған сол мысалдарды шығара отырып қандай санмен танысатындарын табады. Көгөністердің теріс жағында азайту мен қосуға арналған есептерді жазу қажет,олардың мәні 4 ке тен болу керек. Сергіту сәті: (Көңілді күн) Музыка ырғағымен биді қайталау. Әліппе дәптермен жұмыс: 4 санынын жазылу емлесін көрсету,дәптерге бастырып жазғызу. 1- қадам. Бірінші сызықты былай сызамыз: жоғарғы қабырғаның ортасынан сəл оңға қарай нүкте қойып, ортаға қарай көлбеу сызық жүргіземіз. Торшаның ортасынан сəл төмендеу сызықты «бұрамыз», одан кейін оны оңға қарай көлденең жүргіземіз, оң жаққа сəл жетпей тоқтаймыз. Қаламды қағаздан ажыратамыз. 2-қадам.Соңғы сызықты торшаның жоғарғы оң бұрышынан бастап төмен қарай бұрын сызылған сызыққа параллель жүргіземіз, торшаның ең астында тоқтаймыз. Топтық жұмыс:топтық жұмыс барысында оқушылар топпен жұмыс жасай алады ;топпен ақылдасып мысалдар шығарады. Жемістер тобы:Қосу амалдарын орындау: Жидектер тобы:Азайту амалдарын орындау. Көгөністер тобы:Барлық амалдарды орындау. Бас бармақ арқылы бағалау.Егер сабақ түсінікті болса бас бармақты жоғары көтереміз.Ал егер сабақ түсініксіз болса бас бармақты төмен қаратамыз. |