kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады;
  • алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді;

ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру»

Қысқа мерзімді жоспар. Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп:ЖББ Қ.Мырзалиев ат ОМ

Күні:24.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Айткулова Г.Н

Сынып: 5В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.14

ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

5.1.2.25

бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.

Сабақ

мақсаттары

Білім,іскерлік, дағдылар жиынын өз бетімен қолдана алу дағдыларын меңгеру, оларды жаңа жағдайларға тасымалдануын жүзеге асыру. Мәселелік тапсырма бойынша өз бетімен және топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын бекітеді, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады, қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіру шеберлігі арқылы айтылым дағдысын қалыптастырады

Сабақ типі

Аралас

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады;

  • алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді;

  • ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Тілдік

мақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ондық бөлшек – decimal fraction, үтір - decimal point.

Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі.

ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

разрядтары бойынша сандарды жіктеу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы

Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет

Құндылықтарды дарыту

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады.

Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Микрокалькуляторлар, интерактивтітақта немесе диапроектор, дербес маркерлік тақталарнемесе рефлексияға арналған кітапшалар

Бастапқы білім

Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары

Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі

Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту;

Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут






Ұйымдастыру кезеңі. Өздік жұмыс формасында үй тапсырмасын тексеру.

Тірек білімдерді және олардың дәлелдерін өзекті ету.

Жеке жұмыс және жұмыс нәтижесі бойынша бірін-бірі тексереді.

  1. 65,931 санын разрядтар бойынша жіктеу.

  2. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: ; ;; ;;;;; ; ; ;

  3. Мына бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады:.

  4. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1)Ондық бөлшектің жазбасында қай разрядтардың арасына үтір қойылады?

2)Үтір алдында жазылған сан нені білдіреді?

3)Үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді?

5.Бос орындарды толтырыңыз:

20,3 - жиырма_________ ____________үш

2,03 - ______________ _______________үш

0,007 - __________ бүтін___________ жеті

42,06 - _______________________ бүтін

__________алты

5,004 - ________ бүтін ___________төрт

0,01 - _________ бүтін , жүзден _________

34,0006 - ___________бүтін_______алты_________________________










Презентация, Слайд 1


Слайд 2



Слайд 3



Слайд 4











Слайд 5, 6

Сабақтың ортасы

25 минут


Бөлшектердің түрлері (ондық, дұрыс, бұрыс, аралас) бойынша топтарға біріктіру. Оқушылар саны бар карточканы алады, бөлшектің түрііне сәйкес орынға отырады.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Қатені табыңыз. Оқушылар жұмысты өз бетімсен орындайды, жауаптарын тексереді және баяу орындап жатқан оқушыларға қолдау көрсетеді.

  1. 1,043 санының жай бөлшек түрінде жазылуы: .

  2. «нөл бүтін он мыңнан отыз жеті» ондық бөлшегінің санмен жазылуы 0,00037.

  3. 5 цифрасы 6, 4325 санының мыңдық разрядында жазылған.

  4. 19 м, километрмен жазылуы: 0, 00019 км.

  5. 0, 008 т, килограммен жазсақ 800 кг.

  6. С нүктесінің координатасы 0, 14.

Оқушыларды жаңа мәліметті белсенді меңгеруіне дайындау кезеңі. Оқушылар өздерінің шешімдерін топта талқылайды. Жылдам орындаған топтың тақтада кқрсетілген үлгісі бойынша бірін-бірі тексеру.

1.Жай бөлшектерді жазыңыз



2. Ондық бөлшек түрінде ұсынуға болатын бөлшектердің астын сызыңыз.

3. Аралас сандарды ондық бөлшек түрінде қалай жазуға болатынын түсіндіріңіз.

Дене тәрбиесі минуты.

- Мен тұжырымды айтамын. Егер сіз онымен келіссеңіз, отырығыз, ал егер келіспесеңіз – тұрыңыз.

 - дұрыс бөлшек;

- бірден үлкен;

ондық бөлшек түрінде жазуға болады;

Жаңа білімді меңгеру кезеңі.

Оқушылар жай бөлшектерді салыстырады. Дәптерге тиісті жазбаларды жазады.

0,7; 0,70; 0,700 сандарын салыстыруды ұсыныңыз.

Қандай заңдалық байқадыңыз? Бұл бөлшектердің қандай қасиеттері бар?

Осы заңдылықты ереже түрінде жалпылаңыз.

Мұғалім оқушылардың ой жұмысын «Егер ондық бөлшектің соңына нөлді тіркесе немесе алып тастаса, онда берілген бөлшекке тең бөлшек шығады» тұжырымына бағыттайды.

Бекіту.

АВ кесіндсінің ұзындығы 6 см немесе 60 мм. Ұзындықтың екі мәнінде дейиметрмен жазыңыз.Сізде не шықты?

6 см = 60 мм болғандықтан, АВ = 0,6 дм = 0,60 дм.

Оқушылар парағындағы топтарға берілген тапсырма.

  1. Бос орындарды толтырыңыз. Санның қандай жазбасы жазылмаған? Ондық бөлшек қалай оқылады?

… = 2,4 ________________________________

… = 0,03________________________________

. . . = _______________________________

________

.... бөлшегінде үтірден кейін қанша цифр - ..... бөлшегі бөлімінде қанша нөл бар.

2. Кубикті басыңыз, ондық бөлшектерді оқыңыз және оған сәйкес жай бөлшектерді жазыңыз. Жұмысты жұппен орындайды. Мұғалім бақылайды және айтылым дағдысын бағалайды. .

0,873; 0,08; 0,3485; 13,62; 120,16; 8,0873; 60,06; 555,5; 3,333.

3.Санды ондық бөлшек және жай бөлшек тұрінде жазыңыз.

Мысал

3 бүтін оннан 7

6 бүтін жүзден 34

4 бүтінжүзден 2

22 бүтін мыңнан 222

3 бүтін оннан 5

5 жүз және жүзден 5

0 бүтін мыңнан 41

Оқушылар топта ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу алгоритм құрастырады. Шеңбер бойынша жұмыстарымен алмасады және тақтадағы үлгі бойынша топта жұмыстарын бағалайды.

1. Бүтін бөлігін жазу (егер ол нөлге тең болмаса).

2. Жай бөлшектің бөлшек бөлігінің алымына ондық бөлшектің бөлшек бөлігіндегі санды жазу.

3. Ал бөлшек бөлімінің бөліміне бірді және ондық бөлшектің бөлшек бөлігінде қанша цифр болса, сонша нөлдер жазу.

4. Жай бөлшекті қысқарту (егер ол қысқартылатын болса).

Білімді бекіту кезеңі.

1.Оқушылар жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазады.

2.Сұрақтарға жауап беріңіз. Оқушылар ондық бөлшек бойынша жай бөлшекті анықтайды және бірден үлгі бойынша тексереді. Өзін-өзі тексеру.


3. Алдын – ала ондық бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеп және қысқартып, шаршының көрсетілген бөлігін қандай да бір әдіспен бояңыз. Мұғалім әрбір топ үшін 10*10 болатын үш шаршы дайындайды.

а)

б)

в)

0,5 =

0,2 =

0,75 =

4.Ондық бөлшекті оқыңыз және оны жай бөлшек түрінде жазыңыз.

Ондық бөлшек

Оқылуы

Жай бөлшек

1

0,7

0 бүтін,оннан 7

2

0,9



3

0,04



4

0,75



5

0,125



6

0,042



7

0,0064



5.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз:

а) 0,3 = _____

0,33 = _____

0,333 = _____

0,033 = _____

б) 1,9 = _____

1,93 = _____

19,3 = _____

0, 193 = _____



Сандары бар карточкалар



Презентация


Слайд 7




















Слайд 8



Слайд 9


Слайд 10


Слайд 11






















Слайд 12














Слайд 13






Слайд 14


















Слайд 15









Слайд 16


Слайд 17































Сабақтың соңы

10 минут





Тест «Бөлшек сандардың ондық жазылуы». Үлгі бойынша өзін-өзі тексеру

Сабақты қорытындылау.

- "Ондық бөлшек" дегеніміз не?

- Ондық бөлшек қайда қолданылады?

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады?

- Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды?
- Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?
- Үтірден кейін азлған санды қалай атайды?
- Үтірден кейін қанша таңба боатынын қалай анықтауға болады?
- Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?

Үй тапсырмасы

1.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз:

2,8; 3,74; 1, 371; 0,55; 145,003; 20,036; 201,0101; 6,006; 33, 0008.

2.Бөліндіні бөлшекпен немесе аралас санмен алмасытырыңыз. Алынған бөлшекті ондық бөлшекке аудырыңыз.

  1. 9 : 2;

  1. 5 : 16;

  1. 8 : 14;

  1. 15 : 12


3.Өрнектеңіз:

  1. метрмен: 5 м 32 см; 4 м 5 см; 47 см; 5 м 14 см 2 мм; 8 м 7 см 3 мм; 25 мм;

  2. тоннамен: 450 кг; 28 ц; 2 ц 35 кг; 12 ц 5 кг; 3 т 4 ц 25 кг;

  3. текше метрмен: 25 куб. дм; 45 куб. см; 3 куб. см.

4.Сандарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

;


Рефлексия


  1. Сабақта мен .... жұмыс жасадым

Белсенді емес

белсенді




  1. Сабақтағы жұмысыма ....


риза емеспін

ризамын






  1. Сабақ мен үшін .... болып көрінді

қысқа

ұзақ





  1. Сабақта мен .....

    шаршамадым

    шаршадым




  1. Менің көңіл-күйім ....

    түсіп кетті

    көтеріңкі болды





  1. Сабақтағы мәлімет мен үшін ....

Қызықты, пайдалы


Қызықсыз, пайдалы емес



  1. Үй тапсырмасы маған ... көрінеді

оңай

қиын




Слайд 18-33



Слайд 34











Слайд 35





















Слайд 36

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктеу тапсырмалары, нақты оқушыдан күтілетін нәтиже арқылы, оқушыға көрсетілетін жекелеген қолдау, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалы мен ресурстарды таңдау арқылы көрінеді (Гарднер бойынша интеллект теориясы).

Саралау сабақтың кез келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану арқылы қолданылуы мүмкін.

Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.

Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.

Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Автор: Айткулова Гульфия Насибуллиевна

Дата: 07.06.2019

Номер свидетельства: 513837

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Онды? б?лшекті жай б?лшекке айналдыру?а есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(66) "ondyk-bolshiekti-zhai-bolshiekkie-ainaldyrug-a-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "183121"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425729610"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Онды? б?лшекті жай б?лшекке айналдыру?а есептер шы?ару.rar "
    ["seo_title"] => string(70) "ondyk-bolshiekti-zhai-bolshiekkie-ainaldyrug-a-iesieptier-shyg-aru-rar"
    ["file_id"] => string(6) "183124"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425730733"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Жай б?лшекті онды? б?лшекке,онды? б?лшекті жай б?лшекке айналдыру.Есеп шы?ару  саба?ы"
    ["seo_title"] => string(88) "zhaibolshiektiondykbolshiekkieondykbolshiektizhaibolshiekkieainaldyruiesiepshygarusabagy"
    ["file_id"] => string(6) "304264"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457692975"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "Бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға есептер шығару"
    ["seo_title"] => string(80) "bolshiekti_ondyk_bolshiekkie_ondyk_bolshiekti_zhai_bolshiekkie_ainaldyrug_a_iesi"
    ["file_id"] => string(6) "435386"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1509340667"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру"
    ["seo_title"] => string(80) "ondyk_bolshiek_ondyk_bolshiektierdi_ok_u_zh_nie_zhazu_ondyk_bolshiekti_zhai_bols"
    ["file_id"] => string(6) "456345"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518285496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства