Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: №159 «Еңбекші»қазақ орта мектебі |
Күні:15.02.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Егембердиева Гүлнұр |
Сынып: 5 «А», 5 «Ә» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау; |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі Оқушылардың көпшілігі: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды |
Бағалау критерийлері | Дағдылар | Бағалау критерийлері | Білу | Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі | Қолдану | Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология Ондық бөлшек, натурал сан, бөлу Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1.Ондық бөлшектерді натурал санға қалай бөлеміз? Мысал келтір. 2.егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен аз болса, қалай бөлеміз? Пайдалы сөз тіркестері: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін... Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін... |
Құндылықтарды дамыту | Жауапкершілік және шешім қабылдай алу – өзін-өзі, өзара бағалау. Шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау. Өмірбойы білім алу және өзін-өзі жетілдіруге талпыну – қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Ынтымақтастық – топтықжұмыс. |
Пәнаралық байланыстар | Физика,сызу |
АКТ қолданудағдылары | презентация |
Бастапқы білім | Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы(7 минут) | Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу, түгендеу; ә) сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу; б) балаларды сабаққа психологиялық дайындау: II.Үй тапсырмасын «Көршіңді тексер» әдісі арқысы тексеру: №877 1)2,5; 4) 2,7; 2) 2,35; 5) 12; 3) 0,56; 6) 5,91; Бірін-бірі бағалайды. | |
Сабақ-тың ортас(25 мин) | 10 мин 10 мин | Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс» әдіс. Берілген есептерді бірігіп, талқылап шығарады. «Дұрыс бөлшек» тобы №884 (1,2) «Бұрыс бөлшек» тобы №884 (3,4) «Жай бөлшек» тобы №884 (5,6) «Аралас сан» тобы №884 (7,8) Дескриптор Білім алушы: ондық бөлшектерді азайтады; ондық бөлшектерді қосады; ондық бөлшекті натурал санға бөледі; Бір-бірін тексеріп, фигуралармен бағалайды. Жұптық жұмысты орындау үшін балдарды ортаға шақырып, “Атомдар мен молекулалар” ойыны ойнаймыз. Мұғалім “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан соңында «малекулалар екеуден» дегенде тез арада жұптасып, тапсырманы орындайды. 1 жұп: 1) №879 (1) 2)№886 (1) 2 жұп: 1) №879 (2) 2) №886 (2) 3 жұп: 1) №880 2) №886 (3) 1 жұп: 1) №881 (1) 2) №886 (4) 2 жұп: 1) №881 (2) 2) №886 (5) 3 жұп: 1) №881 (3) 2) №886 (6) Дескриптор Білім алушы: «Пилот-штурман» әдісін қолданып тақтаға жазады, келесі топтағы ұқсас жұп тексереді. Бағалау өзін-өзі бағалау, өзара бағалау; | «Дерек көздері» оқулықпен жұмыс Смайликтер |
Аяқталуы 7 минут | Жеке жұмыс: «Мини тест» 1. Бөлуді орында: 8,4 :4 = А)4,1 В) 3,1 С)2,1 Д) 1,1 2. Теңдеуді шешіңдер: 17х=78,2 А) 1; В) 0; С) 4,6; Д)16; 3. Бөлуді орында: 6,39 :71= А) 0,09 В)2 С) 0 Д) 0,5 4. Бөлуді орында: 2,7 : 9 = А) 3; В) 0,3; С) 0,03 Д) 0 5. Бөлуді орында: 2,3 : 5 = А) 2,5; В) 3,5; С) 0; Д) 0,46; Дескриптор Білім алушы: бөлуді орындайды; Теңдеуді шешеді; 1 – С 3 – А 2 – С 4 – В 5 – Д «Көршіңді тексер» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. | Оқулық, дәптерлер. |
Кері байланыс 3 мин | «Кубизм» әдісі бойынша балаға 6 қырына сұрақ жазылған кубик беріледі сол кубикті лақтырып, қай беті түссе, сол беттегі сұраққа жауап береді. Бұл сабақта не қиын болды? Бұл сабақта не оңай болды? Топпен жұмыс жасау ұнады ма? Бүгінгі сабақта өзіңді қалай бағалайсың? Сабақ саған ұнады ма? Неліктен? Маған ұсынысың. | |
Сабақтың соңы ( 3 мин) | Үйге тапсырма: №883 Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. | |
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
Сынып геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді. «Көршіңді тексер» әдісі бойынша үй жұмысы талқыланады. «Дерек көздері» оқулықпен жұмыс жүргізіледі. «Ойлан, бірік, бөліс» әдіс. Берілген есептерді бірігіп, талқылап шығарады. “Атомдар мен молекулалар” ойынын ойнау арқылы сергіп,жұптасып жұптық жұмыс орындалады. Қорытынды Жеке жұмыс барысында барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада олар өз деңгейлеріне қарай жауап береді. | Топтық жұмыста : «үш шапалақ». Жұптарда дескриптор бойынша, смайлик бағаланады, жеке жұмыста дайын жауабы бойынша, жұлдызша беру арқылы бағалау. Әрбір топты назардан тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады | Денсаулық сақтау технологиялары: Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |