Тілдікмақсаттар | Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен ондық бөлшекті, оның қалай жазылуын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - бүтін бөлік, бөлшек бөлік; - ондық бөлшек; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - разрядтық бірліктер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; - ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; - ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек; - егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады; - ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек. |
Сабақтың ортасы 25 минут | 2 тапсырма. Пазлда есеп шартында немесе есеп шығару барысында кездестірген барлық жай бөлшектерді жазып шығыңыз. Оқушылар жазбасы: ,,,,. Бөлшек сызығын қолданбай, оларды қалай жазуға болатынын ойланыңыз. Кеңес - Кестеге қараңыз (слайд). Бөлшек сан | Бөліміндегі нөлдер саны | Ондық бөлшек | Үтірден кейінгі цифрлар саны | | 1 | 0,6 | 1 | | 2 | 4,03 | 2 | | 3 | 0,115 | 3 | | 3 | 2,008 | 3 | | 4 | ? | 4 | | 5 | ? | 5 | - Сіз қандай заңдылық байқадыңыз? (нөлдер саны үтірден кейінгі цифрлар санымен сәйкес келеді) - Сіз соңғы сандарды қалай жазасыз? (дқрыс нұсқаны таңдаңыз) А. 0,037 Б. 0,0037 В. 0,37 А. 3,5216 Б. 0,035216 В. 0,35216 - Демек, мәселе мынада: жай бөлшектерді, аралас сандарды жаңаша қалай жазу керектігінде. Бірінші топтың оқушылары ауызша жұмыс бойынша бөлшектің жазбасын ұсынады, ал басқа топтар тексереді. 3 тапсырма. - Бөлшектерді оқыңыз. - Қандай қызық тұстарын байқадыңыз? (Барлық бөлшектердің бөлімінде бір және нөл бар) - Оларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Дұрыс және бұрыс) Бұл бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазыңыз. Әрбір топты қалай жазуға болады? Оны қалай жасағаныңызды, қадамдап талқылаңыз. Бұл жазбалар несімен ерекшеленеді? Шеңбер бойынша топтар өзара тексеру жүргізеді. Алгоритмді толықтыру. 4 тапсырма. Кітаппен жұмыс. Түсіндірме мәтінде мәселелік сұраққа жауап табыңыз. Бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 және т.с.с. сандарды бөлімсіз жазуға келісті. Ең алдымен, бүтін бөлігін, ал одан кейін бөлшек бөлігінің алымын жазады. Бүтін бөлікті бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратады. Мысалы, . Ондық бөлшекті жазу ережесі: 1) Егер де қажет болса, үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру. 2) Бүтін бөлігін жазу (ол нөлге тең болуы мүмкін). 3) Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажырататын үтірді қою. 4) Бөлшек бөлігінің алымын жазу. Тарихи мәлімет «Бөлшек сандардың ондық жазбасы» Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, ақпаратты оқып, ең бастысын, әрі қызықты тұстарын белгілейді. 2 қосымша. Содан кейін тақтадағы тапсырманы барлығынан бұрын орындаған топтардың бірінің спикері дайын презентация бойынша бөлшек сандардың заманауи жазбасының пайда болу тарихы жайлы баяндайды. Осы кезеңде оқушылар жаһандық азаматтықты түсінуге қатыстырылады. Онндық бөлшекті микрокалькуляторда қалай жазуға болады? Тапсырманы топта талқылау және орындау. Шеңбер бойынша тапсырмалармен алмасу және индикатордағы ондық бөлшектердің жазбасын разрядтары бойынша кестеге жазу. 3 қосымша. Бекіту. Өздік жұмыс. 1.Жаттығу. Ресейде ондық бөлшек жайлы ең алғаш рет «Арифметика» атты орыс оқулығында айтылған болатын. Егер бөлшектер мен мен аралас сандарды ондыө бөлшектер арқылы жазсақ, оның авторын анықтай аламыз. Аралас сандар мен жай бөлшектер слайдта, ал ондық бөлшектер – карточкаларда жазылған. Карточкалардың артқы жағында – әріптер жазылған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сөз құрастырады. 0,123 | 1,5 | 0,15 | 3,25 | М | А | Г | Н |
0,007 | 0,07 | 3, 025 | 0,7 | 0,0123 | И | Ц | К | И | Й | 2. Жаттығу.Бұл жаттығу ондық бөлшектерді оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Сахналау: Шамамен бойлары бірдей оқушыларға кеуделеріне цифрлар жазылған карточкалар тағылады. Ал барлығынан бойы аласа оқушының карточкасында үтір белгісі бар. «Үтір» цифрлары оқушылар қатарының әр түрлі орындарына жүгіріп алмасып тұрады, ал сыныпта отырған оқушылар шыққан сандарды оқиды. Әртістер ретінде кинестетиктерді алған жөн. Мысалы, 3. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: . Оқушылар өз бетімен орындайды және тапсырманы бірінші болып орындаған оқушының үлгісі бойынша тексереді. Тапсырманы топта, тізбек бойынша орындау. 4. Ондық бөлшектерді оқыңыз: 2,7; 11,4; 401,1; 666,6; 0,8; 9,9; 99,9; 909,9; 5.64; 21,87; 381,77; 54,60; 2,80; 0,55; 0, 09; 0, 77; 1,579; 12,882; 326,703; 145,008; 21,094; 0,049; 0,001 203,6; 20,36; 0, 02036; 0,20506; 0,010101. «Ойлан!». Метрикалық бірлік өрнектерін ондық бөлшекпен қалай жазу керек. 5. Өрнектеңіз: дециметрмен: 5 дм 6 см; 3 дм 1 см; 9 см; центнермен: 24 ц 6 кг; 72 кг; 30 ц 65 кг; килограммен: 6 кг 339 г; 5 кг 58 г; 6 т 14 кг 8 г. Кеңес. Видео ресурс.http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=11484 Дифференциация. Білімді кеңейту. Жаңа жағдайларда қолдану. 6. Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жазыңыз: 182 : 10; 5405 : 100; 631 : 10 000; 74 : 1000; 849 : 1000; 3 : 100 000. 7. Кесінділерді салыңыз: АВ = 1,3 см; CD = 2,1см; МР = 0,8 см. | http://festival.1september.ru/articles/520086/ Виленкин И.И. оқулығына арналған сабақ жоспарлары Зубарева, А.Г. Мордкович. Мұғалімдер ресурсы Презентация Слайдтар «Бөлшектің ондық жазбасының даму тарихынан» Презентация 2 «Білімланд» http://www.bilimland.kz/ru#lesson=11486 |
Сабақтың соңы 10 минут | Білімді тексеру. Өздік жұмыс. 1. Пальто мен орамалдағы ойылған жұлдызшалар не? Барлығы өтпелі, кесілген, қолыңа алсаң - су? (қар ұшқыны) «Қаршаларды жина». Слайд «Қар жауу» 10. 2. Орманшыға орманда аңдардың іздерін анықтауға көмектес. 11-14 слайдтар Сабақты қорытындылау. - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен алмастыруға болады? - Үтір алдында жазылған санды қалай атайды? - Үтірден кейін жазылған санды қалай атайды? - Үтірден кейін қанша таңба болу қажеттілігін қалай анықтауға болады? - Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады? Үй тапсырмасы № 965,959 §31 Рефлексия «Тақырыпқа қатысты кілт сөздер» Келтірілген сөздердің қайсысы ондық бөлшекке қатысты? | «Ондық бөлшек» Презентация 1 Т.А. Алдамуратова, Е.С. Байшоланова – Математика: 5 сынып оқулығы |