kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойнап жүріп, ойланайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок для воспитанников старшей группы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойнап жүріп, ойланайық»

Тақырыбы: «Ойнап жүріп, ойланайық».

Мақсаты:Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту,берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге үйрету. Балаларды 5-ке дейінгі реттік сандарды тура және кері санау және кеңістікті бағдарлай білуді жетілдіру. Геометриялық пішіндер арқылы есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

Тосын сый.

Есік қағылады ,ішке хат тасушы апай кіреді. Қолында сиқырлы қорабы бар.

Хат тасушы: - Мен қайда келдім өзі?

-Бұл қандай топ?

- Қалай аталады білесіңдер ме?

Балалар: «Гүлдер тобы».

Хат тасушы: Дәл тапқан екенмін .Ал мен кіммін, таныдыңдар ма?

Балалар: -Газет ,журнал таратушы .

Хат тасушы: -Дұрыс айтасыңдар.Мен сонымен қатар хат тасушымын. Алыс қалалардан, аудандардан хабарламаларды хат арқылы жібереді. Ақпараттық хабарламаларды таратушы мына мен.Білімділер елінен осы сиқырлы қорапты әдейі «Гүлдер» тобына беріп жіберді. Себебі топ балаларының жыл бойы алған білімдерін тексеру үшін. Балалар мына қорапты ашамыз ба?

Балалар: -Иә.

Хат тасушы: Ой ашылмайды екен. Олай болса менің қолымдағы шарлардың түстерін атап берейік.

Балалар: - Қызыл,жасыл,сары, көк. (түстерін атайды)

Қорапша ашылады. Балалар бүгін хат тасушы апаймен бірге қызықты ойындар ойнаймыз. Ойнағыларың келе ме?

Балалар: -Иә. Ендеше, күнделікті жасап жүрген артикуляциялық жаттығуымыздан бастайық. «Футбол», «Тәтті тосап», «Әткеншек», «Сағат тілі» және тіл ұстарту жаттығуларын орындайды.

-Жел соққанда қандай дыбыс шығады? –у-у-у-у.

-Жел соққанда ағаш жапырағы қандай дыбыс шығарады? –ш-ш-ш-ш.

-Маса қалай ызыңдайды? –з-з-з-з.

-Ит қалай ырылдайды? –р-р-р-р.

-Қоңыз қалай ыжылдайды? –ж-ж-ж-ж.

1-тапсырма.

Д/о: «Кім шапшаң?»

1-ден 5-ке дейін тура,кері санау. Бес санына қатысты санамақтар айту.

Кел санайық ,санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы.

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.


«Бір үйде біз нешеуміз?»

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым әкем,

Балан үйрек шешем.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек -мен,

Кішкентай бөбек- сен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,балалар! Ал ,енді екінші ойынымызға көшейік.

2-тапсырма.

Д/о: «Адасқан пішіндерді тап»

Балалар көптеген суреттер ішінен геометриялық пішіндерді тауып алып, қандай пішін екенін атайды түстерін ажыратады.

( үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек ,сопақша) (қызыл ,жасыл,сары, көк).

Сергіту сәті: «Қызыл,сары көк шар».

Қызыл,сары,көк шар,

Қолымызда көп шар.

Күндейміз,айдаймыз,

Күлеміз,ойнаймыз.

3-тапсырма.

Д/о: «Кім байқағыш?» ойынын ойнау арқылы ұзын-қысқа заттарды салыстырайық.Балалар,қоянның неше құлағы бар? Неше аяғы бар? Құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?

Логикалық ойын :

Сенде бар 1 сәбіз,

Менде бар 1 сәбіз.

Екеуін қосқанда,

Болады қанша сәбіз? (2).

Себетте 2 алма, қолымда 2 алма,

Қосқанда барлығын болады неше алма? (4).

Балалар суретке қарап отырып, жауап береді.

Тәрбиеші: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Кеңістікті бағдарла» деп аталады. Тақтаға назар аударайық.

Балалар: Алдында,артында,жанында,жоғарыда,төменде т.б. деп жауап береді.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне барлығыңыз да белсене қатыстыңыздар. Білімділер елінің тапсырмаларын ойындар ойнап жүріп орындадық.Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдарма?

Балалар: -Иә .

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар . Ендеше ашық хат қалташасын дөңгелек ойыншықтармен әшекейлеп берейік. Топ екіге бөлініп, пішіндерден гүл бейнесін жапсырады.

Хат тасушы: -Жарайсыңдар,балалар! Мен бүгінгі жауаптарыңа дән ризамын.Олай болса сендердің әшекейлеп берген ашық хаттарыңды білімділер еліне табыстайын.Менің қолымдағы сиқырлы қорапқа салуларыңды өтінемін.Мен сендермен қоштасып, білімділер еліне оралайын .Қош сау болыңдар!

Балалар:- Сау болыңыз!

Тәрбиеші: -Балалар бүгін сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсете білдіңдер.Олай болса, қорытындылап жіберейік.

-Балалар, бізге кім келді?

Балалар: Хат тасушы апай.

Тәрбиеші: Оның қолында не бар?

Балалар: Тапсырмалар салынған сиқырлы қорап.

Тәрбиеші: Біздер не орындадық?

Балалар: Көптеген тапсырмаларды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар .Ендеше тобымызға оралайық. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарыңыз үшін ,мадақтап жұлдызшалар таратамын.

Сау болыңыздар!































31 «Күншуақ»МДҰ











Тақырыбы: «Ойнап жүріп, ойланайық»

(ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

№8 «Гүлдер» арнайы ортаңғы тобы.













Өткізген: Кулкашева А.С.















2016 оқу жылы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ойнап жүріп, ойланайық

Автор: Кулкашева Айжан Сарсенбаева

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366461

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "?зін ?зі тану саба?ынын ашы? саба? саба?ты? та?ырыбы "Досты? ?ымбат б?рінен""
    ["seo_title"] => string(65) "ozinozitanusabagynynashyksabaksabaktyntakyrybydostykkymbatbrinien"
    ["file_id"] => string(6) "300118"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456667999"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""К?лкі к?ні" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(27) "kulki-kuni-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "327792"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463496851"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Сабақ: Адалдық. Д.Қасенов"
    ["seo_title"] => string(25) "sabak_adaldyk_d_k_asienov"
    ["file_id"] => string(6) "379546"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484479930"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "1 Сәуір — Күлкі күні"
    ["seo_title"] => string(18) "1_s_uir_kulki_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "506355"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1554640684"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Мінез-??лы? ?ліппесі "
    ["seo_title"] => string(23) "miniez-k-u-lyk-lippiesi"
    ["file_id"] => string(6) "158878"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421826691"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства