kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика Тема "Сағат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разроботка по обновленной программе предмет Математика 1 класс 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика Тема "Сағат"»



Қысқа мерзімді жоспар

1мектеп-гимназиясы

Сабақ тақырыбы:Математика Сағат

Күні:18.01.2018

Мұғалім есімі:Балакбаева Арайлым Ашимовна

Сынып 1 «Ә»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Бағалау критерийлері

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

- циферблат бойынша уақытты анықтайды;

-сағат минуттардан тұратынын түсінеді

-тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады;

Тілдік мақсат


Оқушылар:топтық.ұжымдық,белсенді.

термин сөздер Сағат-Часы-Clock

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сағат дегеніміз не? Сағат не үшін керек? 1 сағатта неше минут бар? Сағаттың қандай пайдасы бар? 1 сағатта не істеуге болады? 1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?

Алдыңғы оқу Минут

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

2 мин
















5 мин


Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күн нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік жолын алайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Ортада тұрған балалардан үш оқушыны мұғалім топ басшысы етіп сайлайдыолардың бастарына қызыл, жасыл,сары қалпақ кигізеді,ал топ басшылар бір-бірден өздеріне тұрған балалардан тез-тез аттарын атап хатшы,тайм спикер,жедел жәрдем сайлап алады.

Топқа орналасып отырғаннан кейін топ ережесін еске түсіреміз.

Т.Ж. «Ой қозғау» Бұл не? ойыны.. (бөлім тақырыбын ашу)

Үш топқа салт дәстүр бейнеленген қима суреттер беріледі музыка қойылып ,топтағы балалар орындарынан тұрып сағат тілімен парталарды айналады.Музыка тоқтаған кезде мозайка құралады.Болған топ қолдарын жоғары ұстап болдық деген белгі көрсетеді.

Тапсырманы орындаған топ пирамида ойыншығына бір сақина салады.

Мұғалім: Суретте не бейнеленген? Бұл салт дәстүрлер қай кезде болады? (Белгілі бір уақытта болады)

«Шілдехана», «Тұсау кесер», «Сүндет той» туралы түсініктері қалыптасу үшін видео қойылады.

Ендеше, балалар уақыттың қалай өтіп бара жатқанын тыңдайық.









Топ ережесі жазылған плакат






Музыка

Салт дәстүрлер бейнеленген 3 қима суреттер


Пирамида ойыншығы


Видео





Аудио «Сағат тықылы»

Ортасы




5 мин











5 мин












5 мин




3 мин






5 мин

Аудионы тыңдаған балалар сабақтың тақырыбы «Сағат» екенін табады. Сағат сөзін үш тілде айтқызу Сағат-Часы-Clock

Ж.Ж Модельдеу

Жұптасып сағат моделін құрастырады. Түсіп қалған сандарын орнына желіммен жабыстырады ,қысқа,ұзын тілін дұрыс орналастырады.

Мұғалім: Балалар сағат қандай бөлшектерден тұрады? Кіші тілі нені көрсетеді? Ұзын тілі нені көрсетеді? Балалар қараңдаршы мына кішкентай қара сызықшалар нені білдіреді? Минутты Әр бөлік бес минутты құрайды. 60 минуттан 1 сағат құралады деп түсінік беру.

Сағат моделін дұрыс құраған топ екінші сақинаны пирамидаға салады.

Т.Ж. «Карусель» әдісі

Берілген түрлі-түсті ілгішке кір қыстырғышына бір таңбалы 3 сан ілініп әр топқа беріледі.

І-топ 4, 5, 9 сандарынан төрт амалды есеп құрастырады.

ІІ-топ 3,5,7 сандарынан екі амалды өрнек құрастырады.

ІІІ-топ 2,4,6 сандарынан жақшасы бар екі амалды өрнек құрастырады.

Топтар болғаннан кейін қолдарын көтереді, орындалған тапсырманы бір-біріне айырбастатып қызыл маркермен тексертемін,дұрыс орындаған топ пирамидаға үшінші сақинаны салады. Бір-бірін от шашумен бағалайды

«Ширату жаттығулары» Ж.Ж

Балалар қазақтың әрбір салт-дәстүрінде ұлттық ойындар ойналады . Балаларды паласқа отырғызып «Сақина салмақ » ойынын ойнату.Қолында сақинасы бар бала орнынан тұрып мұғалім көрсеткен санның сан құрамын айтады.

Ж.Ж «Ойлан, тап»

Мұғалім қасына әр топтың топ басшысын шақырып дорбаның ішіндегі асықтардың логикалық тапсырмасын орындауын өтінеді. Дұрыс жауап берген топ басшы өзінің тобына пирамидаға төртінші сақинаны салады. Бір-бірін бас бармақ әдісімен бағалайды.

«Галерея әдісі»

Әр топ ламинатталған қағазбен,маркерін алып, керегеде ілініп тұрған электронды сағаттардан көрсетіліп тұрған уақытты қағаздарына уақыттың өлшем бірлігімен жазып алады да,орындарына барып салыстырады. Дұрыс орындаған топ пирамидаға бесінші сақинаны салады. От шашу әдісі

Әр топтан үш оқушыны шығарып,құраған сағат моделінен Қай уақытта тұратынын,сабаққа нешеде басталатынын,сүйікті мультигі қаншада болатынын сұрау,оқушы сағаттан көрсетеді.




Сағат

моделі,сандар,

2 тіл









Түрлі-түсті 3 ілгіш сандар,қара,қызыл маркер,ламинатталған бет.









Палас






Дорба, асық



Түрлі түсті сағаттар жазылған қағаздар

Аяқталуы


5 мин




5 мин










2 мин

«Сен білесің бе?»

Астана қаласындағы «Күн сағаты» туралы айтып өту. Видео көрсету

Сабақтың аяғында әр топ пирамидадағы сақинаны санайды, көп сақина алған топ жеңімпаз аталады.

«Әткеншек әдісі»

Балалар ортаға тұрып тақ сан,жұп сан болып саналып екі топқа бөлінеді. Тақ сандар қол ұстасып жұп сандарға беттерімен қарайды да,сағат тілі сияқты айналады қарама-қарсы тұрған оқушыларға мұғалім сұрақ қояды.

Сағат дегеніміз не?

Сағат не үшін керек?

1 сағатта неше минут бар?

Сағаттың қандай пайдасы бар?

1 сағатта не істеуге болады?

1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?

Сабақтың соңында көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі





Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тексерді ________________________




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Математика Тема "Сағат"

Автор: Балакбаева Арайлым Ашимовна

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450314

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Презентация по математике тема "Сағат""
    ["seo_title"] => string(44) "priezientatsiia_po_matiematikie_tiema_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "450317"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1516107120"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Маманды?ты? б?рі жа?сы" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(41) "mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "245488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446134330"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""?ажайып жетілік"  кластан тыс са?аты "
    ["seo_title"] => string(39) "g-azhaiyp-zhietilik-klastan-tys-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "136040"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417019890"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(63) "sabaktyn_takyryby_matematika_lemine_saiakhat_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "494932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293054"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Интелектуальная игра на тему "Зерде""
    ["seo_title"] => string(41) "intieliektual-naia-ighra-na-tiemu-zierdie"
    ["file_id"] => string(6) "284059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453912816"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства