Просмотр содержимого документа
«Математика ?лемінде»
Математика әлемінде
Мақсаты: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, ой жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
1-ж.
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз.
«Математика әлемінде» атты
Кешімізді бастаймыз !
2-ж.
Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әліде.
1-Ж.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! №3 «Математика әлемінде» поезды №3 Қарабалық орта мектебінің аялдамасына келіп тоқтады. Поезд жолының 2 –ші желісінде , сақ болыңыздар !
2-Ж. Бұл поезда 5 вагон бар.
1-вагон «Біліміңді тексер»
2-вагон «Тапқырлық патшалығында»
3-вагон «Кім жылдам »
4-вагон «Қызықты математика ойыны»
5-вагон «Көңілді тапқыштар клубы»
Бүгін біздің ортамызда «Алғарлар» және «Тапқырлар» атты 2 команда сайысып өз өнерлерін көрсетеді.
1. «Біліміңді тексер» вагонынан алынған сұрақтар «Алғырлар» топ басшысына қойылады.
Қандай бұрышты сыбайластар деп аталады?
Шамасы 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады?
Егер екі түзу қиылысса , неше ортақ нүкте пайда болады?
Бірінші бұрыш және екінші бұрыш вертикаль. Бір бұрышы 48 0 болса, екінші бұрышты тап.
Бұрышты өлшейтін құрал?
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?
Квадраттың периметрі?
Центр арқылы өтетін хорда?
15-тің квадраты неге тең?
Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнайды, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды ?
2. «Біліміңді тексер» вагонынан алынған сұрақтар «Тапқырлар » топ басшысына қойылады
1. Қандай бұрышты вертикаль бұрыш деп атайды?
2. Радиус дегеніміз не?
3. Кез-келген екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
4. Екі түзу қиылысқанда неше жазыңқы емес бұрыштар шығады?
5. Бұрыштың анықтамасын айтыңыз.
6. Қабырғалары бір түзудің бойында жатқан бұрышты қандай бұрыш деп атайды?
7. 25 -тіңквадраты неге тең?
8.Хорда дегеніміз не?
9. Тікбұрыштың ауданы?
10. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі ?
«Тапқырлық патшалығында» вагонының тапсырмалары топқа беріледі:
«Алғырлар» тобына
Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда 4-4-тен үлкен бұтақ бар.
Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкентай бұтақ бар. Әрбір кішкентай бұтақта 4-4- тен алма бар. Барлық алма саны қанша?
«Тапқырлар » тобына
Қосарланып жегілген 3 ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша уақыт жол жүреді?
«Алғырлар» тобына
Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында , екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?
«Тапқырлар » тобына
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
«Алғырлар» тобына
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
«Тапқырлар » тобына
Электорпоезды шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 км жылдамдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50см. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап жетеді?
«Алғырлар» тобына
Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны?
«Тапқырлар » тобына
Қандай бөшкеге су құюға болмайды ?
3-вагон «Кім жылдам » вагоны
4-вагон «Қызықты математика ойыны» 2 командаға жарысып ойындар ойнату.