Просмотр содержимого документа
«Математика-ғылымдар патшасы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Сыныптан тыс сабақ
(8-10 сыныптар аралығында)
Тақырыбы: Адам-ақылымен сымбатты
Машықкер: Әлихан Е
Семей қаласы 2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Адам-ақылымен сымбатты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен материалды еске түсіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық:Ұйымдастырушылық,жетістіктерге жету қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты бір пәнге деген қызығушылығын дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Сабақ түрі: Сайыс сабағы
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, слайд-шоу,нақыл сөздер.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру бөлімі:
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушылар! Бүгінгі «Адам ақылымен сымбатты» атты сайыс- сабағымызға қош келдіңіздер!
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса, қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі-сайыс.
2-жүргізуші: Бүгін сайыста математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.
1-жүргізуші:
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға
Күш өнер,білімменен алысуға,
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға,
Сонымен ортаға сайыскер оқушыларымызды шақырамыз. Оқушылар жеребе бойынша топтарға бөлінеді және ақылдаса келе топ атын таңдайды.
Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық. Сайыс үш кезеңнен тұрады.
1.«Кім тапқыр»
2.«Кім жылдам»
3.«Математикалық эстафета»
2-жүргізуші. Сайысты бастамас бұрын сіздерді математика саласына еңбек сіңірген ғалым – математиктермен таныстыра кетейік.
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов (25.8.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972).
1940–42 ж. Семей пед. институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогика институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–1953 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–1970 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды.
Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.
1-жүргізуші : Асан Дабысұлы Тайманов (7.11.1917 жылы туған, Орда ауданы, Бисен ауылы) — ғалым, физикалық-математикалық ғылымының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан Ғалым академия (1962). 1936 ж. Орал пед. институтың бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1947- 1954 ж. Қызылорда педагогикалық институтында, 1954-1960 ж. Иваново және Щуи педагогикалық институтында доцент, 1960-67 және 1971 ж. КСРО-ның Сібір бөлімшесінің Математика институтында аға ғылыми қызметкер, 1961-1965 ж. Новосибир университетінің геом. каф-сының меңгерушісі. 1968-70 ж. Қазақстан FA физикалық - математематикалық бөлімінің академик-хатшысы. 1970 жылы Қазақстан FA Математика және механика институтының директоры. Таймановтың негізгі ғылыми еңбектері теориялық жиынтық топологияны, үздіксіз бейнелеудің таралуын, борель жиынтығын зерттеуге, модельдер теориясына, эвклид кеңістігі элементгер теориясына, т.б. арналған. Ол 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар даярлауға үлкен үлес қосқан. Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған.
2-жүргізуші : Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. О. Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі.
О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.
1-жүргізуші : Сонымен, Құрметті көрермендер, сайсымыздың бірінші кезеңін бастайық. Бұл кезең «Кім тапқыр» деп аталады.
1-жүргізуші: «Кім тапқыр» кезеңінің шарты мынадай:
Бұл ұяшықтар «Логикалық есептер», «Қызық екен», «Математика» тақырыптарына бөлінген;
Әр тақырып бойынша сұрақтар деңгейіне қарай 30, 40, 50 ұпайлық тапсырмалардан тұрады;
Қатысушылар сол тапсырмаларды таңдау арқылы, жауаптың дұрыстығына қарай сәйкес ұпайларға ие болады.
«Логикалық есептер – 30»
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып - сапырып Арманға бер,
Құйып - құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам деп ойлады?
Жауабы: 10 адам
«Логикалық есептер – 40»
Ол үшін алдарында тұрған экранда 1 - ден, 9 ға дейінгі сандар жазылған. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+2+3+4+5+67+8+9=99
«Логикалық есептер – 50»
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім.
Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты.
Мен қандай сан ойладым?
Шешімі:
(((x+1)*2)/4)-3=1 x=7
Жауабы:7 санын ойладым
«Қызық екен -30»
Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
Түтінді бөтелкеге құюға болады
Түрлі түсті түтіннен сурет салуға болады
Түтінмен мысықты емдеуге болады
Жауабы: Түтінді бөтелкеге құюға болады
«Қызық екен -40» СЫЙЛЫҚ
«Қызық екен -50»
Пластик бөтелкеге су толтырып, бетін пинг-понг шарымен жауып төңкерсе, не болады?
Шар бөтелкенің ішіне кіреді
Су тамшылап, шар айналып тұрады
Су ақпайды
Жауабы: Су ақпайды
«Математика 30»
теңдеуінің түбірлерін тап.
D=(-25
Жауабы: түбірлері жоқ.
«Математика 40»
«Математика 50»
2 – жүргізуші. Келесі бөлім «Кім жылдам» деп аталады. Бұл сайыста оқушылар «кубик-рубик» ойыншығын құрап жарысады. Сайыс ептілікті, озық ойлауды, жылдамдықты, тапқырлықты талап етеді. Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып, уақыт есебімен бақ сынайды. Сайысты ең жылдам аяқтаған оқушының тобы жеңіске жетеді.
1 – жүргізуші. Үшінші кезең «Математикалық эстафета». Мұнда әр топ берілген тапсырманы жылдамдықпен орындайды. Әр дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.
1-топ:
Теңдеуді шешіңіз.
Формуланы жалғастыр:
Туындысын тап. y=(8x2-7x6+5)10
Дискриминантын табыңыз: X2-11x-152=0;
2-топ:
Теңдеуді шешіңіз.
Формуланы жалғастыр:
Туындысын тап. f(x)=(5-3x3+x4)6
Дискриминантын табыңыз: 2x2+7x-30=0;
3-топ:
Теңдеуді шешіңіз.
Формуланы жағастыр:
Туындысын тап. F(x)=(x3-x5+6)7;
Дискриминантын табыңыз: 2x2-9x+10=0;
2-жүргізуші: Қазылар алқасы сайыс барысында жиналған ұпайлар есептеп, жеңімпаз топты анықтағанға дейін экранда көрсетілген нақыл сөзді шешейік.
(Оқушылар сағат тілдерінде белгіленген әріптерді берілген сандармен сәйкес реті бойынша қойып, нақыл сөзді анықтаулары керек)
9.5.1.11 9.12.7.9.3.6.1.,
7.10.11.10.4 8.2.12.7.9.3.6.1
Жауабы: Ақыл азбайды, білім тозбайды.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсіме жол берейік.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сіздерге бүгінгі сайыс – сабаққа қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінгі сабақтың тақырыбына арқау болғандай «Адам ақылымен сымбатты» екендігін есте сақтап, оқудаға жетістіктеріңізбен әрдайым жоғарыдан көрінулеріңізді тілейміз. Осымен, сайысымыз соңына жетті. Сау болыңыздар!