Сергіту сәті «Жан жылуы» жаттығуы Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды) Жүрегіме саламын (тура қарайды) Досыма сыйлаймын (оңға қарайды) Сәттілік тілеймін (тура қарайды) Оқулықпен жұмыс I топ 1144(1). Фермер 72 га жерге алма ағаштарын отырғызды. Бұл – оның барлық жерiнiң 40%-і. Фермердiң барлық жерiнiң ауданы неше гектар? 1119(1). Бұйымның бағасы 12%-ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 2000 теңге болса, оның қымбаттаған бағасы неше теңге? №1166. Мирас 9 жаста. Бұл оның әкесiнiң жасының 25%-індей. Ал әкесiнiң жасы атасының жасының 60%-ындай. Атасы неше жаста? II топ 1144(2). Мектеп кiтапханасында 2890 оқулық бар. Бұл – ондағы барлық кiтаптың 85%-і. Мектеп кiтапханасында барлығы неше кiтап бар? 1120(2). Мұздатқыштың бағасы 15%-ке арзандатылды. Егер мұздатқыштың алғашқы бағасы 62 000 теңге болса, оның арзандаған бағасы неше теңге? №1164. Сатып алынған сырдың 40%-і бiрiншi бөлменi, қалғанының 60%-і екiншi бөлменi сырлауға жұмсалды. Одан қалған 1,8 кг сыр үшiншi бөлменi сырлауға жұмсалды. Үш бөлменi сырлауға неше килограмм сыр жұмсалды? III топ 1144(3). Сыныпта 12 қыз бар. Бұл – сыныптағы барлық оқушылардың 40%-і. Сыныпта неше оқушы оқиды? 1119(3). Бұйымның бағасы 12%-ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 8000 теңге болса, оның қымбаттаған бағасы неше теңге? №1163. Тiгiн фабрикасы киiмнiң алғашқы бағасын 5%-ке қымбат татты да‚ жыл соңында 20%-ке арзандатып‚ 8 400 теңгеге сатты. Киiмнiң қымбаттатқанға дейiнгi алғашқы бағасы неше теңге? Құпия әдісі: Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылар шешім қабылдауға түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен үдерістерге назар аудара алады. Жауап алу жүргізу барысында қолдануға ұсынылатын сұрақтар: Бұл шешімге қалай келдіңіздер? Келіспеушіліктер болды ма? Келісімге қалай қол жеткіздіңіздер? ҚБ: Бағдаршам Саралау тәсілі – қарқын (дарынды оқушымен жұмыс) жеке тапсырма беріледі. Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тауып алды. Сабыр барлық саңырауқұлақтардың 40%-ін, Марат Сабырдың тапқанының 25%-ін, ал Тимур қалғанын тауып алды. Тимурдың тауып алған саңырауқұлақтар санын табыңыз. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс диалог жəне қолдау көрсету тәсілін қолданамын |