Сабақтың басы 7мин Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі:(2 мин) Оқушылармен амандасу. Сынып тазалығын, оқушы қатысын, құрал-жабдықтарын тексеру. Оқу мақсатымен таныстырып психологиялық ахуал орнату, яғни сабақтың жақсы өтуіне сәттілік тілеу Сынып оқушыларын топқа бөлу: Сынып оқушыларының қолдарына есеп жазылған парақшаларды таратамын. Онда натурал сандарға амалдар қолдану жөнінде есептер жазылған: 11+2; 9+4; 39/3; 26/2; 20-7 25+2; 81/3; 53-26; 13+14; 9*3 2*9; 36/2; 15+3; 20-2; 13+5 Нәтижесінде 13, 27, 18 шыққан санына байланысты 3 топқа бөлемін. I-тобы (натурал сандар) II-тобы (жай сандар) III-тобы (құрама сандар) Оқушыларға топ ережелерін сақтауды айтамын. Әр топқа бағалау парақшасын беремін. "Сөзді тап" ширату жаттығуларын орындау барысында оқушылар жаңа тақырыпты ашады. Әрі қарай топ «Джигсо» әдісімен мәтінді талқылайды, яғни топ бір-бірімен, кейін топтар бір-біріне түсіндіріп, пікір алмасады. Оқушылар тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырулар айта отырып, тапсырмаларға көшеді. Оқулықпен жұмыс Топ басшысы топ мүшелерінің есептерін тексеріп,топпен талқылайды.Топ мүшелерінің бағаларын бағалау парағына белгілеп жазады. Мұғалім: Тапсырманы "Микрофон"әдісі арқылы әр топтағы бір оқушыға тастау арқылы,тақтаға шығаруына болады. Оқушыны әр топ мүшелері бағалайды Деңгейлік тапсырмалар орындау: №1 Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз: 1) 14, 26, 52, 38. 2) 9, 25, 32, 49. 3) 12, 18, 51, 58. Жауабы: 1) 14=2*7; 26=2*13; 38=2*19 52=22*13; 2) 9=32; 49=72 25=52; 32=25; 12=22*4; 18=2*32; 51=3*17; 58=2*29; №2 Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз: 1) 88, 136, 222. 2) 435, 530, 555. 3) 504, 700, 594. Жауабы: 1) 88=23*11; 136=23*17; 222=2*3*37; 2) 435=3*5*29; 530=2*5*53; 555=3*5*37 3) 504=23*32*7; 700=23*52*7; 594=2*33*11; №3 a , b , c және d сандарының 1-ден өзге бөлгіштерін табыңдар: 1-топ тапсырмасы: а= 2*5*7 2-топ тапсырмасы: в=3*7*11 3-топ тапсырмасы: с=2*3*13 Жауабы: 1) 2,5,7,10,14,35. 2) 3,7,11,21,33,77. 3) 2,3,6,13,26,39,78. Сергіту жаттығулары: а)"Адасқан сандарды тап"әдісі бойынша оқушылар алдарындағы сандардың ішінен құрама санды және жай санды киіз үйге жинақтайды. -
Оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау: Әр топқа парақтардан үшбұрыш, тіктөртбұрыш, параллелипипед қию сұралады және үшбұрыш пен тіктөртбұрыштың периметрін, тік бұрышты параллелипипедтің көлемін жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазу сұралады. Сабақты қорытындылау барысында «Сыныптан шығу билеті» оқушыларға сұрақтар жазылған қағаз беріп, олар сұрақтарға жауап береді. 1.Қандай сандар егіз сандар деп аталады? 2. Қандай сандар 2-ге қалдықсыз бөлінеді? 3. Екіден көп бөлгіштері бар бөлгіштерге сан? 4. 18 санының жай дұрыс жіктелуін тап 5. 36 санының бөлгіштерін тап: | Слайд Есептер жазылған стикерлер Топ аттары жазылған паракшалар Слайд,оқулық |