Көрнекілігі: Сорбонки , бейнежазбалар, АКТ Білім land , геометриялық фигуралар, хат.
Интернет ресурстар: Білім land сайты қолданылды.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
(Қызығушылығы мен ынталары арту үшін әңгімемен танысады)
Баяғы заманда ең ақылгөй данышпан болыпты. Оның білмейтін нәрсесі жоқ екен. Шәкірті данышпанды сынағысы келіп,қолына көбелікті жасырады. Ақылгөйден көбелек қандай деп сұраймын, тірі десе, қысып,өлтіріп тастаймын, өлі десе, жібере саламын. Солай данышпанның да білмейтін нәрселері бар екенін дәлелдеймін деп ойлапты.Осы ойлағанын жүзеге асырады.
Сонда Данышпанның айтқаны :
-«Бәрі өзіңнің қолында!» депті.
Шәкірті « Қалайша?» деп сұрапты.
-«Тірі қалдырғың келсе, жібере саларсың, өлтіргің келсе қыса саларсың!» деген екен.
- Осы сияқты мен де сендерге аянбай білім беремін,оны ақылға жаратуларың өз қолдарыңда!
ІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Хат тасушы келіп отыр. Біз Елбасымызға Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап хат жіберейік ?! Құттықтау хатын жазуға дайынбыз ба, балалар?
Оқушылар: — Иә, дайынбыз!
- Ол үшін тапсырмаларды орындап отырамыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үш тілде 10-ға дейін санау. ( Хаттың бірінші жолы)
Ауызша есептеу: «Ыстық орындық» ойыны
Міндетті деңгей Қиын деңгей Күрделі деңгей
10+5 100-6 36+6
12+5 100-8 25+6
13+3 100-1 33-4
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Білім land сайтынан бейнежазба көрсету.
Шифровканы оқу. Құрама есептер шығару. (сөздегі әріптер ретін санап табу)
Шарты: үлестірме қағаздың бір жағында өрнектер жазулы болады.Оқушы жауабын айтқан соң, екінші жағында жазылып тұрған жауаппен өзінің жауабын тексереді.
80 + 3 = 83 20 + 1 = 21
30 + 2 = 32 10 + 2 = 12
14 – 10 = 4 20 + 20 = 40
40 + 3 = 43 30 + 3 = 33
8 + 6 = 14 80 + 9 = 89
20 + 8 = 28 47 – 40 = 7
17 – 8= 9 13 – 10 = 3
10 + 10 = 20 60 + 5 = 65
XІ. Бекіту.
- Балалар сендердің білімдеріңнің арқасында хатты жаздық. Енді Елбасымызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтауымыз уақытында жететін болды.
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Кері байланыс. «Аквариумдағы балықтар» әдісі.
Егер сабақ ұнаса балықтарыңды аквариумның бетіне, қанағаттанарлықтай болса аквариум ортасына, ұнамаса аквариум түбіне жабыстырыңдар.
XII. Бағалау. Өзін-өзі бағалау парақтарын жинап алу.