Жауабы: 2 – жай сан, ал ?ал?ан барлы? ж?п сандар ??рама болады.
2. Жіктелуі бір та?балы екі жай саннан т?ратын барлы? екі та?балы сандарды жазы?дар.
Жауабы: 10, 14, 15, 21, 25, 35, 49.
3. Жа?а жылды? шыршада балалар бірдей сыйлы?тар алды. Сыйлы?тарда барлы?ы 27 апельсин мен 45 алма болды. Мерекеде неше бала болды?
Жауабы: 9 бала.
VІІ. Тарихи хабарлама.
Пифагор ( б.з.д. 6 ?асырда ?мір с?рген) ж?не оны? о?ушылары сандарды ? б?лінгіштігі туралы с?ра?ты зерттеген. ?зінен бас?а б?лгіштеріні? ?осындысына те? санды олар кемел сан деп ата?ан. Мысалы, 6 (6=1+2+3), 28 (28=1+2+4+7+14) – кемел сандар.
Келесі кемел сандар 496, 8128, 33550336. Пифагорлы?тар тек ал?аш?ы ?ш санды білген. Т?ртінші кемел сан 8128 б.д. І ?асырында белгілі бол?ан. Бесінші 33550336 саны 15 ?асырда табылды.
VIІІ. . «Ойланайы?, кім ойшыл» /шы?армашылы? тапсырма/
5 пен 9-?а б?лінетін ж?не бірдей цифрлардан т?ратын ?р т?рлі ?ш та?балы екі ж?п сан жазы?дар. Оларды? Е?ОБ ж?не ЕКОЕ табы?дар.
Жауабы: 180 и 810 (Е?ОБ = 90, ЕКОЕ = 1620); 270 и 720 (Е?ОБ = 90, ЕКОЕ = 2160); 360 и 630 (Е?ОБ= 90, ЕКОЕ = 2520); 450 и 540 (Е?ОБ = 90, ЕКОЕ= 2700).
ІХ. Саба?ты ?орытындылау. Сынып о?ушыларыны? ж?не жеке балаларды? ж?мыс сапасын ба?алау.
Саба?ымызды? ?орытындысын жасайы?. Сендерге тарау бойына натурал сандар туралы осыншама жа?алы?тар білу ?на?ан шы?ар деп ойлаймын.
Натурал сандар жиынын аспанда?ы ж?лдыздармен салыстыру?а болады. Ж?лдыздарды? ішінде ерекше жар?ырап к?рінетін ж?лдыздар бар екенін білесі?дер. Сандар арасында да ерекшелері бар. Олар бір-бірінен ерекшеленетін айырмашылы?тары бар (Егіз сандар, кемел сандар). Ж?лдыздар тобы сия?ты сандар ішінде де ерекше ?асиеттері бар сандар тобы бар Олар: ??рама, жай, ж?п, та? сандар топтары. Тек оларды к?ре білуге ?йрену керек.
Просмотр содержимого документа
«Е? ?лкен орта? б?лгіш пен е? кіші орта? еселікті табу?а есептер шы?ару»
Математика, 5- сынып
Сабақ №15
Тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Мақсаттары:
Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауы бойынша оқып –үйренген материалды жалпылау, сараптау және қорытынды шығару, ойын жинақтау білігін қалыптастыру;
Өзін-өзі бақылау, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; есте сақтау қабілетін, өздігінен ойлауды дамыту, математикалық тілде сөйлеу, ойларын нақтылы сөздермен баяндауды үйрету.
Жабдығы:
Слайдтар, ауызша және өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар, үлестірмелі кеспелер
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: іздендіру-шығармашылық жарыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Барлықтарыңызға қайырлы күн тілеймін! Бүгінгі сабақта сіздерді көргеніме қуаныштымын! Менің ойымша, әрбіреуіңіз осы сабақтан жаңа бірдеңе үйренем деп қана қуанбай, жаныңызда отырған көршіңізді көргеніңізге де қуаныштысыз деп ойлаймын. Бір-бірімізге күлімдеп қарап, сәттілік тілейік!
-Сабағымыздың тақырыбы «Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару» , сабақ жоспары тақтада берілген. Танысыңдар. Сұрақтарың бар ма?
Ендеше, бәріміз бірігіп осы жоспарды іске асырайық!
(Сыныпты екі топқа бөліп отырғызу
Жай сандар, құрама сандар атын беру).
II . Тапқан – тапқандікі, Көкпар - тартқандікі.
Ауызша жұмыс. Миға жаттығу
- Сабағымыздың басында жаттығу жасайық. Адамның әсемдігі оның ойының, сөздерінің, әрекеттерінің әсемдігінде дейді. Ендеше біз миымызға жаттығулар жасайық.
(Оқушы өз жауабын ережені келтіре отырып түсіндіруі керек)
1. 36 санының бөлгіштерін ата
Ереже. Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды.
Жауабы : 1,2,3,4,6,9,12,18,36.
2. 36 санының бірнеше еселігін ата.
Ереже. Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды.
1. Жұп сандардың қайсысы жай, қайсысы құрама болады?
Жауабы: 2 – жай сан, ал қалған барлық жұп сандар құрама болады .
2. Жіктелуі бір таңбалы екі жай саннан тұратын барлық екі таңбалы сандарды жазыңдар.
Жауабы: 10, 14, 15, 21, 25, 35, 49.
3. Жаңа жылдық шыршада балалар бірдей сыйлықтар алды. Сыйлықтарда барлығы 27 апельсин мен 45 алма болды. Мерекеде неше бала болды?
Жауабы: 9 бала.
VІІ. Тарихи хабарлама.
Пифагор ( б.з.д. 6 ғасырда өмір сүрген) және оның оқушылары сандарды ң бөлінгіштігі туралы сұрақты зерттеген. Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең санды олар кемел сан деп атаған.Мысалы, 6 (6=1+2+3), 28 (28=1+2+4+7+14) – кемел сандар.
Келесі кемел сандар 496, 8128, 33550336. Пифагорлықтар тек алғашқы үш санды білген. Төртінші кемел сан 8128 б.д. І ғасырында белгілі болған. Бесінші 33550336 саны 15 ғасырда табылды.
VIІІ. . «Ойланайық, кім ойшыл» /шығармашылық тапсырма/
5 пен 9-ға бөлінетін және бірдей цифрлардан тұратын әр түрлі үш таңбалы екі жұп сан жазыңдар. Олардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.
Жауабы: 180 и 810 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 1620); 270 и 720 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 2160); 360 и 630 (ЕҮОБ= 90, ЕКОЕ = 2520); 450 и 540 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ= 2700).
ІХ. Сабақты қорытындылау. Сыныпоқушыларының және жеке балалардың жұмыс сапасын бағалау.
Үйге тапсырма беру. №346, 348, 96-бет, §13-18- қайталау, бақылау жұмысына дайындық
Сабағымыздың қорытындысын жасайық. Сендерге тарау бойына натурал сандар туралы осыншама жаңалықтар білу ұнаған шығар деп ойлаймын.
Натурал сандар жиынын аспандағы жұлдыздармен салыстыруға болады. Жұлдыздардың ішінде ерекше жарқырап көрінетін жұлдыздар бар екенін білесіңдер. Сандар арасында да ерекшелері бар. Олар бір-бірінен ерекшеленетін айырмашылықтары бар (Егіз сандар, кемел сандар). Жұлдыздар тобы сияқты сандар ішінде де ерекше қасиеттері бар сандар тобы бар Олар: құрама, жай , жұп, тақ сандар топтары. Тек оларды көре білуге үйрену керек.
Қоштасу. Құрметті достар!
Сендермен болған бүгінгі кездесуге қуаныштымын. Бүгінгі жұмыста белсенділік көрсеткендеріңе рахмет айтамын. Сау болыңдар. Сабақ аяқталды.