| 1 - сабақ | Сынып: 5 “А” | күні: | Қатысқан оқушы: | |
| Сілтеме: | Оқу жоспары, оқулық Математика 5 - сынып, күнтізбелік жоспар. | |
| тақырыбы: | ЕҮОБ тақырыбы бойынша есептер шығарту | |
| Жалпы мақсаттар: | Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдысы қалыптасады; Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, берілген сандардың ЕҮОБ-ін таба біледі; Оқушылар бірін-бірі үйретеді, өзара ақылдасады, достық қарым-қатынас құрады, түсініседі. | |
| Әдісі-тәсілдері: | топпен, жұппен, жекелей , “Мен –саған, сен – маған”, СТО, АКТ, постер жасау, бағдаршам | |
| көрнекілік | интерактивті тақта, слайд, үлестірме тапсырмалар, A3 қағазы мен маркерлер, бағалау парағы, түрлі-түсті қағаз | |
| Дереккөздер: | Оқулық, интернет ресурстары, дидактика Алдамұратова 5 - сынып | |
| Оқыту нәтижелері: | Оқушылар өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өз ойларын еркін жеткізе алады, есеп мазмұнына сипаттама, талдау жасай біледі. | |
| Сабақтың барысы: | уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Қызығушы- лығын ояту. | 3 мин 2-мин | Топқа бөлу: Оқушыларды жеміс-жидектер бойынша топқа бөлу | Жеміс-жидектер бойынша шағын 3 топқа бөлінеді: | |
| Сергіту сәті: физминутка «Балапандар» | Оқушылар слайдтағы балапандардың іс-қимылдарын қайталау арқылы жаттығу жасайды. | |
| Мағынаны ашу | 5 мин | “Мен-саған, сен –маған” Әр топқа 3 нұсқада таратпа материал беріледі. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылайды. | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. бірін-бірі бағалайды (жұптық бағалау). Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. | |
| 20 мин | Топтық жұмыс. Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіріледі. шығарып болғаннан кейін, топтар өз өнімдерін жасайды. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, бағыт-бағдар береді. | Оқушылардың әрқайсысы өз тобының тапсырмаларын орындайды, постер жасап, есеп шартын түсіндіріп, қорғауға дайындалады. топтар бірін-бірі бағалайды. | |
| | 7 минут | Оқулықпен жұмыс: №306 есепті оқушылар сыныппен біріге отырып талдайды. | Әрқайсысы өз пікірін білдіреді, ойларын ортаға салады, қабілетті оқушылар анықталады. | |
| Ой толғаныс | 3 мин | «Бағдаршам». Әр оқушы өзінің тақырыпты қаншалықты түсінгенін бағалайды. | Оқушылар бағдаршамның түсіне сәйкес түстерді таңдау арқылы, өзін-өзі бағалайды. | |
| | 5 минут | Рефлексия, сабақта не ұнады не ұнамады, қандай қиындықтар кездесті | Оқушылар өз пікілерін айтады | |
| Бағалау | | Әр топ басшылары және мұғалім ортақ балдарын шығарып бағалайды. | |