kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есеп шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Жоғары санатты Бастауыш сынып мұғалімі Рахимбаева Салтанат Окановна.

Сабақ: 2– сабақ

Сабақ өтілетін уақыт

4.10. 2016жыл

Барлық оқушылар: 7

Қатысқаны: 7

Сыныбы: 3 «А»

Пәні:  математика

Сілтеме

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар.

Оқулық математика  3  сынып Алматы «Алматыкітап» 2014жыл. Әдістемелік құрал

Сабақтың тақырыбы

Есептер шығару

Жалпы мақсаттар

Шамалар: 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.

Түйінді идеялар

Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру, әртүрлі пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару білігін жетілдіру, салыстыру және орнына қою білігін дамыту

Оқыту нәтижелері

Оқушылар шамалар: заттың салмағы, заттың мөлшері, жалпы масса арасындағы байланыс бойынша пропорционал санды табуға арналған жаңа есеп түрлерін біледі.

Көрнекіліктер

Топтық жұмыс жасауға арналған қосымша материалдар

Дерексөздер

Электронды математика 3 сынып Алматыкітап

Сабақ барысы

Уақы-ты

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2)Психологиялық ахуал

ә) Топқа бөліну

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Жалқау сегіздіктер»     (ми гимнастикасы)

Мағынаны тану

ІІІ.Ой-толғаныс

Рефлексия

Сергіту сәті «Қазақия»

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма беру

Рефлекция

5мин

3 мин

3 мин

1 мин

12 – 15 мин аралығы

1 мин 50 сек

2 мин

2 мин

1 мин

3 мин

Топтық жұмыс, фармативтік бағалау.

Жекелей жұмыс

топтық  жұмыс. 

«Ойлан, жұптас, пікірлес»

Жеклей жұмыс

Балалар, ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Енді бір- бірімізге қарап тұрып қазір көрсетілетін презентациядағы смайликтердің қимыл – қозғалыстарын жасайық.

Балалар, алдағы уақытта ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған мемлекеттік мереке етіп атап өтеміз.

-Ол қандай мереке ?

Ендеше, балалар, бүгінгі математикадан өткізгелі тұрған ашық сабағымызды еліміздің 24 мәрте атап өткелі тұрған Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне арнамақпыз.

Менің қолымда көрнекті ақын М. Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңінің жолдары жазылған қима қағаздарды алу арқылы

4 топқа бөлінеміз.        Балалар, топтар анықталды, қолдарыңдағы  қима қағазда жазылған өлең жолдарын оқиықшы.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасы бойынша презентатциямен жұмыс жасаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есептер шығару» деп аталады.

Презентация

Сабағымыздың мақсаты; 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру

Презентация

Оқулықтарыңның  124 -бетін ашыңдар. 1 – тапсырма берілген кесте бойынша топпен есеп құрап, кестені қорғайсыңдар.

№6 тапсырма әрқайсыларларың 3 минут уақыт ішінде берілген тапсырманы орындап, бір- біріңе тексеріңдер.

Өзіңді бағала

2 дұрыс орындалған тапсырмаға  2 ұпай, 1 дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпай, тапсырма дұрыс орындалмаса 0 ұпай беріледі.

№3 есептегі тапсырмаларды өздік жұмыс ретінде әр топ өздік жұмыс ретінде орындайсыңдар.

№ 5, 6 есеппен жұмыс

 №7 Теңдеулерді шешу

Бүгінгі сабақтан не білдік?

Есептердің құрамындағы белгісіздерді қалай таптық ?

Мұғалім бағалайды.

Астанамыздың белгісі 91 метрлік Бәйтерекке көтерілуге сабақтан алған білімдерің қаншалықты көмектесе алды ?

Бәйтеректің қай жеріне дейін көтерілдіңдер ?

.

Оқушылар « Шаттық шеңберінде» тұрып (қарама-қарсы) мұғалімнің бұйрықтарын орындайды.

Оқушылар смайликтердің қимылдарын бірге жасайды.

 

 

 

Балалар бірігіп қима қағаздағы өлең жолдарын оқиды.

Үйге 2 ден 9 ға дейінгі көбейту, бөлу кестелерін қайталау

Гимнастика жасауға қатысады.

Әр топ (3 топ) кестені талдайды, тақтаға іліп түсіндіреді.

Ал 4 – топ  сарапшы топ жалпы массаны, 1 заттың массасын, заттың санын қалай талдау керектігін ереже түрінде айтады.

Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесі бойынша бір – бірін тексеріп, бағалайды.Жасыл сиямен тексерді.

Оқушылар дәптерде орындайды. Әр топтан бір бала тақтада орындап көрсетеді.

Оқушылар, сергіту сәтін әуенге сәйкес жасайды.

Оқушылар сұраққа жекелей жауап береді.

Оқушылар «Бәйтерекке» адам бейнесін жапсыру арқылы өз өздерін бағалайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есеп шығару»

Шығыс Қазақстан облысы , Семей қаласы , «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Жоғары санатты Бастауыш сынып мұғалімі Рахимбаева Салтанат Окановна.



Сабақ: 2– сабақ

Сабақ өтілетін уақыт

4.10. 2016жыл

Барлық оқушылар: 7

Қатысқаны: 7

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: математика

Сілтеме

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар.

Оқулық математика 3 сынып Алматы «Алматыкітап» 2014жыл. Әдістемелік құрал

Сабақтың тақырыбы

Есептер шығару

Жалпы мақсаттар

Шамалар: 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.

Түйінді идеялар

Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру, әртүрлі пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару білігін жетілдіру, салыстыру және орнына қою білігін дамыту

Оқыту нәтижелері

Оқушылар шамалар: заттың салмағы, заттың мөлшері, жалпы масса арасындағы байланыс бойынша пропорционал санды табуға арналған жаңа есеп түрлерін біледі.

Көрнекіліктер

Топтық жұмыс жасауға арналған қосымша материалдар

Дерексөздер

Электронды математика 3 сынып Алматыкітап

Сабақ барысы

Уақы-ты

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2)Психологиялық ахуал

















ә) Топқа бөліну













ІІ. Үй тапсырмасын сұрау





«Жалқау сегіздіктер» (ми гимнастикасы)


Мағынаны тану
























ІІІ.Ой-толғаныс






















Рефлексия





Сергіту сәті «Қазақия»








Қорытынды








Бағалау


Үйге тапсырма беру


Рефлекция

5мин






















3 мин













3 мин






1 мин



























12 – 15 мин аралығы


























1 мин 50 сек







2 мин








2 мин


1 мин


3 мин
























Топтық жұмыс, фармативтік бағалау.
















Жекелей жұмыс









топтық жұмыс.















«Ойлан, жұптас, пікірлес»






























Жеклей жұмыс




Балалар, ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Енді бір- бірімізге қарап тұрып қазір көрсетілетін презентациядағы смайликтердің қимыл – қозғалыстарын жасайық.

Балалар, алдағы уақытта ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған мемлекеттік мереке етіп атап өтеміз.

-Ол қандай мереке ?

Ендеше , балалар, бүгінгі математикадан өткізгелі тұрған ашық сабағымызды еліміздің 24 мәрте атап өткелі тұрған Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне арнамақпыз.

Менің қолымда көрнекті ақын М. Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңінің жолдары жазылған қима қағаздарды алу арқылы

4 топқа бөлінеміз. Балалар, топтар анықталды, қолдарыңдағы қима қағазда жазылған өлең жолдарын оқиықшы.


- Үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасы бойынша презентатциямен жұмыс жасаймыз.




Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есептер шығару» деп аталады.

Презентация

Сабағымыздың мақсаты; 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру

Презентация

Оқулықтарыңның 124 -бетін ашыңдар. 1 – тапсырма берілген кесте бойынша топпен есеп құрап, кестені қорғайсыңдар.




№6 тапсырма әрқайсыларларың 3 минут уақыт ішінде берілген тапсырманы орындап, бір- біріңе тексеріңдер.

Өзіңді бағала

2 дұрыс орындалған тапсырмаға 2 ұпай, 1 дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпай, тапсырма дұрыс орындалмаса 0 ұпай беріледі.









№3 есептегі тапсырмаларды өздік жұмыс ретінде әр топ өздік жұмыс ретінде орындайсыңдар.



№ 5, 6 есеппен жұмыс

№7 Теңдеулерді шешу


Бүгінгі сабақтан не білдік?

Есептердің құрамындағы белгісіздерді қалай таптық ?


Мұғалім бағалайды.




Астанамыздың белгісі 91 метрлік Бәйтерекке көтерілуге сабақтан алған білімдерің қаншалықты көмектесе алды ?

Бәйтеректің қай жеріне дейін көтерілдіңдер ?


.

Оқушылар « Шаттық шеңберінде» тұрып (қарама-қарсы) мұғалімнің бұйрықтарын орындайды.


Оқушылар смайликтердің қимылдарын бірге жасайды.





















Балалар бірігіп қима қағаздағы өлең жолдарын оқиды.




Үйге 2 ден 9 ға дейінгі көбейту, бөлу кестелерін қайталау




Гимнастика жасауға қатысады.

















Әр топ (3 топ) кестені талдайды, тақтаға іліп түсіндіреді.

Ал 4 – топ сарапшы топ жалпы массаны, 1 заттың массасын , заттың санын қалай талдау керектігін ереже түрінде айтады.








Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесі бойынша бір – бірін тексеріп , бағалайды.Жасыл сиямен тексерді.












Оқушылар дәптерде орындайды. Әр топтан бір бала тақтада орындап көрсетеді.



Оқушылар, сергіту сәтін әуенге сәйкес жасайды.







Оқушылар сұраққа жекелей жауап береді.










Оқушылар «Бәйтерекке» адам бейнесін жапсыру арқылы өз өздерін бағалайды.















Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы.

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ







Тақырыбы: Атбегілік – қазақтың ең көне ұлттық өнері

Бағыты: Әдебиет

Орындаушы:Нұрсейтов Еркебұлан Серікұлы 3-сынып оқушысы

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы.

Жетекшісі: Рахимбаева Салтанат Окановна

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі.












Семей қаласы

2016ж.


Аннотация

Мақсаты:

Атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайына тоқтала отырып, атты баптау үшін қажет нәрселер, оны табудың жолдары және атбегілікті дәріптеу, насихаттау.

Міндеттері:

  1. Атбегілікке мағлұмат беру және оны табыс көзі еместігіне көз жеткізу;

  2. Асыл тұқымды жүйрік атты баптау жолдарын іздестіру;

  3. Атбегілік өнердің дайындық пен біліктіліктерін қарастыру;

  4. Атбегілік – ата кәсіп болып табылатынын дәлелдеу;

  5. Атасу кентіндегі “Асылжан - агро” шаруашылығының таза қанды тұлпарларды баптаудағы “Ең үздік атбегі”тәжірибеәдісін көрсету.

Өзектілігі:

Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнерін жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын екенін көрсету.

Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп баратындықтан, атбегілік өнерін әрі қарай дамытудың бір жолы болмақ.

Гипотеза:

Егер, атбегілік өнері - табыс көзі емес екенін дәлелдейтін болсақ, онда ат жаратушыларды әр аймақтан көрер едік, яғни атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеудің бірден-бір жолы болып табылады.

Проблемалық зерттеу әдістер:

  1. Бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенімен,  мықты атбегілердің қатары сирек. Тұлпар жаратамын десең, алдымен қалтаңның біраз қағылатынын, содан кейін барып оның қайтарымының болуы екіталай екендігі.“Асылжан - агро” шаруашылығы. Атбегі: Әбілдинов Әміржан. Пайда мен шығынды салыстыру;

  2. Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады. Мәселені талдау;

  3. Асыл тұқымды жануарды, оның ішінде жел сәл қатты үрлесе, өкпесі өше қалатын ағылшын сәйгүлігін баптаудың машақаты. Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау;



Күтілетін нәтиже:

  1. Алдағы уақытта елімізде атбегілік - ұлттық спорт түрлеріне жататындықтан, ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Қазақстанда қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алу сияқты жұмыстар, жобалар жүзеге асырылмақ.

  2. Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.

  3. Таза қанды тұлпарларды баптаудағы қазақтың атбегілік өнері әрі қарай дамиды. Қазақтың атбегілік өнерінің беделі артады.
















Пікір

3-оқушысы Нұрсейтов Еркебұлан Серікұлының жобасының тақырыбы: Қазақтың атбегілік өнері. Атбегілікке мағлұмат беру және оны табыс көзі еместігіне көз жеткізді; Асыл тұқымды жүйрік атты баптау жолдарын іздестірді; Атбегілік өнердің дайындық пен біліктіліктерін қарастырды;Атбегілік – ата кәсіп болып табылатынын дәлелдеді;Атасу кентіндегі Асылжан - агро” шаруашылығының таза қанды тұлпарларды баптаудағы “Ең үздік атбегі” тәжірибе әдісін көрсетті.

Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнерін жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын екенін көрсетті. Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп баратындықтан, атбегілік өнерін әрі қарай дамытудың бір жолы болмақ.

Егер, атбегілік өнері - табыс көзі емес екенін дәлелдейтін болса, онда ат жаратушыларды әр аймақтан көрер едік, яғни атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеудің бірден-бір жолы болып табылады. Бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенімен,  мықты атбегілердің қатары сирек. Тұлпар жаратамын десең, алдымен қалтаңның біраз қағылатынын, содан кейін барып оның қайтарымының болуы екіталай екендігі. “Асылжан - агро” шаруашылығы. Атбегі: Әбілдинов Әміржан. Пайда мен шығынды салыстырған;Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады. Мәселені талдаған; Асыл тұқымды жануарды, оның ішінде жел сәл қатты үрлесе, өкпесі өше қалатын ағылшын сәйгүлігін баптаудың машақатын зерттеген.



Жетекшісі: С.О.Рахимбаева.







Мазмұны:

Кіріспе...................................................................................................................1

1. Атбегі ..............................................................................................................2

2. Атбаптау..........................................................................................................3

3. Атбегілік – ата кәсіп.......................................................................................5

4. Шабандоз.........................................................................................................6

5. Жылқы зауыты.................................................................................................7

6. Ахалтеке жылқысы ........................................................................................8 Қорытынды.......................................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................13
























КІРІСПЕ

Атбегілік  қазақтың ең көне ұлттық өнері

Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады», «Ер қанаты-ат» дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. «Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры» деп те айтады алаш баласы.

 Мен осы жобамда атбегі кәсібін зерттеп, жинақтаған мәліметтер бойынша тақырыптарда беруге тырыстым. Яғни «Атбегі» тақырыбында атбегіліктің үлкен өнер екенін, бұл кәсіппен айналысатын адам қандай болу керек екендігі бойындағы қасиеттері қарастырылды.

«Ат баптау»  тақырыбында атты қалай баптап , дайындау, қарау керектігі сөз болады. «Атбегілік – ата кәсіп» тақырыбында қазақтың ежелден келе жатқан кәсібі екендігі айтылады. Атақты атбегілер аталады.

«Шабандоз» тақырыбында өзімнің қалай шабандоз аталғаным сөз болады. «Жылқы зауыты» тақырыбында «Асылжан- агро» шаруашылығымен танысуым қарастырылып, онда сырттан әкелінген жылқылар туралы және атбегілік жайлы сөз болады.

«Ахалтеке жылқысы» тақырыбында осы жылқы туралы мәлімет беріледі.

Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп

әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.

1.Атбегі.

Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Жылқы малы қолға алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы  жетінші мың жылдықта Азия мен Еуропада үйретіліпті. Осы мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалымдар оның ішінде алғаш қазақ топырағында үйретілгенін айтады. Ал бүгінгі біз қызығып жүрген арғымақтардың арғы атасын ілгері заманда ағылшын капиталистері мен араб байлары  біздің даламыздан әкетіпті.  Демек, бүгінгі ағылшын тұлпарларының  бойында қазақ қазанатының қаны бар.Бүгінгі бәйгенің алдын бермей жүрген тұлпарлардың барлығы ағылшын, араб жылқылары. Ал біздің қазақы аттар жоқ. Қазақ халқы мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген. Ауыр жұмыстарға жегілетін күшті, еті тығыз аттар мен салт жүріске жарамды жүрдек және бәйге аттарын өз алдына баптаған.Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар – дейді атбегілер. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Бұдан өзге де жақсы атқа тән белгілер жетерлік. «Жылқы малын баптау үшін әркім әртүрлі айла-шарғы ұстанған. Мәселен, еті бар атты бабына түсіру үшін 15-20 күн кеткен. Күнде 15-20 шақырым жүріп келіп, 5-6 күнде бір таң асып отыратын жылқы қалаған бабына келе алған. Алайда сәйгүліктердің де күй таңдайтын кезі болған. Бірі тоқжарау күйінде, енді бірі жеңілдеп жарағанда жақсы шабады». «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» дейтін қазақ бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. Алайда,

бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенмен, мықты атбегілердің қатары сирек екендігін де жасырын емес.

Атбегілік — үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын. Мәселен, бокстан жаттықтырушы табылмаса, оны шет елден алдыртуға болады. Ал атбегіні әкеле алмайсың. Өйткені қазақтан артық аттың бабын білетін халық жоқ. Атбегілер олар жануарды сырт пішініне қарап-ақ таниды. Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп барады. Ал жас жігіттердің көпшілігі ат жаратудың әдісін жетік білмейді. Осының салдарынан талай жүйріктің өліп кеткен кездері де болады. Ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. «Сол себепті де қазіргі жастар арасында жылқы малына деген қызығушылық жойылмауы тиіс». Адам атбегі бола бермейді. Ол бірінші қанмен тарау керек және сол атқа деген сүйіспеншілігі жоғары болу керек. Егер аттың жанын толық түсінбесең, оның арты жақсылыққа апармайды. Неге десеңіз, астындағы жануарын түрлі қиыншылыққа әкелетіні сөзсіз. Ал аттың бәйге болатынын тану да бұл үлкен қасиет.

2. Ат баптау 

Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап,

егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі. Егер құлын кезінен көзі түссе, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тіптен, тай, құнанында да иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп қойғаны болмаса, жаншып мінбейді. Одан әрі, жылқының “мүшел жасы” делінетін дөненінде тарттырылады. Бестісінде баптауға кіріседі. Сәйгүлікті жарату үшін оны, ең алдымен, шабатын күйіне келтіріп алу шарт. Ол үшін, әрине еті ояздау келсе, біраз қоңдандырып, етін көтеріп алып барып жарата бастайды. Керісінше, ат семіз болса қызылмай, қанжілік етіп алмай, бірте-бірте баппен арытады. Мыс., семіздігі үш-төрт елі шығатын атты сартап етіп, бабына түсіру үшін кемінде 25-30 күн қажет. Күніне 15-20 шақырым жер жүріп келіп, 4-5 күнде бір таңасырып отырған жылқы қалаған бабыңа түседі. Осы тұста қазақы жылқының ішінде әр түрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескерте кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде шабысын түзейді. Атты жүгіртіп, желдіртіп, аяңдатып жарату, ең алдымен, тынысының кеңейуіне, сіңірінің бекуіне, тұла бойын ауырлатқан ащы тердің шығуына мүмкіндік беруі. Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.

Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім,  ресейлік,  мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи‑климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет. Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар  болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі1,7 мболатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі,  олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.

Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша,  картоп, сүрлем), құрама жем.Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.

Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне  11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.

Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай‑ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

- 1 жылқы сатып алу – 70 000-120 000 теңге.
– жем (пішен, арпа, сұлы) = 100 000 теңге (2 жылға).

Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).

Табыс:

Жылқы етін сату 1 кг= 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді  x 1 200 теңге = 300 000 теңге

3.Атбегілік – ата кәсіп.

Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар - Құлагердің орны бір бөлек. Құлагерді баптаған әрине,атбегі-Ақансері. Атбегілік - ұлттық спорт түрлеріне жатады. Биылғы жылдан бастап ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Ол заңда қарастырылып, бекітілді.

Жылқы атасы – Қамбар. Халықтың жылқы мен достасуы осы екінші кезеңде басталады. Жылқы алғаш күш көлігі болғаны мен келе-келе қашса құтылатын, қуса жететін, яғни адамға қажетті жәрдемші ретінде пайдаланылады. Қазақы ұғымда жылқының пірін Қамбар ата деп атайды. Қамбар ата туралы халық арасында әр-түрлі дерек бар, аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед с.ә.у. пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Біреулер

Қамбар батыр жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды, бірақ Қамбар батыр қалмақпен соғысты дейді олай болса Қамбар батыр 16-17-ғасырда өмір сүрген болып шығады. Мүмкін Қазақ халқы Түркілер қаумынан бөлініп хандық шаңырағын көтерген сәттен жылқы малының пірін Қамбар ата деп мойындау басталған шығар. Себебі Қамбар ата жылқының пірі болып Түркілер дәуірінде қолданған болса Түркі тектес халықтарда осылай  деп қабылдаған болар еді. Олай болса Қамбар батырдың жылқының пірі болуға толық құқы бар. Сайын далада ұшқан құспен, даланың бөкені, киігі мен жарысып өскен халық үшін атқа мініп жауға шапқан адамнан артық керемет болған емес. Сондықтан халық атқа мініп елін жаудан қорғаған ерін, жел жағына пана болған азаматын, ас-ауқатына себепші болып қарнын тойғызған әкесін пір тұтуы көңілге қонымды ғана емес қолайлы жағдай.

  1. Шабандоз 

Шабандоз — ат бәйгесіне қатысатын спортшы. Шабандоз төзімді, епті, атқа жақсы отыратын болуы керек. Шабандоз бәйге басталардан бұрын дәрігерлік бақылаудан өтеді де, денсаулығы туралы анықтама қағазын төрешілер алқасына тапсырады. Шабандоздың киімі жеңіл, ықшамды болуы қажет. Қолына жұқа қолғап киіп, жеңіл қамшы ұстайды. Кеудесі мен арқасына нөмірі жазылады. Шабандозға көбіне балалар мен жасөспірімдерді даярлайды.

Бәйгеге ат қосқанда шабандоздың да бұлжытпай орындайтын тәсілі бар. Ат үстіндегі адам алдымен жануардың тілін түсінуі керек. Қызбалыққа салынып, аттың өкпесін қысып, тебінбейді. Қай жерде қамшылап, қай маңда ат басын ірку керек екенін есінде ұстағаны жөн.  Топқа кіргенде сақтық танытпаса, бір біріне тиген тұяқтар астыңдағы аттың тұяғын сындырып жіберуі мүмкін. Ағылшын арғымақтарының  мойны қатты, әп дегеннен алып кетеді. Мен 6 жасымнан бастап атқа мінемін. Маған атам үйреткен. Мен атамның баласымын. Атам атты ерекше жоғары бағалайтын жан. Өскенде менде атам секілді ат ұстап, бәйгеге жарататын болам. 2009 жыл алғашқы жеңісім

Шаршы топта мәреге бірінші келгенім. Сол жарыста бірінші келіп, атамды қатты қуантқаным бар. Ауыл арасында өтетін жай жарыстарға және үлкен додаларғада қатысып тұрамын. Атам айтатын атқа мінген баланың денсаулығы мықты және шымыр азамат болып өседі – деп. Рас екен. Атам маған үнемі «Атың озсын!» - деп бата-тілектерін айтатын. «Қазақ халқы - дана халық» - олай айтуымның себебі, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа қазақ дүниесінің байлығын ерекшелейтін керемет дүниелер қалдырды.

  1. Жылқы зауыты

Асылжан - агро” шаруашылығы

Қожайыны: Әбілдинов Мейіржан Хамзеұлы 2008 құрылды.

Шамамен 30 астам таза қанды, асыл тұқымды аттар шоғырланған (ағылшын, араб, ахалтеке)

Жылқы зауыты – тұқымдық, спорттық, міністік және жегіс жылқыларын өсіретін арнайы шаруашылық. Жылқы зауыты жылқының асыл тұқымдарын сұрыптап, жақсартып, жаңа тұқымдарын шығарады. Сонымен қатар асыл тұқымды жылқыларды қолдан ұрықтандыруды, алынған тұқымдарды сатуды, таратуды ұйымдастырады. 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда алғашқы қазіргі типтегі жылқы зауыттары ашылды. Қазіргі кезде 13 жылқы зауыты жұмыс істеуде.

Антисар (Ғажап) Әкесі- Ансон, Шешесі-Тисара 05.04.2005 ахалтеке Қосымша -1.

Алғашқы бәйгісінде Жаңаарқа ауданындағы “Кәсіпкер. 1-орын алды 30 шақты ат ішінен”

Барышня (Шават-әкесі, Березанка-шешесі) 2001.24.03 туылған. Ағылшын аты 2 құлындады, Құлындары баптау үстінде

Қазақсттанның ең мықты аттардың бірі болып, Қызыл кітапқа енген

Жезқ.қаласында өткен жарыста 1-орын алған 42 шақырымдағы 45-тық градус.өткен жарыста

6. Ахалтеке жылқысы.

Ахалтеке жылқысы. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түрікмен жылқысынң ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.

Қорытынды

Атбегілік ата кәсіп екеніне атамның жанында жүріп толық көзім жетті. Атты баптау үшін қажет нәрселер, оны табудың жолдарын меңгердім десем артық болмас. Атбегілік табыс көзі еместігін білдім. Ол - ата кәсіп. Асыл тұқымды жүйрік атты баптаудағы “Асылжан - агро” шаруашылығының атбегі заманауи тұрғыда баптаудың қыры-сырын Әбілдинов Әміржан ағадан көріп, біраз мағлұматтар алдым. Атбегілік өнердің дайындық пен біліктіліктерін жоғары болуы керек екенін білдім.

Асылжан - агро” шаруашылығының таза қанды тұлпарларды баптаудағы “Ең үздік атбегі” тәжірибесін толық игердім. Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнері даму үстінде екенін көрсеттім. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» - деген тоқтамға келдім. Әр сәйгүлікке ерекше күтім мен жоғары дәрежеде атбегілік тәжірибе керек екеніне көзім жетті.

Алдағы уақытта менде осы ағаларымыз сияқты ата кәсібімізді дамытып, атбегі болып, Қазақстанда қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алу сияқты жұмыстар, жобалар жүзеге асырамын.

Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.

Өзінің алдына жан салмай баптап отырған жылқыларымен таныстырғанда Әміржан ағаның осы жылқыларға деген махаббатын ерекше сезіндім десек артық айтқандық емес. Баптаулы аттары атбегінің өзіне де ерекше құрмет көрсететіні айқын білініп тұрды.

Таза қанды тұлпарларды баптаудағы қазақтың атбегілік өнерін әрі қарай дамытамын сонымен қоса, қазақ халқының атбегілік өнерінің беделін арттырамын. Мен де атам және Әміржан ағаларымыз сияқты атбегі болып, жүйрік аттарым көп болып, атбегілік өнерін әрі қарай дамытуға өз үлесімді қосамын.






Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Қазақ спорты» газеті №36 10 қыркүйек 2013 жыл

  2. «Қазақ спорты» газеті №35 3 қыркүйек 2013 жыл

  3. Қазақстан «Ұлттық энциклопедия» 1- том

  4. Қазақстан «Ұлттық энциклопедия» 4- том

  5. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Есеп шығару

Автор: Рахимбаева Салтанат Окановна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391958

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Конспект на уроку математику на теме "Логикалық есеп шығару""
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekt_na_uroku_matiematiku_na_tiemie_loghikalyk_iesiep_shyg_aru"
    ["file_id"] => string(6) "431473"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507538844"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "О? ж?не теріс сандар, координаталы? т?зу та?ырыбына есеп шы?ару"
    ["seo_title"] => string(70) "on-zh-nie-tieris-sandar-koordinatalyk-tuzu-tak-yrybyna-iesiep-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "252427"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447387760"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Мектеп алды даярлы? топ. "?ызы?ты математика. Есеп шы?ару саба?ы" "
    ["seo_title"] => string(72) "miektiep-aldy-daiarlyk-top-k-yzyk-ty-matiematika-iesiep-shyg-aru-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "193728"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427691372"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) ""Жеті модульді кіріктіру ар?ылы танымды? іс-?ректтеті дамыту". Та?ырыбы Есеп шы?ару"
    ["seo_title"] => string(75) "zhietimoduldikiriktiruarkylytanymdykisriekttietidamytutakyrybyiesiepshygaru"
    ["file_id"] => string(6) "283091"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453791250"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "" ЕКОЕ ке есеп шы?ару " "
    ["seo_title"] => string(26) "iekoie-kie-iesiep-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "181717"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425387851"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства