kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сақтың мақсаты оқушыларға екі өрнектің қосындысының және айырмасының формуласын қорытып шығаруды үйрету және оларды есеп шығаруға пайдалана білу.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты»

Жаңақорған ауд. №56 қазақ орта мектебі .математика пәнінің мұғалімі Зарерова Жайдар

Пәні: Алгебра 7 сынып

Тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты
Мақсаты:
Білімділік- оқушыларға екі санның қосындысының және айырмасының квадратының формуласын қорытып шығаруды үйрету және оларды есеп шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік- оқушыларды өзбетімен жұмыстана білуге, формуларды қорытуда өз ойын сауатты жеткізе білуге тәрбиелеу

Дамытушылық- дәреженің анықтамасын, көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін, ұқсас мүшелерді біріктіру біліктерін қолдана білу, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақ әдісі: түсіндіру,меңгерту,есептеу

Көрнекілігі:слайдтар, карточкалар,деңгейлік тапсырмалар,бағалау парақтары

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. «Экспресс сұрақтар»

  4. «Қатені түзе»

  5. «Іздеген жетер мұратқа» –есептер шығару

  6. Қорытындылау « Кім жылдам?»

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Рефлексия

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу

- түгендеу

- оқушыларды 4-топқа бөлу,топ басшыларын сайлау. Топ басшыларына бағалау парағын беріп , өз қызметтерімен таныстыру , дұрыс орындаған тапсырмасы үшін бір ұпайдан қойып отыру . (5 мин )

2. Үй тапсырмасын тексеру Жұптық жұмыс.Оқушылар бір бірімен дәптерлерін алмасып ,үйге берілген есептерді тексереді.Тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі.Топ жетекшісі БП толтырады(5 мин )

3. «Экспресс сұрақтар» Ауызша сұрақтарға жауап беру Топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап беру керек(5 мин ) 1.Бірмүше деген не?

2.Бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесі

3. Көпмүше деген не?

4. -нің мәні неге тең?

5. (а+в)22 +2ав +в2 формуланың тұжырымдамасынды айтыңдар.

6. Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесі?

7.у=функциясының графигі

8.(а-в)22 -2ав +в2 формуланың тұжырымдамасынды айтыңдар.

4. «Қатені түзе».Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтада корсетілген есептің қатесін түзеу керек 5мин

1. (а+в)22 -ав +в2

2. (9а-в)2 =81а2 +2ав +в2

3. ( а+с)22 -ас +с2

4. (а- в)2 =121а2 -2ав -в2

5. «Іздеген жетер мұратқа» –есептер шығару

Топтық жұмыс.Әр топқа оқулықтан есептер беріледі

топ мүшелері ақылдасып есептерді шығарады,дайын есепті екі оқушы тақтада көрсетеді 12-мин

Көпмүшеге түрлендіріңдер:№343

2+3у)2 (0,3a2 -4b)2

(2с2-5n)2 (1,3p3 +2,5p)2



Екімүшенің квадраты түріне келтір:№345

25 -2+

+3а+9 -mn+

6.Қорытындылау« Кім жылдам?»

Тақтада берілген формулалардың арасынан дұрысын табу керек

Әр топтан бір оқушыдан шығады 5мин

7.Рефлексия 5мин

Не үйрендім

Мен үшін қиын болды

Мен үшін қызық болды


8.Үй тапсырмасы № 344,349

«Математика-ғылымдар патшасы»

атты математикалық сайыс.



.Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сабақ.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. «Білімің-тірегің» (қызықты сұрақ-жауап)

3. Логикалық тапсырмалар.

4. Викториналық сұрақтар

5. Білім арқаны (есептер шығару)

6. «Ой сергіту» жұмбақтар шешу.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математика-ғылымдар патшасы» ойынына қош келдіңіздер

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға 7 —Жұлдыздар , 8- Тапқырлар топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер Бар өнерін алдарына салады

. Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Білімің тірегің» Тапсырма интерактивті тақтада берілген.

ІІІ тур Логикалық тапсырмалар . І топқа:

1 Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?



. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?



. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

2-топқа

• . Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? . Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 4







. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –бірінші орын алмаса, кім қандай орын алды?



IV тур. «Викториналық сұрақтар.»

І-топқа: 1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Әбілқасымова А-8с)

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

5. 1/10 санының кері саны? (10)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

8. Жарты түзу. (сәуле)

9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

12. 225 нешенің квадраты (15)

13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

ІІ топқа:

1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаc бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)

10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

13. 35-тің квадраты (1225)

а) Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

1. апрцетяи -трапеция

2. еңшбре - шеңбер

3. шұбршүы - үшбұрыш

4. трұбышрөт-төртбұрыш

5. рвадкат – квадрат

б) Ауызша есепте:

1. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

2. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)



V «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

1 топ:

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек.

(домбыра)

Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

(Инелік)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

(Қалам)

Екі ағайынды екеуі де бір үйде,

Бірін - бірі көрмейді.

(Көз) .

ІІ-топ: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

2. Алды – артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менең кесінді,

Шыққан тегім білсе де. (түзу)

3. Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат,

Оның аты....... /сағат/

4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,

демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,

Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/

Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.

(Кит)

ҮІ. «Білім арқаны» есептер шығару.

Екі топқа есептер беріледі.

ҮІІ.Қорытынды.

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге,

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты

Автор: Зарерова Жайдар Жәңгірқызы

Дата: 13.10.2016

Номер свидетельства: 348899

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Екі ?рнекті? ?осындысыны? квадраты ж?не айырмасыны? квадраты. "
    ["seo_title"] => string(65) "ieki-orniektin-k-osyndysynyn-kvadraty-zh-nie-aiyrmasynyn-kvadraty"
    ["file_id"] => string(6) "173017"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423917430"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Та?ырыбы:  Екі ?рнекті? ?осындысыны? квадраты"
    ["seo_title"] => string(47) "tak-yryby-ieki-orniektin-k-osyndysynyn-kvadraty"
    ["file_id"] => string(6) "280874"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453444602"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу"
    ["seo_title"] => string(80) "ieki_orniektin_kubtarynyn_k_osyndysy_mien_aiyrmasyn_kobieitkishtierghie_zhiktieu"
    ["file_id"] => string(6) "387331"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486117816"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(175) "Екі ?рнекті? ?осындысыны? квадраты ж?не айырмасыны? квадратыформулаларын ?олданып есептер шы?ару"
    ["seo_title"] => string(107) "ieki-orniektin-k-osyndysynyn-kvadraty-zh-nie-aiyrmasynyn-kvadratyformulalaryn-k-oldanyp-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "277057"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452839037"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Та?ырыбы: Екі ?рнекті? ?осындысыны? ж?не айырымыны? квадраты"
    ["seo_title"] => string(56) "takyrybyiekiorniektinkosyndysynynzhnieaiyrymynynkvadraty"
    ["file_id"] => string(6) "279040"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453187630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства