Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураның ауданы
Сабақтың мақсаттары :
Білімділік: Фигураның ауданы туралы түсінік беру; фигураның аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерін таныстыру; Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Палеткамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлай қабілетін, сөздік қорын, іскерлік дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, сауаттылыққа, үнемділікке әрбиелеу.
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, палетка, заттар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар таьылатын қасыңнан.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, өткен материалдар бойынша сұрақтар қою.
Бір санның екінші саннан неше есе артық, неше есе кем екенін қалай білеміз?
Көбейту кестесінен 2*6 7*6 54:6 32:4
10 сантиметрдің екіден бір бөлігі қанша?
Санды бірге көбейту, бірге бөлу туралы ережені айт.
Санды нөлге көбейту, нөлге бөлу туралы ережені айт, дәлелде.
Б алаларды арқылы бағалау.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Төрт бұрышы бар көпбұрыш қалай аталады?
Барлық бұрышы тік, ал қабырғалардың ұзындығы бірдей төртбұрыш қалай аталады?
Тақтадағы фигуралардың ішінен ең үлкен және ең кіші фигураларды көрсетуді сұрау.
Фигуралардың көлемі туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?
Ауданын салыстырамыз деген қорытынды жасату.
Практикалық жұмыс : Геометриялық фигураларды салыстыру.
Фигуралардың ауданын салыстыра отырып, орналастырған кезде басқа фигураның ішіне сыйып тұрған фигураның ауданы кіші боп саналатынын түсіндіру.
Тағы да осы сынып ішінде ауданы бар заттар бар, қайсысы үлкен не кіші екенін сұрау.
2-мысал.
Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр туралы түсінік беріледі.
Осы фигураларды беттестіру арқылы салыстыруға бола ма?
Бірдей бөліктерге бөлу арқылы салыстыруға болады деген пікірге келу керек.
Оқулықпен жұмыс: 3-мысал.
Ауданды квадрат сантиметрлерге бөлініп сызылған түссіз, мөлдір пленка көмегімен өлшеуге болады.
S = (a + b):2 a - толық шаршылардың саны, b – толық емес шаршылардың саны.
Сергіту:
Аттары «А»-дан басталатын оқушылар ауада көпбұрыштың суретін салыңдар. Аттары «Б»-дан басталатын үшбұрыштың, «К-М»-дан басталатындар тіктөртбұрыштың, қалғандары шаршының суретін салады.
5-мысал: Төрт оқушы тақтада орындайды.
24 = 8*3 18=2*9 20=4*5 12=2*6
24 = 6*4 18=6*3 20=2*10 12=3*4
24=24*1 18=18*1 20=20*1 12=12*1
4-есеп: «Дүкенде» ойыны.
7-мысал:Ыңғайлы тәсілмен есептеу
5+39+95=
205+199+295=
105+599+195=
8-мысал: 4 оқушы орындайды.
27 – 3 – 7 = 17 27 + 3 – 7 = 23
27 : 3 + 7 = 16 27 – 3*7 = 6
ІV.Қорытындылау
1.Геометриялық фигуралардың ауданын қалай салыстырамыз?
2.Ауданның өлшем бірлігін ата.
3.Палетканы не үшін пайдаланамыз?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
7-мысал, 8-мысал (2-баған).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№235 орта мектеп
Ашық сабақ
Математика
Тақырыбы: Геометриялық фигуралардың ауданы
Сыныбы: 3 «Б»
Пән мұғалімі: Сейдуллаева С
Қызылорда қаласы