Керекті жабдықтар | Тақырыптық плакаттар, геометриялық фигуралар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, проектор, белсенді тақта, бағалау парақтары |
Әдіс-тәсілдер | Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауа, Блум өлшемдері арқылы тапсмырмалар, қалыптастырушы тест, сергіту сәті, бес жолды өлең. |
Кіріспе 3 мин | Амандасамын Сынып оқушыларын «шаршы», «шеңбер», «үшбұрыш» фигураларын таңдату арқылы үш топқа бөліп аламын. Әр топқа түскен фигураларын қорғап шығартамын. Үй тапсырмасын сұрақтар беру арқылы, жауабын экраннан көрсетіп тексертемін. | Амандасады Сынып оқушылары «шаршы», «шеңбер», «үшбұрыш» фигураларын таңдату арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ өз фигураларын қорғап шығады. Үй тапсырмасын сұрақтарға жауап береді және дұрыс жауабын экраннан қарап тексереді. |
Тұсау кесер 3 мин | «Білу» №3 тапсырмасын орындатамын: берілген бұрыш түрлерінің атауларын тапқызып, ол бұрыштар геометриялық фигураларға жататынын айтқызып, сабақтың тақырыбымен таныстырамын және мақсатына тоқталамын. Оқушылармен бірігіп сабаққа критерий шығарамын. | «Білу» тапсырмасын орындайды: берілген бұрыш түрлерінің атауларын табады, ол бұрыштар геометриялық фигураларға жататынын айтады, сабақтың тақырыбымен танысады және мақсатына тоқталады. Оқушылар бірігіп сабаққа критерий шығарады. Критерий: Геометриялық фигураларды біледі; Геометриялық фигуралардың периметрлерін табуды біледі; Мысалдар келтіре біледі; |
Негізгі бөлім 7 мин
10 мин
Сергіту сәті 2 мин
6 мин
5 мин | Тақырыпты«Түсіну» №1 тапсырмасын орындау арқылы меңгертемін, топтарында талқылатамын. «Қолдану» №2 және №5 тапсырмаларын топқа бөліп орындатамын Интерактивті тақтадан суреті мен өлең мазмұнын көрсете отырып, жаттығу жұмысын бір рет көрсетемін. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. «Талдау» бөлімінде «Сиқырлы сандықшадағы» тапсырмаларды орындатамын. «Жинақтау» бөлімінде №7 тапсырманы беремін. | Тақырыпты«Түсіну» тапсырмасын орындау арқылы меңгереді, топтарында талқылайды. Берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болатынын анықтайды. Қабырғаларын өлшеп, шаршылардың периметрін есептеп шығарады. «Қолдану» тапсырмасын орындайды: І топ №2 , №5 а) ІІ топ №2, №5 ә) ІІІ топ №2, №5 б) Тақтадағы суретке қарай отырып, өлең мазмұнына сәйкес жаттығуды 2 рет қайталайды. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. «Талдау» тапсырмасына: І топ «Сынық сызықтардың» бір бөлігінің ұзындығы белгілі болған жағдайдағы жалпы ұзындығын есептеп табады ІІ топ «Көпбұрыштардың» периметрін есептейді ІІІ топ «Жолақшалардың» ұзындығын есептейді «Жинақтау бөлімінде диаграмма бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Қорытынды 5 мин Кері байланыс 1 мин 1 мин
2 мин | Сабақты бұрышқа байланысты бес жолды өлең құрастыру арқылы бекітемін Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын. Үйге: № 4,6 мысалдарды шығаруға, тақырыпты оқуға беремін. «Бағалау» бөлімінде оқушылардың бір- біріне қойған бағасын тыңдап, оқушыларды бағалаймын. Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтқызамын. | Сабақты бұрышқа байланысты бес жолды өлең құрастыру арқылы бекітеді "Бес жолды өлең". Мысалы: зат есім - бұрыш сын есім - сүйір, доғал етістік - өлшенеді, сызылады сөйлем - оқушы сүйір бұрыш сызды синоним - фигура.
Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін «Бармақ» (смайлик) арқылы бағалайды. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады . Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтады. |
Сабақтың өзіндік талдауы: 3 сыныптың математика пәні бойынша «Геометриялық фигуралар. Периметр.» (16 - бет) тақырыбына жоспарланып құрылған сабағым өз мақсатына жетті. Оқушылар белсенділікпен қатысып, топтық жұмыстарда ұйымшылдық, ауызбіршіліктерін таныта білді. Берілген тапсырмаларды бөлінген уақыт мөлшерінде орындап үлгеріп отыруларына қарағанда оқушыларымның уақытпен жұмыс жасап дағдыланғандарын байқадым. Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін айтқан кезде «Білу» , «Түсіну», «Талдау», «Қорытынды», «Кері байланыс» бөлімдеріндегі тапсырмалар қызығушылық тудырғанын айтты. |