Просмотр содержимого документа
«Ғалымдар еліне саяхат»
Ғалымдар еліне саяхат
Мақсаты: оқушылардың сабақ үлгерімін, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейту. Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарында, сабақтың әр кезеңдерінде атақты математиктердің өмірімен таныстырып,қызықты әңгімелер айтып беру арқылы пәнге қызығушылықтары арттыру.
Көрнекілік:
Компьютерді пайдаланып тапсырмалар экраннан көрсетіледі. Ұяшықтарға бөлінген слайттар дайындалады және әр ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді.. Ойынға қатысушыларды залда отырған көрермендерге сұрақтар қою арқылы таңдалып алынады І-жүргізуші 1. Бұл атаудың барлық тілдерде аудармасы бар. «Сынған сан »мағынасында . Бұл қай атау?( Бөлшек) 2. «Абцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін кім енгізген?( Лейбниц) 3. Ең алғашқы геометрия оқулығының авторы кім? Оның фамилиясымен грек медигінің фамилиясымен аттас.( Гиппократ) 4.Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы.(Герон) ІІ-жүргізуші
1.«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі ? (Платон) 2. Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям). 3. Қазақтың ежелгі ғалымы 87-950 жылдар аралығында өмір сүрген.( Әбу-Насыр Әл Фараби) 4. 7-11 сынып «Алгебра» оқулықтарының авторы.(Абылқасымова). 5. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан?( латынның «ажырату,анықтау»)
Осылай әр командаға үш оқушыдан үш топ құрылады. І-кезең.
Ғалымдармен танысу сайысында 8 сұрақ қойылды, әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі
І-жүргізуші
1. Ол - әлемнің бірінші ұстазы. Өзі әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик, физик және ботаник, зерттеуші. Ол....
2. 8 ғасырда Орта Азиядан шыққан араб математигі, адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуына үлес қосқан. Ол өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған 8 кітабы бар Хорезм елінен шыққан әйгілі ойшын ғалым, астроном және математик, тарихшы......
3. Грек математигі, астрономия және география саласында жақсы меңгерген. Ол ең бірінші әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған...
4. Ол Б.з.д ІІІ-ІІ ғасырда өмір сүрген Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Бұл ғалымды біз бір-ақ сөзінен танимыз. Ол сөз - "ЭВРИКА" бұл ғалым....
ІІ-жүргізуші
5. Тағы да..... ежелгі грек ғалымы, маханик, математик,географ сонау Көне Вавилонда аспан денелерін зерттеген ғалым ол....
6. Ол франсуз ғалымы, математигі, физик және философы. Қазіргі математика саласының дамуына өз үлесін қосқан атақты ғалым. Ол көбіне геометрия саласында жұмыс жасаған....
7. Ұлы неміс жерінен шыққан ғалымдары өте көп, соның ішінен таңдап алған ғалымымыз ол физик, астроном және математик. Алгебра саласында сандар теориясын, тартылыс теориясы тағы да сол сияқты заңдардың ашылуына орасан зор ықпал еткен....
8. Бұл ғалым математика ілімінің негізін қалаған. Ол жерің шар тәріздес екенін ең алғаш ұсынған, және үшбұрыштардың қабырғалын табудың формуласын ұсынған грек ғалымы.....
ІІ-кезең.
Топ басшылары ортаға шығады. І-жүргізуші Бұл адамның еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздікті жібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екен «Математикада патша жолы жоқ».Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін көп жарияланып оқытылған.Бұл кай математик?(Евклид)
ІІІ-кезең.
ІІ-жүргізуші Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған.Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген. Математиктің аты жөні кім?( Ферма)
ІV-кезең
ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған. Қай математик жайында?(Карл Гаусс)
Қорытынды: Нәтижесін шығару. Жеңіске жеткен команданы марапаттау, және әртүрлі сыйлықтар мен мадақтама қағаздарын беру