Пайдаланған әдебиеттер.................................................19
Алғы сөз
Математика сабақтарында- біздің қисынды(логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетіміздің дамуына, өз бетімен ізденушілігіміздің қалыптасуына жағдай жасалған.
Ертегі – сабақтарда тақырыпқа деген қызығушылықты арттырады.
Математика сабағында ертегіні қолдану менің оқу материалдарды терең түсінуімді жеңілдетті,зейінімді тұрақтандырып, есте сақтау қабілетімді дамытты.
Мысалы; 1 сыныпта геометриялық ұғымдар ; нүкте,кесінді,сызық түрлерін т.б. туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түрлендіргенде ,біз материалды жақсы игердік, тапсырманы өз бетінше түсіне отырып орындау мүмкіндігіне қол жеткіздік.
«Цифрлар мен сандар» ертегісін пайдалану - менің дөңгелек орындықтардың сандық құрылымымен таңбаланды, разряд бірліктеріне қарай өзгерді,оның жазылуы мен оқылуын меңгерді, есте сақтауына көмектесті.
Цифрлар мен сан ұғымының айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілер көп пайдасын тигізеді.
«Туысқандар » ертегісін қолдану барысында,шаршы мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы және айырмашылығын
біздің,яғни оқушылардың өзіне айтқызу, біздің өз бетімізбен ойлануымызға , ізденуімізге жетеледі.
Тәрбиелік жағынан алсақ та бұл ертегілер бізді бірлік пен достыққа тәрбиеледі,мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтардан аулақ жүруімізге
бейімдеді.
Ертегі есептерде пәнаралық байланыс та бар, ертегілерді тыңдау,айту арқылы менің сөздік қорым молайып ,тіл байлығым да дамыды.
Халқымыздың ертегілерінде ,аңыз әңгімелерінде,шешендік,тапқыр сөздерінде , салт –дәстүрлерінде математикамен байланысқан жерлерді көптеп байқауға болады.
Халқымыздың осы асыл қазынасын тиімді пайдалану,менің өз ұлтымды сүюге ,оның салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге деген үлкен құрметпен қарау қасиеттерімізді одан әрі арттырды. Мен халқымыздың ертегі есептерін шығаруды ұнатамын.
Төменде өзімнің ұнатып шығаратын кейбір қызықты ертегі есептерге мысал
келтіремін.
Ер Төстік
Ерназардың 9 ұлы болыпты.Тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын әперіпті. Әр келінінен 9 немере, әр немереден 9 шөбере, әр шөбереден 9 немене көріпті. Ерназар тұқымы қанша?
Төртеу түгел болса,төбедегі алады,
Алтау ала болса, ауыздағын береді.
Жауабы: 7380
Бес саулық
Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдында отау тігіп кеткен екен. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ұйғарды.
Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы қырық бір бас екенін біліп қайтады да,оларды шақырып алып, әрқайсысының өздеріндегі қойларды төртке бөліп бөлінбей қалғанын кенже інілеріне беріңдер- дейді.
Үш жігіт қойларын әке айтуы бойынша бөліп,бөлінбей қалғанын інісіне әкеліп береді. Сөйтіп кенже жігіт бес саулыққа ие болады. Екеуінің қойын менікінен артық еді,енді теңесті- дейді қой берген үш жігіттің бірі өзгелеріне. Бұл үшеуінің қойлары алғашында қанша болған?
Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа,-деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапанын маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді:
-Арыстанға азық беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып , жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес.
Көрейік қанша сенде ақыл мен ес.
Балапан , көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес-
Дейді де үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстанға алдына баруға дәті шыдамады.
Халық есебі
Жеті шал келе жатты.
Әрқайсысының жеті балдағы бар.
Әр балдақта жеті бұтақ бар.
Әр бұтақта жеті дорба бар.
Әр дорбада жеті самса бар.
Әр самсада жеті торғай бар
Барлық торғай қанша ?
Жауабы: 137256
Нүктелер достығы
Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді.Бір күні нүкте отырып ойланады:
- Шіркін, менің көп досым болса ғой! Қой, мен серуенге
шығып, өзіме дос іздеп келейін.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса , оған қарсы бір жасыл түс келе жатыр.Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.
- Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік,- деді қызыл нүкте. Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.
Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді.Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді,түзу шыға келді. Осылайша түзу сызық пайда болды.
Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.
Ертегіні тыңдай отырып біз түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеміз.
Қарындаштың бастан кешкендері
Ертеде бір қарындаш өмір сүріпті.Бір күні Қарындаш түзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол түзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады.Тоқтап, дем алады да, өзіне-өзі «Әлі қанша жүрер екенмін? Мына түзудің шегіне жетемін бе, жоқ па? » - деді.
Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де :
-Әй, Қарындаш-ай ! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің ?- деді.
- Қой, онда мен қайта кері қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін , - деді Қарындаш.
- Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды , - деді Түзу.
Түзу тіпті өлеңдетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз түзу сыз
Шетсіз, шексіз түзу сыз ,- деп.
Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалды.
- Сонда мен тоқтаусыз жүре беремін бе?
- Егер тоқтағың келсе , түзудің бойынан екі нүкте белгіле,- деді Түзу.
- Алақай !- деп қуанып кетті Қарындаш.
- Енді мен бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай деп аталады.
- Бұл менің кесіндім , деп жауап берді Түзу жымиып.
Цифрлар айтысы.
Бір күні цифрлар нөлмен ұрысып қалады да, оны мазақтайды.
Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.
- Ештеңе, ештеңе,- деп баска цифрлар шулап кетті.
- Сендер түк түсіңбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағана қатар тұра қалсам бір қаңдай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді.
- Егер сенің оң жағына тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? - деді нөл беске. Нөл бестің оң жағына тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына тұра қалып, цифрлардан олардың қаңдай сандарға айналғандарын сұрап шықты.
- Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар деисіндер. Көне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен мендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма:
5-5 - .., 7-7 - .., 9-9 = ... .
- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтың болды. Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.
- Мен барлығыңнан үлкенмін, мен қайдағы бір кішкентай бір емеспін ғой, - деп мақганып тоғыз шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.
- Ал, қанеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой).
- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсын. Он тоғыздан үлкен емес пе?
Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты.
- Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар кезек-кезек келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.
Цифрлар осыдан кейін өз қателіктерін түсініп, айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады?
Қорытынды: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрса ғана үлкен, ал егер олар бір-бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы — санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытындыны оқушылардың өздері жасағандары дұрыс.)
Ескерту: Бұл ертегіні көрініс түрінде көрсетуге болады. Тоғыз оқушы цифрларды бейнелесе, мұгалім автордың сөзін оқиды.
Сандар мен цифрлар
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғандары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу ''он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? - дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді өркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқаласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да, цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап елдеріне цифрларды қайтып алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті.достықта өмір сүріп жатыр екен.
Ұрылар мен кемпір
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен. панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға кәшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдік жалғыз сиырын ұрламак болып ұрылар келеді. Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын» деп ойлайды.
Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.
Өзің іш те маған бер Мұны естіген ұрылар: Қой, мұны мыз бекер екен. Бұл үйде толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен кетейік деп, кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Халқымзыдын тұрмысы жан-жануарлармен тығыз байланысты бол-ғандықтан осы тақырыпта төмендегідей өлең есептерді қарастырып төрт түлік малды халқымыздың қалай өсіргендігін айта кетуге болады
Түйе, бота ман басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой
(он жеті) Талдан үшты к-п торғай
Алдында онын бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Және тағы қарасақ
Қайта оны санасақ.
Соңында біреу қап келеді.
Алдында төртеу, топ келеді
Үшеуі қатар жарысқан
Тізіліп үшеу қалыспан
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу есепкер?
Мынау да бір санамак.
Өздерің көр саралап,
Төбеден төрт бөктергі.
Аңдыпты қос кептерді
Шаңқылдаса көк қарға
Үн қоспапты көп қарға
Секем ап бір дауыстан
Безектеп бес дауысқан.
Алты белден асыпты
Тым – тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты.
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ.
Отырғанда қаталап.
Топ-топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап. Сөйтіп, қызық іс болды.
Бәрі қанша құй болды?
(отыз бір)
Ертегі есеп
Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.
Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы.
Математика сабағында жыл қайыру, мүшел жасты есептеу, Хижра жылын есентеу. Хижра жылы мең Григориан календарының айырмасын есептей білу де — халықтық тәрбиенің бір саласы.
Өмірде, күнделікті тұрмысымызда өзіміз назар аудара бермейтің халық мұрасың сабаққа пайдаланып ондағы сөздердің мән-мағынасын ұқтыруға сабағымыздың аздаған минутың бөлуді әдетке айналдырсақ. Бізге әрі демалыс минуты, әрі тәрбие болар еді.
Ертеде «Мақал» мен «Жұмбақ» деген ағайынды екі жігіт өмір сүріпті. Олардың «Жаңылтпаш» деген қарындасы болған екен. Бірде әкелері балаларын шақырып алып, өсиет айтады. Әкесі:- Балаларым, сендердің «Тіл - әдебиет» шаһарындағы еңбектеріңді білемін. Бірақ «Жігітке жеті өнер де аз»дегендей, енді сендердің «Математика»еліндегі қажеттіліктерінді білгім келеді. Осы өсиетімді орындасаңдар, ақ батамды беремін. Бұлардың қарындастары өте ерке болатын. Олда ағаларымен бірге барғысы келетінін айтып, қиғылық салды. Ағалар жолдың ауырлығын ескеріп, ерткісі келмейді. «Жаңылтпашты» әзер көндірген жігіттер жолда оның да аманатын орындауға уәде береді. Жаңылтпаш ертегілер елінде санға қатысты жаңылтпаш ала келулерін тапсырады.
Пәннің аты математика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Дуйсенбаева А .Т
Сабақтың атауы
Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Мақсаты
1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру. 2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру; 3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі. Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады. -Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті? -Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады? Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды: -Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.Құстарды таспен, доппен атып ойнауға болмайды. Ал қазір біз допты торға лақтырып ойнаймыз. 1 – тапсырма (ауызша есептеу) «Кім мерген?» ойыны. - Берілген өрнектер туралы не айтуға болады? - Нені байқадық? Қосудың компоненттерін ата. - Екінші қосылғышты табу үшін не істейміз?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
№1 Сәйкес сандарды таңда.
№2Есептерге сурет таңда.Есептерді шығар және оларды салыстыр.
№3 Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр және шығар.
№4,5 Өздік жұмысы
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді? 2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды? 3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды? 4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?
Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма
№7 27-бетте
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пікір
Оқушылардың математикалык ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ертегі есептер қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні артып, есте сақтау қабілеті дамиды. Осыдан мұғалім алдында тұрған күрделі міндет - саналы ойлайтын оқушыны, ертенгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. ескере отырып таңдау жасады. Негізгі мектеп болғандықтан оқушылардың саны аз, ата-аналардың әлеуметтік жағдайы төмен, қаладан шеткері орналасқандықтан оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында математика сабақтарында ертегі есептер мен ойын әдісін пайдаланады.
Бастауыш сыныптардың ӘБ жетекшісі: Туленова Г.К
«Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивинский орта мектебі» әдістемелік кеңесі шешімімен баспаға рұқсат етілді. 28.09.2016ж №7 хаттама