kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жалпытехникалық үйірме" тақырыбында әдістемелік құрал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методическое пособие "Жалпытехникалық үйірме" предназначено для учителей технологии и педагогов дополнительного образования, этот материал составлен очень граммотно и соответствует Закону об образовании РК

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жалпытехникалық үйірме" тақырыбында әдістемелік құрал»
















БАЙСАРИНА АЙГҮЛ ИСЯНҒҰЛОВНА


«ЖАЛПЫТЕХНИКАЛЫҚ ҮЙІРМЕ»












































Орталықтың ғылыми-тәжірибелік кеңесінде қарастырылып, баспаға ұсынылды.







Автор-құрастырушы

Байсарина Айгүл Исянғұловна-

Қалалық техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі



Пікір жазғандар:


Сутеева М.А.- АӨМУ кәсіби білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.


Абдрахманова А.Б.- Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері.


Бұл әдістемелік құрал орта мектептерінің «Технология» пәні мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтарына арналған әдістемелік көмек ретінде береді. Бұл әдістемелік нұсқау балалар шығармашылығы орталығы, тәрбие орталығының әдіскерлеріне арналған. Әдістемелік нұсқауда үйірме мүшелерінің мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беретін, жасөспірімдердің тиімді жұмыспен қамтылуын, олардың мамандыққа бағдарлануын жүзеге асыратын қосымша білім беру ұйымдарының қызметіндегі үйірме мүшелерінің кәсіби бағдар алуы, мамандық таңдауына дайындығы айқындалады. Әдістемелік өңдеудің мақсаты- технология пәнінен мұғалімдер мен үйірме жетекшілеріне көмек көрсету.

Ұсынылып отырған құралда, балалардың ерекшеліктері мен қызығушылықтарын, қағаз, бисермен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру мен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамуыне ескере отырып, педагогтарға сабақты ұйымдастыруға көмек береді.

















«Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек».

Н.Ә.Назарбаев



Тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолында күннен-күнге алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Біздің болашағымыз-бүгінгі бала, оқушы, ертеңгі білімді маман. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру- бүгінгі күннің басты талабы. Тарихтың асыл қазынасын оқып үйренуде, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Шығармашылық қабілеті дамыған, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданады.

Абай Құнанбаев: «Кей қасиет туа бітеді, кейбірі еңбек арқылы қалыптасады»,- деп айтқан. Сондықтан да еңбек жолында әрқашан шығармашылық ізденістен қоол үзбеу керек. «Бала нені білсе жастан ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан»,- дегендей, бала жасынан оқушылар өнердің қыр-сырын меңгеріп, әдемілігін бағалай білуі тиіс. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болжай білу өте қиын.

Технология пәні мұғалімдері ұлттық қолөнерді оқушыларға үйретіп, өздерін ізденіс зерттеулерге кірістіруге, одан ары қарай дамытуға мақсат қояды. Сондықтан да оқушыларға қазақ қолөнерінің барлық түрі тұрмысқа қажеттіліктен пайда болған дүниелер екенін, осы қажеттіліктің арқасында елде пайда болып, жалғасын тауып келе жатқаны түсіндіріледі.Оқушылар бұл дүниелерді шеберлер заман талабына сай жаңаша туындыларға айналдырып, елімізді дамытып келе жатқанын біледі.

«Жалпытехникалық» үйірме сабақтарында оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек таныстыруда, эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде еңбекті өнермен тығыз байланыстыра отырып, одан қоғамға немесе өзіне пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына сай әсемделген, жыл бойы жасаған шығармашылыө жобаның рөлі орасан зор.

Қазіргі таңда ұлттық бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын жаңа дизайнда дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырады.

Шығармашылық жұмыс жасарда оқушы алдына мақсат қойып, жоспар жасайды. Соның нәтижесінде оқушылардың бойында үлкен ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік, пәнге деген қызығушылық пен жауапкершілік артады. Қолөнермен айналысу оқушының шығармашылық қабілет алға ұмтылуына, ізденуіне, ішкі жан дүниесінің сұлу болуына, жетістікке жетуге себепкер болады. Оқушылардың пәнге, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту- үйірменің басты бағыттарының бірі. Педагог оқушыларға білім бере отырып, жоғарғы сатыдағы сыныптарда бейінді тәрбиемен оқушы қабілетін кәсіби еңбек түріне бағыттай келе, нарық экономикасының бәсекелестік заңдылығының талабына шыңдай түседі. Педагогтің еңбегі- шығармашылық еңбек. Ол оның үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы ұстазға тікелей байланысты.

Я.А.Коменский «Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»,- деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға берген. Шығармашыл ұстаздың шәкірті де шығармашыл болу керек деген ой туындайды. Дарынды балаға дарынды ұстаз қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанға» жету жолы анықталады.


КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» — деп атап көрсеткен.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
- оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Мектептегі кәсіптік бейімделу жұмыстарының теориясы мен практикасы оның жүзеге асырылуы жолында біраз кемшіліктер байқалатындығын көрсетеді:
- Оқыту мен тәрбие берудің жалпы үдерісінен айтарлықтай қол үзіп қалу;
- Тұрақты, мақсатқа бағытталған жұмысты өзара байланыспаған /әсіресе оқытудың аяқтау кезеңіндегі/ іс-шаралар өткізумен айырбастау;
- Практикалық қызмет пен еңбек тәжірибесінің жетіспеушілігі. Осының барлығы мамандық таңдауға немқұрайды қарау, оның жеңіл меңгерілуі, жеңіл орындалатын келешек еңбек пен өмірлік игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігінің тапшылығы, кәсіби өзін анықтаудағы селқостық сияқты жағымсыз көріністердің күшеюіне себепші болды.
Еңбек жөніндегі аймақтық органдардың мәліметтері бойынша бірінші ондықты негізінен колөнершілер мен қызмет көрсету саласы мамандықтары тапшы мамандықтардың болжалды тізімін құрайды. Алайда, мектеп түлектері заңгер,менеджер мамандықтарын таңдаулы қолданысқа лайықты деп бірнеше жылдар қатарынан бірінші орынға қойып келеді, сонымен бірге оқушылар көптеген жаңа мамандықтар туралы ақпараттан мүлдем бейхабар, сондай-ақ дәстүрлі мамандықтардың өздері елеулі өзгерістерге ұшырауда.

Қоғам барлық уақытта да өскелең ұрпақты әлеуметтік және кәсіби тәжірибемен қамтамасыз етіп келеді. Адамзат өмір сүруінің бастауы кезінен бұл тәжірибе ұрапқтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырған. Өндірістің дамуына орай әр түрлі мамандықтарға қызметкерлер іріктеудің ғылыми негіздерін әзірлеу қажеттілігін туғызған адамға қойылатын талаптар да артты.
Кәсіптік бейімдеудің мақсаты-өскелең ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Ол үшін оқушылардың мамандық таңдауға байланысты әлеуметтік маңызды ішкі /психикалық/ тәртібі мен қызмет реттеуіштерін құру;кәсіби өзін анықтаудағы әлеуметтік құнды белсенді қызметінің сыртқы және ішкі жағдайын жасау қажет.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекшісі өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде еңбек тәрбиесінің негізгі қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр.
Кезінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі көптеген ғалымдар мен қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде, мақалаларында сөз етілді. Атап айтқанда, Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің, А.С.Макаренконың, С.Т.Шацкийдің еңбектері оның күрделі мәселелерін шешуге үлкен маңызы зор болды.
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмысында кездесетін елеулі кемшіліктердің де беті ашылып көрсетілді. Олар ең алдымен мынаған байланысты: мектеп бітіруде жастар өндіріс сферасындағы еңбекке практикалық дайындықсыз келеді немесе халық шаруашылығына қажетті мамандықтары жөнінде теориялық жағынан белгілі бір түсінігі болмады.
Мектеп бітіруші жастарымыздың ішінде өмірге тұтынушылық қатынас, еңбектен бой тасалау, сақтамау сияқты жағымсыз құбылыстар байқалып қалады. Мұндай кемшіліктердің себебін біз мектеп қабырғасындағы еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар жұмыстарының белгілі бір жүйеге қойылмағандығы деп білеміз.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің барқатар мұғалімдері мен сынып жетекшілері еліміздің ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденциялары туралы және оның қазіргі заман адамдарына қоятын талаптары жөнінде жеткілікті хабары болмады. Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамға пайдалы өнімді еңбегі мен оқытуды өнімді үнемі біртұтас үдеріс етіп біріктіріп, оған политехникалық бағыттылық бере алмады. Мұғалімдер қоғамдық пайдалы еңбектің мазмұнын анықтауда, еңбек үдерістерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, педагогикалық ықпал етудің әдістерін таңдап алуда қиындықтары тап болып отырды. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар беруде заман талабына сай тәрбие жұмысының неғұрлым жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін таңдап, оны жетілдіруде мектеп ұжымының алдында үлкен маңызды міндеттер қойылды.

1993 жылдан бастап мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып, еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі шыңдауға байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол себепті де К.К.Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады».
Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.
Балаларға қосымша білім берудің заманауи ұйымы –бұл балалардың әрдайым өзгеріп отыратын индивидуалды қажеттіліктерін қанағаттандыратын, білім алушыларды қызмет үлгілері мен түрлерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін, өмірлік өзін анықтауына қажетті көмек пен қолдауды жүзеге асыра отырып, әрбір білім алушының шығармашылық дамуына, оның әлеуметтік өзгерістерге бейімделуіне жағдай туғызатын әлеуметтік-педагогикалық жүйе.
Балаларға қосымша білім беру жүйесі Қазақстанда 1990 жылы пайда болды. Ол сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың сабақтастығы. 2013-2014 оқу жылында пәндік және эстетикалық бағыт бойынша 162 қосымша білім беру педагогы қызмет атқарып, аудан бойынша 3676 (56,1%) оқушы үйірмеге тартылды. Пәндік үйірме бойынша 51 педагог, эстетикалық бағыт бойынша 111 педагог қызмет атқарды. Жоғары білімді 139 педагог, арнаулы орта білімді 23 педагог.
Балаларға қосымша білім беру – жасөспірімнің білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі және баланың жеке тұлға ретінде дамуына, кәсіптік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйе, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі күнгі барлығымызға ортақ мақсат – жасөспірімге білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау.
Жас ұрпаққа қосымша білім беретін мектептен тыс мекмелерінің алдына қойылатын талап-тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті көзқарасын қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, баланың өз қызығушылығы мен қабілетіне байланысты ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жетілдіру, шығармашылық деңгейінің өсуіне қолдау көрсету бұл да өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыта тәрбиелеу қосымша білім беру ұйымдарының тікелей атқаратын міндеті. Қосымша білім беру баланың тұлғалық өсуін, өмірде өзін тануын, шығармашылық әлеуметінің ашылуымен қамтамасыз етеді. Осындай қосымша білім беру орталықтарының бірі-Қалалық техникалық шығармашылық орталығы. Жасөспірімдер мен балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани тәрбие беру, балалардың техникалықшығармашылығын дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен демалысын қамтамасыз ету, мақсатында Ақтөбе қаласында Қалалық техникалық шығармашылық орталығы жұмыстануда.
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу,  қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.

«Жалпытехникалық» үйірмесінде баланың ой-өрісінің  дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып,  білім аясы терең әрі жан-жақты болуы  шарт.

Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. «Жалпытехникалық» үйірменің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді.  Үйірменің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін «Жалпытехникалық» үйірменің жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.  Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені,  сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын  аттаған жасөспірімдердің бойына  ерте бастан дарыта білу керек. 

Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір  пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді.

«Жалпытехникалық» үйірменің сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Үйірменің сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.  Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.  Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу  сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.  Бұл  жұмыстар алғашқы күннен бастап педагогтің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. 

Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың  жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн  оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие процесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский.  Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп  жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші". Енді, міне бірнеше бағыттағы ашық сабақтарымды ұсынайын.

















«Канзаши» тақырыбындағы ашық сабақ

Қыздар қауымы үшін шашқа тағатын бұйымның сәнді әрі жарасымды көрінуі маңызды. Сол үшін де түрлі әшекей қолданамыз. Сондай бұйымдардың бірі "Канзаши" деп аталады. Канзаши – жапон шаш үлгілері үшін қолданылатын әшекей. Бұл бұйымды дайындаудың түрлі техникасы бар. Канзашиді үйде қолдан жасауға әбден болады. Жібек, атлас маталарынан жасалатын канзашидің қарапайым бір түрін Айгүл Исянғұловна жасап көрсетеді.

Негізгі бөлім:

«Канзаши» негізінен жапон халқынның ақ сүйек ханымдары шаш әшекейлеу үшін жасаған. Негізгі шыққан отаны Жапон елі.Бұл бұйымның түрлері өте көп. Бұл бұйымның жасалу техникасы өте қарапайым. Атлас таспасынан жасалатын бұл жұмыс негізінен сәндік – қолданбалы өнерге жатады.

Ең алдымен қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.

1.Қайшымен жұмыс жасағанда абай бол, қайшыны үш жағымен екінші адамға берме.

2.Инені аузыңа салма.

3.Оттықты жаққанда абай бол,оттықтың астына шыны ыдыс қой.

4.Жанып тұрған оттыққа қатты жақындама,қолыңда сермеп ,оттық үстімен басқа затты алма.

5.Тоқпен жұмыс кезінде,су қолмен розетка, басқа да заттарды ұстама.


Жұмыс барысының орындалуы;

Оқушыларды 3-4 топқа бөліп отырғызып,жұмыс орнын ұйымдастырамыз.

Нұсқау картасы бойынша толық жұмысқа кірісеміз.

Жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз.

Оқушылар өзара жасаған жұмыстарын салыстырады.


Қажетті заттар:

  • Түрлі-түсті ленталар;

  • Ине-жіп, қайшы;

  • Балауыз бен бижутерия



Алдымен ленталарымызды шаршы формасында қиып аламыз да, жиектерін балауыз көмегімен сәл күйдіріп шығамыз. Бұл лентаның сетінеп кетпеуі үшін қажет.

Енді лентамызды бүктейміз, бірінші екі диагоналі бойынша беттестіріп, үшбұрыш формасына келтіреміз.

Үшбұрыштың екі бүйір бұрышынан ұстап тағы бір бүктейміз, сонда мынадай кішірейген үшбұрыш шығады.

Осы үшбұрышты тағы да бүйір бұрыштарынан ұстап бүктеп, ұштарын балауызға күйдіріп жабыстырамыз. Сонда мынадай форма шығуы керек.

Екі түстен дайындалған формаларды бірінің үстіне бірін қою арқылы біріктіреміз. Осындайдан бірнешеуін (тақ сан) жасап шығамыз.

Енді бұларды өзара біріктіріп, ине-жіппен тігіп шығамыз да, түйме не басқа да әшекеймен сәндейміз. Жарамсыз қалған невидимкаға, резеңкеге не болмаса ободокқа қадап қойсаңыз болғаны. Канзаши дайын!

Ескерту: ленталарды жабыстыру кезінде балауызды қолданғанда абай болған жөн.

«Панно жасаймыз» бисерментеру бағытындағы ашық сабақ


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау;
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты:өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: биология - гүлдердің түрлері, құрылысы, ; математика; бейнелеу өнері - композиция құру, түстерді таңдау; тарих - бисердің пайда болу тарихы.
Сабақтың көрнекілігі:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сызбалар, кітаптар, журналдар, плакат.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
4. Жаңа тақырыппен таныстыру, сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.

Бисердің шығу тарихы:Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру

Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.

Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.

Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. моншақ дегеніміз не?
3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? т. б.

Қорытынды
Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.







«Бисерді жапсырмалау»













Аннотация

Жеке тұлға өзінің туған жерін көркейтуге, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын бисермен көрсетуге бейімделеді.

Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеу, кестелеу бүгінгі күннің заман талабынан туындаған өнер. Сондай-ақ бисермен сәндік бұйымдарды, мәселен сырға, білезік, алқа тоқуға болады.

Бұл ғылыми жұмыста су моншақты ең көп шығарушы елдері туралы тың деректер жинақталған. Су моншақты қолданар алдында мөлшеріне қарай, түс үйлесімділігін ұтымды пайдалану туралы кеңестер қамтылған. Жұмыс барысында эскиз жасау жұмыстың алғашқы талабы. Бисермен әшекелеу кезінде экономикалық есебін шығара отырып, бүгінгі экономикалық дағдарыстан шығудың тиімділігі жұмыс барысында ерекше көрсетілген. Бисермен эстетикалық талғамға сай бұйымдар жасау көп уақытты, шыдамдылықты талап етеді.

Кіріспе бөлімі

Мақсатым: Жұмыс барысында мүмкіншілігін бағалай отырып, туындаған ойды нақты нәтижеге жеткізу. Өз ауылының көркеюін, табиғаттың әсемдігін, ауылға деген сүйіспеншілігін су моншақ кестелеу арқылы көрсету.

Міндеттері:

  1. Бисерді таңдау

  2. Шеберлікті талап етеді.

  3. Бисерді мөлшеріне қарай түс үйлесімділігін ескеру

  4. Халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау.

Бисердің Отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтар да жасаған. «Бисер» сөзі арабтың «бусра» сөзінен шыққан. Ол «Ортасы тесік моншақ» деген мағынаны береді. Бисер тіпті антик әлемінен белгілі, бисерді кейбір халықтар айырбас ақша ретінде де пайдаланған. Мөлдір және түсті венециан шынысының рецепті өте құпия сақталған. XV ғасырда және XVI ғасырдың басында бисер өндірісі ерекше қарқынды дамыған.

Қазіргі кезде бисерді негізінен әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа, сырға, белдік, білезік т.б. заттар жасалады. Сол сияқты бисерден жасалған картиналар, панно бұйымдары өте сирек кездеседі. Оларды жасау үшін шыдамдылық, ерекше шеберлік керек. Шеберлік техникасы жоғары болу қажет. Кейінгі кезде бисермен киімді, сөмкелерді, тіпті аяқ киімдерді жиі әшекелейді.

Бисерге сипаттама

Түріне қарап бисерді: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері немесе шорлат деп бөлінеді.

Бисер- ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай моншақ шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді. Ал өңделуіне қарай тұтас боялған немесе шаңдатылған күңгірт не құбылмалы түсті болады.

Стеклярус- шыны түтікше (5-10 мм) қырлы немесе цилиндр пішінді. Одан да басқа шабылған бисер деп те ажыратады (рубка) өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.

Стеклярус және бисер кішкене пакеттерде сатылады. Бисермен жұмыс жасағанда жұмыс бөлмесі жарық болуы керек. Жұмыс үстелін терезенің жанына қойған дұрыс. Терезеден жарық күндіз сол жағыңнан түсу керек, кешке үстелдік шамды қосу қажет. Әрбір екі-үш сағат сайын үзіліс жасап, көзге арналған жаттығуды орындау керек.

Бисермен жұмыс істегенде оны тәрелкеге салып үстелдің үстіне қоюға ыңғайлы. Үстелді жылжып кетпейтін жұмсақ матамен жапқан дұрыс, бисер түсіп кетсе де жинап алу оңай болады. Бисер мөлшеріне қарай түс үйлесімділігін ескеру керек. Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты қажет етеді. Қазіргі уақыт талабына сай күнделікті тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйымдар жасау.

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады.

Зерттеу бөлімі

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған. Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты қажет етеді. Шеберлікті талап етеді. Бисердің мөлшеріне қарай, түс үйлесімділігін ескеру керек.

Қорытынды

Бисердің өлшемдері, түстері сан алуан, түс үйлесімділігін ескеріп, ұтымды таңдай білу қажет. Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді.

Қолөнеріміз біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болмақ.

«Кең асылы жерде, сөз асылы елде», дегендей, өнер түрі елде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.

Міне менің қыздарым бисерден жасалған мынадай керемет панноларды жасады.

Балаларға арналған қағаздан жасалған бұйымдар

Қағаз адамзаттың ойлап тапқан ең керемет заты екенін айтпаса да белгілі. Оның шын екені Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығындағы тәрбиеленушілеріне мәлім. Қағазды алып,қиып, бояп бір-біріне жапсырып көлем берсең керемет затқа айналады. Осындай керемет нәрселерді жасауға әуес қыздар мен ұлдар «Бастапқы-техникалық үлгілеу» сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне бірнеше жылдан бері қатысуда.

Түрлі-түсті қағаздан бұйымдардың неше түрін жасауға болады. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына арналған түсті қағаздан жасалған «Алма» бұйымы. Көлемді «Алманы» балалар үлкен қызығушылықпен жасайды.

Сізге керегі:

-түрлі-түсті қағаз

- түрлі-түсті картон

- ақ қағаз

- желім

- қайшы

-жай қарындаш


Дайындау әдісі:


1. Ақ қағазға алманың пішінін салып алыңыз. Көлемі- ұзындығы- 3,5 см, ені-4 см.



2. Үлгі-қалып қиып алыңыз.


Егер де осындай алмұрт жасағыңыз келсе, алмұрт пішіні ұзындығы 5,5 см, ені 3,5 см. болатындай үлгі-қалып қиып алыңыз.



3. Алманың күлтесін жасау үшін ені 6,5 см. ұзындығы 11 см. болатындай төртбұрыш қиып алыңыз, алмұртқа қоңыр түсті қағаздан: 11 смХ 8,5 см.

4. 0,5 мм болатындай сызық сызып алыңыз.

5. Төртбұрышта сол сызыққа қарай жаймендеп қиыңыз

  1. Қағазды бұрып алып оның шеттерін желімдеңіз.

Үлгі қалып бойынша 12 дана қызыл түсінен және 6 дана жасыл түсті алмаларды жасап алыңыз.

Қызыл алманың бөлігін күлтеге желімдеп жабыстыр.


Қалған қызыл түсті алманың бөліктерін осылай желімдеңіз.

Жасыл түсті бөлікті де осылай желімдеңіз.

Кішкентай жапырақты қиып алып оны күлтеге желімдеңіз.

Осындай әдіс бойынша мынадай панно жасадым.



Қағаздан тағы да менің балаларым мынадай ғажайып бұйымдарды жасады.

«Кішкентай қояндарды», «Балапанды» және «Торғайларды» 4-5 жастағы балалар жасай алады.





























ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:


  1. Мектептегі технология№ 11-12- 2015 ж.

  2. Е.Стольная «Бисерден жасалған ағашпен гүлдер»- МАРТИН-2006 ж.

  3. Т.Ткаченко, К.Стародуб «Бисермен жұмыс»- Феникс, 2006 ж.

  4. «Бастауыштарға арналған гүлдер» Москва, «Дрофа-Плюс»-2008 ж.

  5. Балалардың техникалық шығармашылық. П.А. Андрианов-1986 ж.

  6. Мектептегі декоративті-қолданбалы өнер- А.С Хворостов-1988 ж.

  7. Мектеп алдындағы балаларға техникалық шығармашылығын дамыту- М.А. Галагузова-1990 ж.

  8. «Мектептегі технология» № 10- 2015 ж.

  9. «Мектептегі технология» №3-2016 ж.

  10. «Еңбекке баулу» Мәскеу- 1997 ж.

  11. «Мектеп» журналы- №11- 2015 ж.

  12. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы.





















.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Жалпытехникалық үйірме" тақырыбында әдістемелік құрал

Автор: Байсарина Айгуль Исянгуловна

Дата: 02.08.2017

Номер свидетельства: 424775


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства