Просмотр содержимого документа
«"Бүтін сандар және рационал сандар"»
Пән: математика Сынып: 6 «а» Күні: 15.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз бетінше білім алуға,толықтылық, жүйелілік, оперативтілік, тереңдік, саналылық, беріктікке, нәтижелілікке, табыстылықты қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды үйлестіру.
Дамытушылық: Сөз байлығын, ойлау қабілетін, сенсорлық сфераны, яғни көз мөлшері, кеңістікті, уақытты, бағытты ажырата білу мен қозғалыс сферасын дамыту.
Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке, рухани байлылыққа, эсттетикалық еңбексүйгіштік дағдыларды қалыптастырып, пәнге деген қызығушылыққа, тәлім-тәрбиесін тереңдей түсу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, дидактикалық материалдар
Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап, есептер шығару
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а)Психологиялық тренинг
б)Топқа болу.
ІІҮй тапсырмасын тексеру:
«Балмұздақ таяқшалары» арқылы үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Ой қозғау
«Сандар сөйлейді» арқылы тақырыпты ашу
ІV. Жаңа сабақ
Трек-сызба арқылы түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Күн көзін ашу» ойыны арқылы деңгейлік тапсырма беру
VІ. Сергіту сәті.
VІІ. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Оқушы білімін бағалау.
Блоб ағашы арқылы өзін-өзі бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
а)Психологиялық тренинг
Ортасын кеңейте алатын адам
Нақтылықты үйренген көпшіл адам
Басшылықты ұнататын
идеяшыл адам
Идеясын еңбегінде көрсете алатын адам
Бастық болуды армандайтын бастық болуға тән адам
Идея көтермейтін, жалпылама адам
Адамдарды бөлмейді,
жатырқамайды
Қарым –қатынасына ортаға байланысты
тез өзгереді, құбылмалы адам
ІІҮй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманың білім деңгейінде көрініс табуы, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін зерттеу,. «Балмұздақ таяқшалары» арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Қандай жағдайда оң сан қолданылады ?
Қандай жағдайда теріс сан қолданылады ?
Теріс сан қалай жазылады?
0 саны нені білдіреді ?
Координаталық түзу дегеніміз не ?
Санақ басы саналатын 0 нүктесінің координатасы неге тең ?
Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?
Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?
ІІІ. Ой қозғау
«Сандар сөйлейді» арқылы тақырыпты ашу
І топ.
Қ – 1, 7
М – 5
Д – 15
Р – 3, 9, 17
А – 2,4,6,8,13,16
С – 10, 12
Ы - 11
Н - 14
ІІ топ.
Н – 5, 8,15
Т – 3
Д – 9
А – 7,10
Ж – 12
Б – 1
Ы – 14, 16
І – 4
И – 13
Ү – 2
С – 6
Р – 11
ІІІ топ.
А – 2, 7, 10, 13
С -9
Ж – 15
И – 4, 16
Р – 1, 14
Ц – 3
Н – 6, 11, 18
Д – 12
О – 5
Ы – 17, 19
Л – 8
ІV. Жаңа сабақ
Трек-сызба арқылы түсіндіру.
Анықтама: Бір – бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.
Анықтама: О (нөл) саны өзіне –өзі қарама-қарсы сан.
Анықтама: Натурал сандар, оған қарама-қарсы сандар және О саны бүтін сандар жиынын құрайды.
Анықтама: m/n қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар жиынын құрайды, мұндағы, m € Z, n N
Сандарды әріппен белгіленуі:
Q
Q – рационал сандар
Z – бүтін сандар
Z
N – натурал сандар
N
V. Жаңа сабақты бекіту
«Күн көзін ашу» ойыны арқылы деңгейлік тапсырма беру
Деңгейлік тапсырма беріледі.
І топ ІІ топ ІІІ топ
І деңгей № 315 есеп, №316- есеп, №320- есеп
ІІ деңгей № 326 есеп, №325- есеп, №327- есеп
ІІІ деңгей № 334 (1-3) есеп, №334(4-6) есеп, №332 есеп
V. Деңгей бойынша бітірген оқушыларға жеке қосымша тапсырма беремін. Есептер шығару:№322
VІ. Сергіту сәті.
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.