Сабақтың тақырыбы: Уақыт белдеуі | Күні:11.12.2017жыл |
СЫНЫП: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру (Т/А5); Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану (ӘТН4). |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Тілдік құзіреттілік | Уақыт белдеуі |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу | Бос уақыт деген не? |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : |
Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт,қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек. Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Ооқушыларды шеңберге шақыру,амандасу |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Топтарға тапсырма: Белдеулік Уақыт — бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 150 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т.б. жерлермен жүргізіледі. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 ж. 1 шілдеде енгізілген. Қазақстан аумағын 2 сағаттық белдеу (4-және 5-ші) алып жатыр. |
Ортасы 10 минут | Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі 1-сұрақ. Жергілікті уақыт 2-сұрақ. Зат есімдердің мағыналық түрлері 1-топ: бақыт Жауабын жазады. 2-топ: қуаныш Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады. 3-топ: шаттық Ұсыныс жазады. |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Синтез «Карточкадағы терминдер» әдісі Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді. |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл. Оқушының аты-жөні | «Стикер дегі диалог» әдісі | «Пкірлер» парағы әдісі | «Броундық қозғалыс» | «Карточкадағы терминдер» әдісі | Балл | | | | | | | | | | | | | Рефлексия парағы |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |