kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бір та?балы сан

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бір та?балы сан" саба?ы бірінші сыныпты? о?у материалы болып табылады. Саба? ма?саты бір та?балы сан ?атарын еске т?сіре отырып, екі та?балы сан туралы т?сінік ?алыптастыру. Саба? т?рі:саяхат саба?. О?ушылар тапсырмаларды орындай отырып, ?з білімдерін орта?а салып, Б?йтеректі? басына  к?терілді. Математика саба?ында ана тілінен ал?ан білімдерін орта?а салды. Саба? со?ында Б?йтерек туралы ма?л?мат алумен ?атар,  саба? со?ында ?з тілектерін де жеткізді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бір та?балы сан»

Сабақ тақырыбы: Бір және 2 таңбалы сандар

Сабақ мақсаты: 1. Бір және екі таңбалы сан, сан қатары туралы түсінік қалыптастыру, 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, сан құрамы туралы түсініктерін тиянақтау

Жылдам есептей білу, ойлау қабілеттерін жетілдіру

Топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өз жері мен Отанына сүйіспеншілігін арттыру


Көрнекіліктер: Астана туралы слайдтар, кестелер, пойыз суреті


Сабақ типі: жаңа сабақты игеру сабағы


Сабақ формасы: саяхат сабақ


Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, сұрақ –жауап,



Сабақ барысы

Қызығушылығын ояту

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін бізде сабақта көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан бар білгендеріңді ортаға салуға тырысыңдар!

Оқушылардың қолына фишкаларды таратып беріп, үш топқа бөлу


Үшбұрыштар тобы

Төртбұрыштар тобы


Дөңгелектер тобы

Үш топ өз төсбелгілері бойынша орындарына отырады. Әр топтан топ басшысын сайлау. Топ басшылары қарсы топтарға сәттілік тілейді.


Сонымен, «Қандай қиындық болса да, жеңбей оны қоймайық!» деп, өз сабағымызды бастаймыз. Алдымен сабақта басшылыққа алатын ережелерге назар аударайық:

Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлме! Бір – біріңді сыйла!


Сабақ мақсатын хабарлау: Қане, бәріміз тақтаға назар аударайық.

(Тақтада 0,1,2, 3,4,5,6,7,8,9,10 сандары жазылып тұр)

Сандарды оқып жіберейікші: 1 бала оқиды. Ендеше біз бүгін сан қатарымен танысамыз.

Сандар туралы тереңірек білу үшін сабаққа белсенді қатысайық!

Сендермен Елордаға сапар шегеміз.

- Айтыңдаршы, бас қаламыз Елорда қай қала?

- Астана

- Ендеше, бүгін Елордаға бару үшін туған өлкеміз, Өскемен қаласынан пойызға отырамыз.

Пойызға назар аударту.

Міне, алдымызда Астанаға аттанатын пойыз да тұр. Қане, пойыздың вагоны нешеу екенін санайықшы!

  • 0, 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 вагон

  • Ал вагон түстері қандай?

  • Вагонның түстері әртүрлі

  • Ендеше ретімен атап көрейікші, бірінші вагон – қызыл, екінші ...,

Өте жақсы. Енді алдарыңда жатқан цифрларға назар аударайық. Осы цифр сендердің қай вагонға отыратындарыңды көрсетеді.

Жақсы, енді осы қолдарыңдағы санның көршілерін атап жіберейік:

1 –дің тікелей алдында 2, тікелей артында 3 ....


Енді, вагондарға отырар алдында неше вагон бар екенін тағы да санап жіберейік: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Осы сан қатарына қатысты санамақ айтып жіберейікші:

Бір дегенім – белдік

Екі дегенім – ерлік

Үш дегенім – үзік

Төрт дегенім –түбіт

Бес дегенім –балта

Алты дегенім – алқа

Жеті дегенім –желкен

Сегіз дегенім – семсер

Тоғыз дегенім – тоқу

Он дегенім –оқу

Мағынаны тану кезеңі:

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Осы тұрған сандар сан қатарын құрайды. Ең кіші сан қай сан, ең үлкен сан қай сан екендігін айтқызу. Кез келген санды 10 санымен салыстырайықшы. 1 мен 10 санын алайық. Оның ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау.

Оқушылар жауабын тыңдау

  • 1 саны 1 ғана цифрдан, ал 10 саны 2 цифрдан тұрады.



Сандар


бір таңбалы екі таңбалы

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 10

(өздеріне қортынды жасату) Сонымен біз білімімізді толықтырдық. Енді пойызбен Елордаға аттанайық.





Сергіту сәті:

Керім маған көмекке келеді. Барлығымыз көзімізді жұмамыз. Пойыздың дауысына салып Астанаға аттанамыз.

Слайд№1 Бәйтеректің суреті.

  • Міне, біз Астана қаласына да келіп жеттік. Көз алдымыздағы ғимарат қалай аталады?

  • Бәйтерек

  • Дұрыс айтасыңдар! Бәйтерек - Астананың символы, басты белгісі. Оның биіктігі 97 м. Неліктен Бәйтерек бейнесін жасағанын білеміз бе?

Ол өмір ағашы деген сөз. Бәйтерек ағашқа ұқсайды.

Осы Бәйтеректің кіші нұсқасы біздің де қаламызда да орналасқан. (слайд

Ендеше, Бәйтеректің басына шығу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.

1 тапсырма «Математикалық тізбек» Әр топқа тапсырма таратылып беріледі.

2+1+4-5+8= 10

7-6+5-4+3=5

10-5+3-4+6=10

Орындап болған соң, тақтаға іліп, мәнін талдау. Неше таңбалы сан? Неге? Сұрақтарына жауап аламын.

Міне, тапсырма орындалып, Бәйтеректің алғашқы сатысына көтерілдік. Слайд№3

Ары қарай көтерілу үшін, келесі тапсырманы орындауға тиіспіз.

Дәптерді біз ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық!

Тапсырма №2 Дәптермен жұмыс. Салыстыруға есеп шығару

0 ˂ 10 10˃ 0 9 ˂ 10 10 ˃ 9

Ауызша жылдам тексеру. Қай сан үлкен? Қай сан бір таңбалы? Қай сан екі таңбалы? Неге екі таңбалы сан деп ойлайсың?

Біз Бәйтеректің екінші сатысына көтерілдік. Слайд №5

Үшінші сатының тапсырмасына назар аударыңдар! Тақтаға қарайықшы, мұнда бірнеше өрнек жазылған, оның мәнін әр топтан оқушылар кезекпен шығарады.



2+5 10-5 4+4

8-6 6+1 7-7

7+3 8+2 9+1

Есепті тексеріп, мәндеріне талдау жасаймыз. Екі таңбалы сан қайсысы? Неліктен?

Сонымен, 3 - тапсырманы орындап, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Слайд№5 (Фишкаларды тарату)

Сергіту сәті:

Ал, қанеки тұрайық!

Алақанды соғайық

Бір отырып бір тұрып

Біз дем алып алайық!

Сонымен келесі тапсырмаға да кезек келгендей,

Тапсырма №4 Сан құрамын анықта. Жеке оқушылар орындаймыз.

«Кубизм» стратегиясын қолдана отырып, санды анықтау 7.8.9.10 санының құрамын анықтау

8 9 10

Жарайсыңдар! Міне, біз Бәйтеректің де басына шықтық.

Қосымша материал:

Тапсырма № 5сан қатарын толықтыр

Логикалық тапсырма

Слайдтар көрсету. Бұл жерде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының алақаны тұғырда ойып салынған. Алақанға алақанды тигізіп, тілеген арман – тілектер міндетті түрде орындалады. Сондықтан қазір, осы жерге әр топтан бір адамнан келіп, сабақта не үйренгенін айтып, өз тілегін тілейді. Қалғандары түгелдей келіп, қолдарын қолдарына қойып, армандарын іштей айтады.

Осы тілеген тілектерің міндетті түрде орындалады деп сенемін. Орындалған сәтте менімен бөлісесіңдер!

Сабақ аяқталды.



1 А сынып мұғалімінің математикадан өткен сабаққа өзіндік талдау

Малгаждарова Еркетан Женисовна



Менің 1 А сыныбымда барлығы 13 оқушы, оның 6 қыз бала, 7 ұл бала. Барлық оқушылардың сабаққа деген ынталары жақсы. Сыныпта есте сақтау қабілеті өте төмен оқушылар, зейін қоймайтын да оқушылар бар. Ол оқушылар үнемі мұғалім назарында болуды қажет етеді.

Сабақ тақырыбы. Бір және екі таңбалы сандар.

Алға қойған мақсатым:



  • Бір және екі таңбалы сан, сан қатары туралы түсінік қалыптастыру, 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, сан құрамы туралы түсініктерін тиянақтау

  • Топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өз жері мен Отанына сүйіспеншілігін арттыру

  • Сабақ типі жаңа білімді игеру сабағы, формасы саяхат сабақ.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алдым:

Сөздік әдіс: тақырыпты түсіндіру, тапсырмаларды түсіндіру

Көрнекілік

Практикалық ( есептер шығару, топпен жұмыс)



Төмендегідей әр тұрлі формалар қолданылды: жаппай сұрау, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтағы материал баланың жасына сай. Пән аралық байланыс: сауат ашу сабағымен.

Аймақтық компонент Бәйтерек туралы сөз қозғалды.



Менің ойымша мақсатыма жеттім. Оқушылар бір және екі таңбалы сандар туралы түсінік қалыптасты, Оқушылар атқарылған жұмыстарын қортындылай білді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бір та?балы сан

Автор: Малгаждарова Еркетан Женисовна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295270

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»"
    ["seo_title"] => string(43) "koniedien_zhietkien_aspap_dombyra_dutar_saz"
    ["file_id"] => string(6) "360459"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479575121"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ріпті ж?не санды ?рнектер "
    ["seo_title"] => string(29) "ripti-zh-nie-sandy-orniektier"
    ["file_id"] => string(6) "195447"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427906190"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "та?ырыбы: ішкі тынышты?"
    ["seo_title"] => string(22) "takyrybyishkitynyshtyk"
    ["file_id"] => string(6) "327261"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463410034"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1410 руб.
2350 руб.
1360 руб.
2260 руб.
1120 руб.
1870 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства