Сабақ тақырыбы: | Бағаға қатысты есептер | Мектеп: ІТ мектеп-лицей |
Күні : 08.04.2019 | Мұғалімнің есімі: Ауенова Г.З |
СЫНЫП: 1 «В» |
Оқу мақсаты: | Кілт сөздерді табу арқылы бағаға қатысты есептерді шешу |
Барлық оқушылар: | Есепте кілт сөзді табады, астын сызады |
Оқушылардың басым бөлігі: | Кілт сөздерге қатысты амалдарды анықтап, есеп шартын жазады, шешуін табады |
Кейбір оқушылар: | Есептерді шығарады, кері есеп құрайды |
Ресурстар: | Есептер жазылған парақшалар; ламинатталған А3 пішімдегі қағаз; маркерлер |
Тірек сөздер | Кілт сөздер, барлығы, кем, артық, қанша кем, қанша артық |
Сабақтың мақсаты: | Қосу, азайту амалына берілген есептерді шешу |
Сабақ барысы |
Сабақ кезеңдері | Жұмыс түрлері | Қолданылған әдіс-тәсілдер |
Сабақ басы Психологиялық ахуал | Топтарға бөліну 1-ші топ Барлығы 2-ші топ Қанша артық, қанша кем 3-ші топ Кем 4-ші топ Артық | Тапқа бөліну (1мин) |
Сұрақ: Балалар, осылай топтарға бөлінудің себебі неде? Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Сабаққа қандай мақсат қоямыз? (тақтаға жазу) | Проблема туындату (2мин) |
Оқушылар кілт сөздерге сәйкес амалды көтереді. Мұғалім фотоға түсіреді. «барлығы» - «+» «қанша қалды» - «-» «артық» - «+» «кем» - «-» «қанша артық» - «-» «қанша кем» - «-» | «Сигналды карталар» әдісі (1мин) |
Сабақ ортасы | Есепті шығару алгоритмін қайталау. Балалар жауаптарды айтады, дұрыс немесе бұрысын қабырғада ілулі тұрған парақтардан тексереді. Есепті мұқият оқу Сандарды табу Санға қатысты сөзді бірге астарын сызу Сызылған сөздер мен сандарды дұрыс орналастырып, шартын жазу Сұрақтың кілт сөздерін пайдаланып, сұрақты жазу Шешуін жазу Жауабын жазу үшін есептің сұрағын қайта оқып, шыққан жауабыңмен сәйкестендіру Дұрыс болса жауабын жазу | «Алгоритмді анықта» әдісі (2 минут) |
«Кім бірінші?» ойыны. Шарты: Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды. Сұрақтың жауабы тұрған жаққа жүгіреді. | Сергіту сәті (1 минут) |
Таратылған есептерді шешу алгоритмі бойынша шығару 1-ші топ Айнашта 100 теңге, ал Айсұлуда 50 теңге бар. Айнаш пен Айсұлуда барлығы қанша ақша бар? 2-ші топ Айнашта 100 теңге, ал Айсұлуда 50 теңге бар. Айнаштың ақшасы қанша теңгеге артық? 3-ші топ Айнашта 100 теңге, ал Айсұлуда одан 50 теңге кем. Айсұлуда қанша теңге бар? 4-ші топ Айсұлуда 50 теңге, ал Айнашта одан 50 теңге артық . Айнаштың қанша теңгесі бар? | Топтық жұмыс (5 мин) |
Топта айтқандарын жұпта ақылдасып отырып, өз дәптерлеріне жазады. Топбасшы топ мүшелерінің дәптерлерін тексеріп шығады. | Жұптық жұмыс (3 мин) |
Сабақ соңы | Сабақ басында қойылған мақсатқа оралу. Оқушы ойын тыңдау | «Проблема. Шешу жолдары. Нәтиже» әдісі (1 мин) |
«Ашық микрофон» Әр топбасшы ортаға шығып, микрофонға есепті шығаруға қалай үйренгенін айтады | Кері байланыс (2 мин) |
Егер оқушы «Сабақты түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын» десе «Күлімдеген смайликке» барады. Егер оқушы «Маған сәл көмек қажет» десе, «Көзін қысып тұрған смайликке барады.» | Рефлексия Өзін-өзі бағалау (2 мин) |