Басы 1 минут 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру 1) Оқушылармен амандасу 2) Психологиялық ахуал Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйір болады, Досың солар табылатын қасыңнан! Үй жұмысын тексеру №1022 Жиынды элементтерімен жазыңдар: 1)нөлмен аяқталатын екі таңбалы сандардың А жиынын; 2)Бөлімі 6-ға тең дұрыс бөлшектердің В жиынын; 3)Алымы 7-ге тең бұрыс бөлшектердің С жиынын. Өткенді қайталау сұрақтарын қою: 1) Жиын дегеніміз не? 2) Жиын элементтері дегеніміз не? 3) Бос жиын дегеніміз не? 4) Шектеулі және шектеусіз жиындар дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. Жиынның жалпы атауы: А = {5; 10; 15; 20; 25; 30; 35} В = {Қазақстан, Англия, Германия, Ресей, АҚШ, Италия, Испания, Түркия} С = {Марс, Шолпан, Жер, Юпитер, Плутон} D = {2,5; 3,8; 9,78; 0,4; 6,78} Е = {У, З, Т, Ә, Е, Л, С, К, Д; І} | Мұғаліммен амандасады Оқушылар үй тапсырмасын оқиды, интерактивті тақтадан дұрыс жауабы ашылып дұрыстығы тексеріледі 1) А = {10; 20; 30; 40; 50; 60; 70; 80; 90} 2) В = 3) С= Оқушылар қойылған сұрақтарға қол көтеріп жауап береді | Мадақтау арқылы бағалау Мадақтау арқылы бағалау | Интерак – тивті тақта Интерак – тивті тақта |
Ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 4 минут 2 минут | Жаңа сабақ Сұрақтар қою: В жиынының элементтерін атаңдар. (2, 4, 6, 8) В жиынын қалай атауға болады? (бір таңбалы жұп сандар жиыны). А жиынының элементтерін атаңдар. (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) А жиынын қалай атауға болады? (бір таңбалы натурал сандар жиыны). - Екі жиын элементтерінің қандай ортақ қасиеттерін байқадыңдар? (В жиынына тиісті элементтер А жиынына тиісті) - Бұлар қандай жиындар? Оларды қалай бейнелеп көрсетуге болады? (білмейміз) Мәселелі жағдаят туындайды. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? ( бұлардың қандай жиындар екенін анықтау, олардың қатынасын қалай белгілеуге болатынын білу, оларды Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді білу) Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады. Есептер шығару Оқулықтан №1035, №1037 есеп тақтада орындалады Жұптық жұмыс Жиындарды және олардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн диаграммасына орналастыру Жеке жұмыс Сәйкестендіру тесті А – сегізден кіші натурал сандар жиыны | | «Мата» сөзіндегі әріптердің В жиыны | Оқушыларды оқытатын қызметкерлер тізімі | Математикалық терминдер жиыны | «Математика» сөзіндегі әріптердің А жиыны | 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, ... | Түзу бойындағы нүктелер жиыны | В – сегізден кіші тақ сандар жиыны | А = {Қосу, бөлшек, алымы, үшбұрыш, тақ} | Шектеусіз жиын | N | Мұғалімдер жиыны | Сабақты қорытындылау 1) В жиының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны бос жиын деп аталады 2) В А оқылуы: В жиыны А жиынының ішкі жиыны 3) Натурал сандар жиыны – шектеусіз жиын 4) Жай бөлшектер жиыны – натурал сандар жиынының ішкі жиыны 5) А = {15, 28} жиыны В = {15, 65, 49, 65, 78, 28, 96, 27} жиының ішкі жиыны 6) 9,2 N | Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді Оқушылар берілген есепті тақтада орындайды Оқушылар жұптасып, суреттерден жиын және олардың ішкі жиындарын құрастырып, Эйлер-Венн диаграммасына желімдейді. Оқушылар тапсырманы парақта орындайды, WordWall бағдарламасы бойынша тексеру жүргізіледі Оқушылар қойылған сұрақтарға «Ақиқат» немесе «Жалған» деп жазылған парақшаларды көтереді | «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау | Интерак – тивті тақта Оқулық, тақта, бор А3 формат сурет қиынды – лары, желім Тапсырма жазылған парақтар, интервак – тивті тақта |