Просмотр содержимого документа
«Алгебралық өрнектерді ықшамдау»
Сыныбы:6«а»-сынып. Математика
Сабақ тақырыбы: §22. Алгебралық өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
а) Теңбе – тең өрнектер ұғымын қалыптастыру;
б) Қосудың, көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді теңбе–тең түрлендіріп ықшамдауға үйрету;
в) Әріпті өрнектерді қысқартып ықшамдауға үйрету;
г) Рационал сандарды пайдаланып ауызша, жазбаша есептеу жүргізу
дағдыларын жетілдіру.
дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу.
Сабақты жоспарлау:
Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын тексеру;
Сабақ тақырыбы;
Сабақтың мақсатымен таныстыру;
Сабақтың барысы;
Қорытындылау;
Үйге тапсырма беру;
Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың көрнекілігі:
Комьютер, интерактивті тақта, әр оқушыға жеке бағалау парақшалары, фишкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын тексеру.
Жұптасып тексеру әдісі арқылы ұйымдастырылады. Топ оқушылары дәптерлерімен ауысады. Экранда көрсетілген дұрыс жауап бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды.
Үйге тапсырманы тексеру:
№688-есеп. Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
2) мұндағы ;
.
3) мұндағы ;
0,4.
Ауызша сұрақтар:
Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?
Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алгебралық өрнектердің мәндерін ең тиімді тәсілмен табу үшін, алдымен өрнектерді ықшамдау керек.
Өрнектерді ықшамдау оны теңбе-тең түрлендіру арқылы орындалады.
Екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде олардың (өрнектердің) сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе-тең өрнектер деп аталады.
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді теңбе-тең өрнекке түрлендіріп ықшамдауды қарастырайық.
Ι. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі қосылғыштардың орындарын ауыстырып топтауға болады.
а+в с
│ а │ в │ с │
а в+с
Мысалы,
теңбе-тең өрнектер
Қысқаша: 8а + 4 - 6а + 3 = 2а + 7
Алғашқы түрі ықшамдалған түрі
ΙΙ. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі көбейткіштердің орындарын ауыстырып топтауға болады.
Мысалы,
теңбе-тең өрнектер
ΙΙΙ. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып, алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру.
Мысалы,
теңбе-тең өрнектер
ΙV. Қосындыны берілген санға бөлуді пайдаланып, әріпті өрнекті түрлендіру.
Мысалы,
теңбе-тең өрнектер
V. Алгебралық өрнек қысқартылмаған бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті қысқарту арқылы ықшамдалады.
Мысалы, .
Алгебралық өрнектің мәнін табу үшін:
Өрнекті ықшаудау керек;
Өрнектегі әріптің сан мәнін орнына қойып, санды өрнек алу керек;