Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.
«7 САНЫМЕН ТАНЫСТЫРУ »
/АШЫҚ САБАҚ /
Кесикбаева Мираш Р
2016-2017 жыл.
« Бекітемін»
Мектеп директоры : А.М.Қырықбай
Сабақтың тақырыбы: «7 санымен таныстыру»
Сабақтың мақсаты : балаларға сандар туралы түсініктерін нығайту, өткен 6 санын еске
түсіру, «жеті лақ және қасқыр» ертегісінің желісі бойынша 7 саны
туралы жалпы түсінік бере отырып,достыққа,адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ /тіл дамыту, ән, қоршаған /о , шет тілі /
Көрнекіліктер: сандар, таңбалар, текшелер , ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін суреттер ,
смаиликтер,жұлдызшалар ,сұрақтар.
Ой толғаныс: « жеті лақ және қасқыр» ертегісін әңгімелеу.
Ұйымдастыру кезеңі :
а/ қонақтармен сәлемдесу / орысша, ағылшынша/
ә/ өткен сабақты еске түсіру /6 саны туралы түсініктерін нығайту./
б/ 7 саны туралы жалпы түсінік беру.
Сабақтың барысы:
-Балалар,біз неше жастамыз? – 6 жастамыз, олай болса, 6 блиц-сұраққа жауап берейік...
1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2.Тәуелсіз мемлекетімізді кім басқарады?
3.Қазақтың хандары мен билері кімдер?
4.Қазақтың батырларын ата.
5.Қазақстанның Қаһарман аталарымыз бен апаларымыз кімдер?
6.Тәуелсіз Қазақстанның Рәміздері және Гимннің авторлары кімдер ?
-- 2 --
-Балалар,6 сұраққа жауап бердік,6 саны жұп санба, тақ сан ба?/жұп/. Қандай текшемен
белгілейміз?/ қызыл / неше бірліктен тұрады? /алты/ орысша шесть,ағылшынша /сикс/
-Балалар,бүгін математика сабағында 7 санымен танысып, көп нәрсені білетін боламыз.
-Биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? /25 жыл/ / тақтаға ілу /. 25 сандары
қандай сандардан тұрады? / 2 және 5 санынан/, егерде осы 2 санына 5 санын + неше сан
шығады? / 7 санын тақтаға ілу /
-7 саны тақ сан көк текшемен белгілейміз, 7 бірліктен тұрады. орысша- семь, ағылшынша
севен. Ауада жазып көрейік.
-Балалар, осы сандар туралы қандай ертегілер ,әңгімелер білеміз? «үш аю», «жеті лақ пен
қасқыр» ертегісі, «екі дос» әңгімесі. Т.б. қазір бір ертегі көрейік, қандай ертегі екенін
есімізге түсірейік./ мульттоптама/
- ертегі ұнады ма? Соңы немен аяқталушы еді? Қасқыр лақтарды қапқа салып, алып кеткен
еді. -қасқыр жағымды ма, жағымсыз кейіпкер ма? /жағымсыз/
-олай болса,қасқырды жағымды кейіпкер етіп көрсетейік./сурет бойынша әңгімелеу./
-/ үйшіктің , ешкінің, аюдың, жеті лақтардың суреті ілінеді/.
-Ешкі .. лақтарым,шұнақтарым, мен келгенше тақпақтарыңды , мақал , ән айтып,жұмбақ
шешіп, дайындалып отырыңдар- деп , кетіп қалады.
-Лақтар.. енді не істейміз , қайтсек болады , балалардан көмек сұрайық дейді..
-Кәне ,балалар, көмектесеміз ба?
1—лақтың сұрағы ..
1 - Санай аласыңдар ма? / орысша, ағылшынша 10 ға дейін санау/
2 - жеті атаны білесіңдер ма ?
3 - жеті күнді ше.
4 - жыл мез гілдерін ата.
5 - санға байланысты , қандай мақал білесіңдер?/ жеті рет өлшеп,бір рет кес /
6 - «бес балаға бір пешпет,бірге киіп, бір шешпек» ол не ?/ қолғап /
7 - дүниенің төрт бұрышы../ шығыс,батыс, оңтүстік, солтүстік /
Қонақтарға сұрақ.. Не тәтті... /ананың ақ сүті,жан тәтті,адал тапқан мал тәтті/
-Лақтар.. – рахмет, сендерге балалар , біз көп нәрсені білдік,енеміз риза болатын болды.
--3--
--Терезеден сығалап тұрған қасқыр, лақтарға риза болып, мына шұнақтар ақылды екен ,менде
біраз нәрсені үйренген сияқтымын,қой кетейін дейді. Аюды ертіп келген ешкі қасқырға
қасеке, үйге кіріңіз, менің шұнақтарым ақылды әрі тату –тәтті, бізде дос болайық –деп, лақтар
болса, бізден үйренгендерін айтып беріп, қасқыр риза болып, лақтарға тиіспейтін болып, бәрі
дос болыпты. -Балалар ,бізде доспыз ,біздің кішкене болса да септігіміз тиді деп ойлаймын.
-Дәптермен жұмыс.. –кәне ,балалар 7 санын ауада жазып көрсетейін, дәптерге емес тақтаға
жазып көрсетемін,сендерде жасыңдар./ 2-3 бала тақтаға жаздыру./
Дидактикалық ойын . « қол соғу» / мұғалім неше рет қол соқса ,сонша санды көрсету./
---НЕНІ ҮЙРЕНДІК? / сандардың бірліктен тұратынын,7 саны туралы , 7 санының таңбасын жазып
үйрендік, 7 саны неше бірліктен тұрады екен ? /7 бірліктен ./ 6 саны үлкен ба, 7 саны ма, қандай
таңба қойылады? 6 .. 7
---НЕНІ БІЛДІК? / достықты сақтай білуді./ Достық туралы қандай мақал білеміз?
/Аққуды атуға , достықты сатуға болмайды. / өте тамаша.
-келесі тіл дамыту сабағында ертегіні сахналаймыз, бейнелеу сабағында ертегі кейіпкерлердің
суретін саламыз.
-Балалар, біз қандай топқа бөлінеміз? «Күн және Ай тобы» / тақтадан көрсету/ ,бүгін бізге
үшінші қонақтар «жұлдыздар»тобы қосылып, ат салысып отырды , қонақтарға қандай смаилик
пен жұлдызша береміз балалар, айта қойыңдаршы ? / көңілді ,әдемі / үш топта бірігіп, өз
өнерлерін көрсетті, сондықтан үш топқа да көңілді смаилик пен жұлдызша беремін.
2-- сабақ
- сергіту жаттығу жасап,көңіл көтерейік. Достық туралы ән , тақпақтар айтайық.
-1,2,3,4, жиналамыз бәріміз
-1,2,3,4, жүгіреміз бзріміз
-1,2,3,4,секіреміз бәріміз
-1,2,3,4, ән айтамыз бәріміз.
Ән.. « Достығымыз жарасқан.»