Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,жаттықтыру,әңгімелесу,ой-қозғау,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу әдістері.
Әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Мен балалар сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.Бір-бірімізге қарап сіздердің көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын.
Тәрбиеші:
-Балалар сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!
Баланың іс-әрекеті: Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің басталғандығын біледі.
Балалар күнмен,аспан атамен, ағашпан сәлемдеседі.
Іздену ұйымдастырушы: Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.
Тәрбиеші: Балалар, мына суретте жылдың төрт мезгілі бейнеленген.Атап көрейікші.Демек,балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізде төрт санымен танысамыз.
Қыс,көктем,жаз,күз.
Тәрбиеші:
-Балалар,сендер тәуліктің төрт мезгілін білесіңдер ме?
Иә,білеміз олар:таңертең,күндіз,кеш,түн.
Дидактикалық ойын: «Топтап жина».
Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету.
Сергіту сәті:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамба да.
Дидактикалық ойын: «Көршісін тап».
Мақсаты: Төртке дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдысын қалыптастыру.Ойынның ережесін түсініп ойнайды.
Шарты: Балаларға бі сан айтылады сол санның көршісін табулары керек.
Мысалы: 3 айтылғанда үштің көршісі 2 және 4 деп айту керек.
Тәрбиеші:
-Балалар 2 санының көршісін кім атап береді?
Алмас: 2 санының көршісі 1 саны мен 3 саны.
Альбина: 3 санының көршісі 2 саны мен 4 саны. Жарайсың Альбина!
3 санының көршісін ата.
Осылайша ойын бірнеше рет қайталанып ойнатылады.
-Балалар,енді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылай келе Назерке бізге «Төрт қадам» атты тақпағын айтып береді.